Сенбі, 10 Мамыр 2025
Саңлақ 4947 1 пікір 26 Сәуір, 2022 сағат 15:13

«Бүкіл әлемге нағыз Qazaq Style не екенін көрсетемін»

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнумға қарсы кездесу туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Деметриус Андраде мен Хайме Мунгуя менімен жекпе-жек өткізуден қашқақтады, сондықтан Дэнни Дигнумға жекпе-жекке келіскені үшін алғыс айтамын. 21 мамырда бүкіл әлемге нағыз Qazaq Style не екенін көрсетіп, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион ретінде рингтен кетемін. Дивизионның үздік боксшылары менен қашып жүр, олар өмір бойы қаша алмайды. Resorts World Las Vegas-те қызық шоу көрсетуді асыға күтеміз», - деді 29 жастағы боксшы.

Әлімханұлы – Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда (Қазақстан уақытымен 22 мамырда) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2050
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3253