Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 3190 5 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 14:01

Даниал Ахметов - жалғыз зейнеткер әкім...

Өткенде президент Тоқаев ұзақ жылдар бойы Үкіметте қызмет еткен, бес облысқа басшы болған, жасы жетпіске таяған Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты зейнетке жібергенін білесіздер.

Осыдан соң біз қазіргі облыстар мен миллионнан асатын халқы бар ірі қалаларға кімдер басшылық жасап отырғанын бір шолып шықтық. Олардың соңғы 10 жылда қандай қызметтер атқарды? Қараңыз:

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы - Ақмола облысының әкiмi.

Маржықпаев Ермек Боранбайұлы 1969 жылы бұрынғы Целиноград қаласында туған. толық жасы - 52-де.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қ. № 29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.

Атқарған қызметтері:

2012-2013 жылдары — Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi.

2013-2014 жылдары — Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары.

2014-2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң Мемлекеттiк инспекторы.

2015-2019 жылдары — Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi.

2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.

Оразалин Оңдасын Сейілұлы - Ақтөбе облысының әкімі.

Ол 1963 жылы 6 қарашада Қазақ КСР-нің Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Толық жасы - 58-де.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы болып бастады (1985-1988).

2019 жылдың 26 ​​ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Алматы облысының әкімі.

Ол 1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы – экономист. Толық жасы - 53-те.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» ЖШС экономисі болып бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, аталған жабық акционерлік қоғамның экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті, Қазақстан Республикасы  Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ басқармасының төрағасы, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.

2021 жылдың 24 қарашасынан – Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Алматы қаласының әкімі.

Ол 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы – Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Толық жасы - 51-де.

Мансап жолы:

2012 жылғы 25 қыркүйектен  бастап – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылғы 16 қаңтардан  бастап – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы.

2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Президент Жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Шәпкенов Серік Жамбылұлы - Атырау облысының әкімі.

Серік Жамбылұлы Шәпкенов  1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик. Толық жасы - 42-де.

Мансап жолы:

2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары

2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

2021— 2022 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген. Толық жасы - 52-де.

Мансап жолы:

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2019 жылдың 13 маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы - Жамбыл облысы әкімі.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. Толық жасы - 55-те.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды. 2022 жылы 7 сәуірде Жамбыл облысы әкімі болып тағайындалды.

Қасымбек Жеңіс Махмудұлы - Қарағанды облысының әкімі.

Жеңіс Махмудұлы Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды. ҚР ККМ Су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болды.

2005 жылғы қарашада оны Көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған.

Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 25 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары болды. 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.

Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы - Қостанай облысының әкімі.

1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, қаржы бакалавры.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылғы 22 шілдесінен бастап Ақтөбе облысының әкімі.

Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы - Қызылорда облысының әкімі.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.

2022 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы - Маңғыстау облысының әкімі.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 1993 жылы И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрьск қаласының Қандыағаш станциясында электромонтер болып бастаған.

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі. 2019 жылғы 18 желтоқсан — 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі.

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы - Түркістан облысының әкімі.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан облысында туған. 1986 ж. – Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген, экономист-математик. 1988-1991 жж. – МЭСИ аспиранты. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

2011 жылдың 26 желтоқсанынан – Самұрық-Қазына ҰӘҚ басқарма төрағасы;

2017 жылдың 12 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі;

2019 жылдың 26 ақпанынан – Түркістан облысының әкімі болып қызмет етіп жатыр.

Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы - Павлодар облысының әкімі.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы 9 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын «Қаржы» мамандығы бойынша, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша және М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2010 жылдың қазан айынан 2012 жылдың мамыр айына дейін Қостанай облысы бойынша салық департаментін басқарды, 2012-2014 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дамыту және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылғы қарашадан 2016 жылғы желтоқсанға дейін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне басшылық етті, 2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы сәуірге дейін қорғаныс министрінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылы 21 қаңтарда Павлодар облысының әкімі болып сайланды.

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi.

Құмар Iргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мансап жолы:

2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы;

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары;

2017 жылғы 14 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып істейді.

Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Шығыс Қазақстан облысы әкімі.

Ол 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.

Мансап жолы:

2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Көлгінов Алтай Сейдірұлы - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Ол 1978 жылы дүниеге келген. Алтай Көлгінов А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Мансап жолы:

2010-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2013-2016 жылдары - Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылғы 13 маусымнан бастап - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып қызмет істейді.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы - Шымкент қаласының әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Ол С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап - Шымкент қаласының әкімі болып сайланды.

Дайындаған Айжан Темірхан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377