Лондондағы Әблязов сотында негізгі шешімдерді Блэрдің үлкен ағасы қабылдап отырды
«Судья Вильям Блэр - Тони Блэрдің үлкен ағасы. Сондықтан Тони Блэрдің үлкен ағасы менің активтерім мен құжаттарымды қамауға алу турал қаулы қабылдады. Банк мені бірнеше ондаған миллион активтерімді жасырдың деп айыптады. 2011 жылы осы айыптаулар бойынша сот тыңдаулары өтіп, 2012 жылы ақпанда судья Тир мені сотқа құрмет танытпады, себебі өзінің активтерін толығымен ашпады деп айыптап, 22 айға түрмеге қамауға алу туралы үкім шығарды», - деп БТА Банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы Мұхтар Әблязов газетке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, активтерді қамауға алған соң сотта туындаған негізгі дау негізінен БТА-ның оған берген шағымы емес, осы активтерді қамауға алу туралы бұйрыққа қатысты болды.
«Даудың мәнісі - қамауға алу турады бұйырықты мен орындадым ба жоқ па, өзімнің активтерімді толығымен аштым ба, дұрыс аштым ба деген сауалдар төңірегінде өрбіді», - деді М. Әблязов.
Бұл ретте М. Әблязов оның активтерін қамауға алу туралы шешімді В. Блэр одан жасырып 2009 жылы қабылдаған дейді.
«БТА шағым берер алдында, 2009 жылы тамызда, БТА өтінішімен судья Блэр менің активтерімді қамауға алу туралы шешім қабылдады. Ол ондай шешімді менен жасырын қабылданды. Ал ол кезде мен Лондонда жүргем. Менің барлық активтерімді және шын мәнісінде менің төлқұжатымды қамады. Заңгерлер бұл шешімді теңдессіз деп атады», - деді ол.

М. Әблязовтың айтуынша, оның құжаттары сол кезде оған саяси баспана беру мәселесіне қатысты Хоум Офисте (Ұлыбританияның ішкі істер министрлігінің аналогы) жатқан.
Өздеріңізге мәлім, 2009 жылы мемлекеттің «БТА банк» капиталының құрамына енген соң және банктың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бақылауына өткен соң бас прокуратура БТА банктың директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовқа жалған компаниялар арқылы қаражатты банктен тысқа әкеткен және аса ірі мөлшердегі алаяқтығы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Осыдан соң ол елден қашып кетіп, Ұлыбританиядан саяси баспана алып, өзіне қатысты тағылып отырған айыптауларды саяси астарлы деп атап, сонда мекен етуде.
БТА М. Әблязов заңсыз жолмен иемденіп кеткен қаржының көлемін $5 млрд-қа бағалап отыр. Ал сарапшылардың пікірінше, банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы өзінің сыбайластарымен бірге Қазақстаннан БТА арқылы оффшорлар мен қамсыздандырылмаған несиелер арқылы $10 млрд қаржыны жымқырып кеткен.
2010 жылдың желтоқсанында британдық аппеляциялық сот Жоғарғы соттың М. Әблязовтың жалпы көлемі $5 млрд болатын активтеріне сыртқы басқару (receivership) енгізу керектігі туралы шешімін қуаттады, өйткені ол 2009 жылы берілген активтерді қатыру туралы ордерді орындамай келген.
2011 жылдың мамырында Ұлыбритания соты банктің оның экс-басшысына қарсы арызының саяси мақсаты бар деп танудан бас тартып, банктің бұрынғы басшыға наразылықтарын қуаттады.
2012 жылдың ақпанында Лондонның Жоғарғы соты БТА-ның арызы бойынша М. Әблязовты жалған куәлік ету ретінде көрініс тапқан сотты құрметтемегені үшін айыпты деп танып, 22 айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл үкім әлі орындалған жоқ, өйткені бизнесменнің жүрген жері белгісіз. Кейбір мәліметтерге сәйкес, сырттай сотталған М. Әблязов тергеуден жасырып қалған құжаттарды пайдаланып, Францияға қашып кеткен.
Үстіміздегі жылдың мамырында Лондонның Жоғарғы сотында М. Әблязовтың мүдделеріне өкілеттік етуші Addleshaw Goddard адвокаттық конторасына өз клиентінің жүрген жерін жарияламау құқығы берілді.
Лондон соты БТА-ның $1 млрд -тан аса қаржысын жымқыруға қатысы бар-мыс және сот қаулыларын орындамағандықтан қорғану құқығынан бас тартылған Сейшел және Британдық Виргин аралдарындағы бірнеше оффшорлық компанияға қатысты сот үкімін күшінде қалдырды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында сот банктің БТА директорлар кеңесінің экс-басшысына қарсы түсірген арыздарының бірінің фигуранты Анатолий Ерещенконы сотты құрметтемегені үшін қамауға алу туралы «БТА банк» АҚ-ының шағымын қанағаттандырмай тастады.
Қазан айының соңында М. Әблязовтың британиядағы заңгерлері «БТА Мұхтар Әблязовқа қарсы» атты сот процессіндегі судья Найджел Тирге қарсылық білдіріп, тыңдаулардың басталуын кейінге қалдыруды сұрады, себебі әлі күнге М. Әблязовтың сотқа құрмет көрсетпегеніне байланысты берген аппеляциялық шағымының жауабы жоқ. Судья Тир болса сотан өз еркімен кеткісі де келмеді және тыңдауларды кейінге қалдырғысы да келмеді
Ресейде М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сырттай қамау шарасы қолданылған. Бизнесменге қарсы барлығы 9 сот арызы түсірілген.
Дереккөз: ҚазТАГ