Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
Суреттер сөйлейді 2733 7 пікір 11 Мамыр, 2022 сағат 14:50

Қоршаудағы «Азов» арландары қалай күн кешуде?

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Мариуполь қаласын басып алғанын бір емес, екі мәрте ресми түрде мәлімдеді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі Мариуполь қаласындағы әлемге әйгілі «Азовсталь» зауыты әлі күнге дейін Украина сарбаздары мен «Азов» полкінің бақылауында.

«Азовсталь» зауытының аумағы үлкен, ұзындығы түрлі ғимараттарды қосқанда 11 шақырымға созылып жатыр. Оңтүстік бөлігі Қара Теңізге шығуға мүмкіндік береді, ал зауыттың өзі қуатты ядролық соққыны ұстауға қабілетті.

«Азовсталь» зауытын Ресей әскері бағындыруға барын салуда, алайда адами және техникалық шығын орасан. Тіпті, Путин зауытты тікелей шабуылдауға тыйым салып, оны толық қоршап, бұғаттап тастауға бұйрық берген болатын.

Зауытта нақты қанша әскери мен бейбіт тұрғынның бары белгісіз, кей деректер бойынша 2 мыңнан асады. БҰҰ Киев пен Мәскеу арасында арнайы келісім жасап, зауыттан жүздеген адамды эвакуациялауға қол жеткізді. Алайда әлі де жүздеген бейбіт тұрғын зауытта қалып отыр. Оларды эвакуациялауға Ресей әскері кедергі жасауда. Ал жарақат алып, жер сілкіндірер бомбаның астында соғысып жатқан зауытты қорғаушылардың кейпі суреттегідей. Жаралы, бірақ берілмейді, рухтары сынбайды.

Суреттер сөйлейді...

Abai.kz

7 пікір