Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3630 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 06:13

Алматыда тіркелген қылмыстардың бар болғаны 47% ашылады – әкім

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Алғашқы жарты жылдықта тіркелген қылмыстардың бар болғаны 47%-ын қалалық полицейлер аша алған, - деді Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалалық полицияның алғашқы жарты жылдық жұмысын қортындылаған кеңесте. Кеңеске ҚР ІІМ министрі Серік Баймағамбетов пен қалалық ІІД құрылымдық бөлімше жектекшілері де қатысты.

Қала әкімі: «бізде қылмысты ашу көрсеткіші ең төмен, жасалған қылмыстың бар болғаны 47% ашылады, яғни екі қылмыстың біреуі ғана ашылады. Әрине, ауыр, қала ерекшелігі де бар, бірақ бұған жайбарақат қарауға тіпті болмайды. Былтыр 46% болса, биыл 47%. Былтырғыға қарағанда қылмысты ашу 1% артқан, ал егер статистиканың қателігін ескерсек, және кейбір қылмыстардың жасырылатынын т.б. ескерсек, мен, бұл мәселеде, қылмыстың ашылу мәселесінде, айтарлықтай алға жылжушылыққа қол жеткізген жоқпыз деп айтқан болар едім. 1-ші шілдеге 2 мың 828 қылмыс ашылмай қалды», - деп атап көрсетті А. Есімов.

Тақырыпты жалғастырып, әкім жиналған полиция бастықтарының назарын, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қызірдің өзінде ІІД есебінен жасырылған 593 қылмыс анықталып, есепке қойылғанын, ол 2008 жылғымен салыстырғанда 273 оқиғаға артық екеніне аударды. «Бұл статистика біздің қала тұрғындары үшін тіпті де керек емес. Сіздерді министр не әкім ұрыссын, не мақтасын, бұл жерде қылмысты жасырғандармен, қылмсытық көрсеткіштер жайлы есепті бұрмалағандармен күрес жұмысы қатаң болуы тиіс. Біздер қалалықтар туралы ойлауымыз керек. Бұл ең негізгісі, жақсы атану үшін цифрларды өзгертуде емес», - деп атап көрсетті әкім. 

Одан өзге, А. Есімов, құқық қорғау органының жекелеген қызметкерлерімен заң бұзушылықтарды, оның ішінде қылмыс жасаушылық тіпті де төзуге болмайтын жай деп есептейді. «Бұл мәселе - біздер әр кез айтып жүретін мәселе болуы тиіс. Форма киген адам, егер оның өзі қылмыскер болса, онда оған қандай сенім бар? Сіздер қалайша президент тапсырған халық сенімін қайтадан қалпына келтіру мен Серік Нұртаевич (ІІМ министрі – ҚазТАГ) айтқандарды орындамақсыздар?», - деп әкім налына келіп, бірінші жарты жылдықта 605 полицейлер тәртіптік жауапкершілікке шақырылғанына назар аударды. Олардың арасында 86%-ы офицерлер. «Сержанттар не қатардағы жауынгер емес. Теріс себептермен 25 қызметкер жұмыстан қуылды. Осы 25 қызметкердің 19-ы бастық құрамындағылар. Жаңа ішкі бақылауды күшейту туралы мәселе дұрыс көтерілді. Егер бастық құрамынан болса, демек бұл жемқорлық деген сөз», - деп айта отырып, әкім, полицейлер тағы 12 қылмысқа қатысы бар, ал олардың арасында - пара алушылық, алаяқтық, есіркінің заңсыз айналымы, қызмет бабы мен билігін асыра пайдалану, құжатты қолдан жасау мен айыпсызды қылмыстық жауапкершілікке тарту сияқты қылмыстар екенін қосып айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292