Жексенбі, 14 Тамыз 2022
Дей салдым-ау 1956 10 пікір 19 Мамыр, 2022 сағат 14:07

Соғыстың созылуы - Путиннің стратегиялық жеңілісі!

Ресейлік сатирик жазушы, публицист Виктор Шендерович украиналық журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында: «Ресейдің күні бітті, Путин біздің болашағымыздың түбіне жетті», - дейді.

Гордонның «Соғыс қашан бітеді?» деген сұрағына, жазушы былай деп жауап берді:

«Соғыстың тез аяқталғаннын сіздерден гөрі Путин мен біз (ресейліктер) қалаймыз. Соғыстың бұлай ұзаққа созылуы Путиннің стратегиялық жеңілісінің көрінісі. Мәселе тек Ресей империясының тез ыдырауы Украинаның құнымен келетінінде. Империя Балтық елдерінсіз, тіпті Кавказсыз, Орталық Азиясыз өмір сүрсе де, орыс қалаларының анасы - Киевсіз өмір сүре алмайды. Путин үшін Украинаның тәуелсіз болуы Ресей империясының өлгенімен тең. Сондықтан Путинге «Украина соғысы», «майдан» қатты тиіп отыр».

Шендеровичтің айтуынша, бүкіл әлемді өзіне қарсы қойған ел ешқашан жеңіске жеткен емес. Сондықтан, Ресей бұл соғыста стратегиялық тұрғыда жеңілді. Әлемнің қазіргі Ресейге қарсылығы тіпті, фашистік Германияға қарсылықтан да артып кетті.

«Путиннің амалы құрығанын Байден көріп отыр. Путин өзі бастаған соғыстан шығар жолды білмей қалды. Қазір болып жатқан әскери соғыс қана емес, бұл - келіссөз соғысы. Путин жөн-жосықсыз Украина қалаларын қиратып жатыр. Оған, мысалы, Одесса керек емес. Путин қаланы ала алмайтынын біледі. Оның қырып-жойып, бұзып жатқанының себебі, Байденмен келісімге келудің жолы ғана. Бұл жерде Украинаның қатысы да болмауы мүмкін, Путин осылайша Байденмен келісімге келуге тырысып жатыр. Путин:  «Қараңдар, біз залымбыз, біз қалаларды қанға бөктіре аламыз, біз ядролық қаруды жарып жібере аламыз. Сондықтан бізбен сөйлесіңдер. Біздің қолымыздан не келетінін көрдіңдер ғой!», - дейді. Ал, Байден, Путиннің ойынша «Болды, тоқтатыңдар, келіңдер келісейік», деуі керек. Келіссөз жүргізе қалған жағдайда Ресей жеңді деген сөз. Сосын 15 жыл бойы келісіп келгендей, мынау саған, мынау маған деген келісімдер жүре бастайды. Путин Украинаны бомбалаған сайын, Байден керісінше ленд-лизге қол қойып отыр. Біз осындай диалогтың куәсі болып отырмыз, ал, Украина осы диалогтың тұтқыны», - деді жазушы.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2270
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2051
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1734
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2788