Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3853 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 13:10

Кеңестік жалғаудан қашан бас тартамыз?

Қазақстанда жыл сайын өзінің аты-жөніндегі -ов, -ев, -ин қосымшаларынан арылып, құжаттарын қайта рәсімдеп жатқандар саны арта түсуде. Бұл қазақ қоғамындағы қазақилану үрдісінен қалыс қалмаудың қамы ма, әлде оның саяси себептері бар ма?
Жақында саясаттанушы Айдос Сарым да өзінің құжаттарын ов жалғауынан тазартты. Ол көптен бері басылым беттерінде Айдос Сарым болып аталып жүрсе де, құжаттарындағы «ов» деген жалғау маза бермепті. Сондықтан ол өткен айда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, арыз жазып, барлық құжаттарын жаңартты. Мұның бір ғана себебі бар: ол - намыс, ұят деп түсіндіреді саясаттанушы. «Ендігі уақытта менің де замандастырымды «осы жауыр болған имперлік жалғаулардан бас тартыңдар, Ресей «апатайға» қош деңдер, қазақшылыққа ұмтылыңдар» деп айтуға толық қақым бар сияқты», - дейді Айдос Сарым. 
Биылғы жылдан бастап -ов жалғауынан арылғандар қатарында сенатор Мұрат Бақтиярұлы да бар. Ол адамның аты-жөні оның тегіне ғана емес, ұлттық ерекшелігіне де меңзейтінін еске салған. «Кезінде ортақ совет ұлтын жасағылары келгенімен, бұл жүзеге аспағаны мәлім. Халықтың өзгешелігі адамның аты-жөні, тілі, дәстүрі, діні және тағы басқа құндылықтары арқылы көрінеді. Біздің ұлтымыз қазақ болғандықтан, соған тән ерекшеліктерді сақтаған дұрыс», - деп есептейді депутат. 

Айдос Сарымның ойынша, «ов»-»ев»-терден құтылуға азаматтардың тек еріншектігі, салғырттығы мен жалқаулығы кедергі болып тұр. «Ал бұл шаруаға - қағаз толтыру, кеңес алу, суретке түсуге (барлығы бір жерде) небары 30-40 минуттай уақытым кетті. Бір аптадан кейін барып жаңа үлгідегі құжаттарымды қолыма алдым. Есесіне, жаңа құжаттардың мүмкіндіктері де көп екеніне көз жеткіздім. Бұл «электронды сандық қол» сияқты заманауи мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады екен», - дейді сарапшы.

Азат сана адамның атын дұрыс жазудан басталады...
Сенатор Ғарифолла Есім -ов жалғауын құжаттарынан кеңес дәуірі кезінде жойыпты. «Сол уақытта бұл туралы арнайы заң жоқтығына қарамастан, маған құжаттарымды өзгертіп берді», - дейді сенатор. Оның айтуынша, адамның аты-жөнінде көп мән бар. «Азат сана деген адамның өзінің атын, тегін дұрыс жазудан басталады. Аты-жөні түзелмесе, ол адамның бір аяғы - тәуелсіздікте, екіншісі - кеңестік, коммунистік дәуірде қалғанмен бірдей».
Қазір оның айтуынша, -ов, -евтен арылуға мүмкіндік беретін заң бар. Яғни фамилияны екі жағдайда жазуға болады: біріншісі - адамның есімі және ешқандай жалғаусыз әкесінің аты көрсетіледі. Екіншісі - адамның есімі, сонан кейін кімнің ұлы, қызы екендігі жазылады. «Бауыржан Момышұлы кеңестік заманда асқан батырлық жасап, өзін Момышұлы деп жаздырды. Бұл қазаққа, аты-жөнінің аталуына, қазақтың ат қоюына байланысты бір жақсы үлгі еді. Бірақ тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл өтсе де, әлі соған жете алмай келеміз. Көптеген азаматтарға кеңестік дәстүрдегі қалып ұнайтын тәрізді», - дейді сенатор. Дегенмен оның айтуынша, Сенатта жақсы үрдіс қалыптасқан. Мәселен, Қайрат Мәми, Ғарифолла Есім, Мұрат Бақтиярұлы, Серік Ақылбай сияқты сенаторлар кеңестік жалғаудан баяғыда құтылған. Енді азаматтардың аты-жөндерін жазудың жаңаша дәстүрі нығая түсетін шығар деп ойлайды сенатор.

