Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2493 0 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 20:27

Атырау облысында өткен AMANAT партиясының кездесуінде референдумның маңызы талқыланды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Атырау облысында мұнай өндіру кәсіпорнының ұжымымен, балық шаруашылығы саласының кәсіпкерлерімен, жастармен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді.

Асхат Оралов Исатай ауданындағы мұнай өндіруші кәсіпорындардың бірінің ұжымымен кездесіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы референдумның маңызын талқылады. Ол алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін, сондықтан әркім референдумға қатысып, елдің одан әрі дамуына өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.

«Конституция 1995 жылы қабылданды, содан бері өзгерістер Парламент арқылы енгізілді. Президент халыққа Жолдауында ауқымды саяси реформалар бағытын жариялады және оларды қабылдаудың айрықша құзыретін халыққа ұсынды. Сондықтан 5 маусымда бәріміз дауыс беруге қатысып, азаматтық борышымызды орындауымыз керек», деді Асхат Оралов.

Кездесу барысында аудан мұнайшылары референдум өткізу қажеттілігін қолдап, бірқатар түйіткілді мәселелерді де алға тартты. Атап айтқанда, Атырау-Астрахань автожолын жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы, Жайық өзені жағдайының нашарлауы сияқты мәселелер көтерілді.

Өз кезегінде, аудан жастарының бірі Арыстанбек Ғазизов референдум әрбір азаматтың пікірін ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Біздің мұнайлы өлкенің жастары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын толық қолдайды және мен барлық жастар 5 маусымда сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын көрсететініне сенімдімін», деді Арыстанбек Ғазизов.

Бұдан соң партияның Атқарушы хатшысы балық шаруашылығы секторының кәсіпкерлерімен кездесіп, саланы дамытудың болашағы мен референдумға қойылған Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің маңыздылығын талқылады. Бүгінгі таңда Жайық-Каспий бассейнінде кәсіптік балық аулаумен айналысатын 18 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы, бұл салада 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.

«Заңдарға референдум арқылы өзгеріс енгізу биліктің ашықтығын, маңызды шешімдер қабылдаған кезде әрбір азаматтың пікірін ескеруге ниетті екенін көрсетеді. Әрбір қазақстандық өз тарапынан өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, дауыс беруге қатысуға тиіс», деп атап өтті кездесу барысында балық өнімдерін өндіру зауытының басшысы Айгүл Әмірғалиева.

Атырау қаласында Асхат Оралов «Береке» шағын ауданындағы 290 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Мектепке дейінгі мекеме өткен жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді, бірақ қаржыландырудың аздығынан құрылыс ұзаққа созылды. Бұл мәселе партиялық бақылауға алынды және балабақша жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Асхат Оралов аймақтағы «AMANAT» белсенділерімен және партия жастар қанатының мүшелерімен кездесті. Облыста 106 бастауыш партия ұйымына біріккен 24 мың партия мүшесі бар.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504