Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
2823 4 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 11:51

Қытай Ресейді айналып өтетін жол ашты

Қытай Германияға темір жол бағытын ашты. Бұл бағытпен немістің Мангейм қаласына дейін баруға болады деп жазады Сhina.org үкімет порталы.

Жаңа темір жол бағыты Қазақстан, Әзербайжан, Румыния, Венгрия, Словакия және Чехия арқылы жүреді. Каспий және Қара теңізді теңіз тасымалдаушы арқылы кесіп өтеді. 13 сәуірде бұл бағытпен Сиань қаласынан спорт тауарлары жүктелген бірінші пойыз жүрді.

Наурыз айының басында "Ведомости" газеті бірнеше дереккөзге сілтеме жасап, Қытай Ресей арқылы Еуропалық одаққа жүк тасымалдауды доғарды деп хабарлаған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, батыс елдері орыс еліне санкция салған. Шетел компаниялары Ресейден жаппай кетіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін 750-ден астам шетел компаниясы Ресей нарығында жұмысын тоқтатқан. Олардың арасында Қытайдың мемлекеттік "Синопек" компаниясы да бар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1175
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1333
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1307