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор: 
- Қазір жастардың көп­ші­лігі өздерінің аты-жөндерін түзеді. Жастар дегеніміз - болашақ. Ал кейін жастардың аты-жөндері басқаша, бұрынғы ұрпақтың аттары өзгеше жазылса, түсінбестік орын алмай ма? Жастар: «Біздің әкелеріміз, аталарымыз кеңес дәуірінен кетпей, сонда қалған екен» демей ме? Сол сөзді естімеуіміз керек. Бұл мәселенің бір адамға қатысы жоқ. Ол - Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы ел үшін өте маңызды құжаттарға қол қойғандықтан, ертең соған әртүрлі түсініктер болмауы тиіс. 
Тәуелсіздіктің бір тұғыры - адамның аты мен тегін дұрыстау болып саналса, фамилияларға қарап ойлана беруге болады. Егер тәуелсіздікті терең теңіз десек, аты-жөнінің қалай жазылатындығы соған сүңгуіміздің деңгейін көрсетеді. Адамның өмірге келуі - құт. Ал дүниеге келгеннен кейінгі екінші қасиетті ісі - балаға ат қою. Енді осы атты биік алып жүру керек. Мысалы, маған Ғарифолла деген ат қойса, оны солай бұзбай, атау керек. Оның тағы бір орысша нұсқасы болмай, бір ғана сөзбен аталуы тиіс. Сосын Ғ.Есім деп қысқартып жазу - маған жасалған қиянат. Аты-жөнім солай жазылса, оған қатты наразы сезімде боламын. Неге менің атымды толық жазбайды? Бұл қайдан шыққан? Менің өзім Ғ.Есім деп берген құжаттарға қол қоймай, оларды қайтарып беремін.
Себебі адамның аты-жөнін қысқарту, инициал деген кеңес дәуірінде шыққан. Бұл уақытта адамды тұлға ретінде құрметтеу, оны қажет ету болмады. Қазір кейде көшелерде, мысалы, Ж.Ташенов деп қоя салады. Ал қай жерде болмасын, адамның аты жазылуы керек. Кеңес дәуiрінің өзінде Карл Марксті ешқашан К.Маркс деген жоқ. Өйткені бұл сол кездегі марксизмге деген құрметті аңғартады. Қайсысы аты, қайсысы фамилия дегенге талас болмауы керек. «Неке және отбасы» деген заң қабылдағанда мынандай ұсыныс берген едім: ең алдымен адамның аты, содан кейін оның тегі жазылады. Бірақ бұл ұсыныс өтпей қалды. Сонда айтып едім, Давид Рикардо, Хосни Мубарак, Барак Обама, Ангела Меркель дейміз, олардың ешқайсысын қысқартпай айтамыз. Дүниеде қалыптасқан ұғым - солай. Тұлғаны қадір тұтқан жерде адамның аты бірінші тұрады.
Қазақ адамның атын бұрыннан құрметтеген. Мысалы, орыс тілінде мырза деген сөзді фамилияға қатысты айтса, шығыста, әсіресе, қазақта оны адамның атынан кейін жазады. Ал «адамның атын құрметтеу - адамның тұлғалық қасиетін қадірлеу. Адамның атын дұрыс айту, оған ілтипат білдіру, сол атқа лайық болу - атты шығаратын адамның бойындағы қазынаны шығару.

Тақырыпқа орай:
-ов, -ев тексіздіктің белгісі ме?
Орыс халқында фамилия дәстүрі кірген кезде: «Чьи вы, хлопы (chlopi - ортағасырлық Польшадағы басыбайлы шаруалар - ред.)?» деп сұрағандарға: «Біз бәленшенікіміз, яғни, ілік септігінде -ов,-ев қолданылып, фамилияны айтқан», - дейді сенатор Ғарифолла Есім. 
Википедия электронды энциклопедиясының деректеріне қарағанда, XVI ғасырдан бастап -ович деп әкесінің атымен атау тек көне орыс кінәздері мен ақсүйектер құзырындағы айрықша мәртебе саналған. Ал қарадан шыққандарға қысқаша -ов, -ев, -ин қосымшалары қолданылған. Мысалы, Василий Иванов (Василий Ивандікі) деп аталады. Жалпы, «фамилия» деген сөздің өзі Рим империясындағы қожайындар отбасы мен олардың құлдарынан тұратын қауымдастықты аңғартқан. Бұл сөз Еуропа мен Ресейде де ұзақ уақыт осы мағынада қолданылған.Тіпті XIX ғасырда басыбайлы шаруалар өзінің қожайынының фамилиясын алған.

Нұржан ЖЕҢІС

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349