Алаш туын желбiреткен ағалар, кешiре көрiңiздер!..
Бұл - бiрiнен-бiрi туындаған үшiншi мақалам. Оқырмандардың ойын қозғаған, әсiресе қаламгерлер қауымына тәп-тәуiр-ақ әсер еткен әуелгi жазбам Қазақстан жазушыларының кезектi құрылтайы алдындағы пленумнан соң жарияланып едi. Содан кейiнгi материалымда да Алаш идеясын көтерген арыстарды айналып өте алмай, айтар ойымның орайына қарай күйiнгенде, күйзелгенде... қайран қазағымның келешегi үшiн күреске құштарланып, өзгелердi де жiгерлендiргенде айтқан сөздерiн барынша сыналай енгiздiм
Ендi тағы да ерiксiз аруақтарынан айналайын арыстарымызға жүгiнбекпiн. Қазағыма айтамын, халқымды қалың ұйқысынан оятамын деген ниетпен айтудай айтып, жазудай жазып, бiрақ сөзi өтпей, әбден қажыған бiр сәтiнде Ахаң - Ахмет Байтұрсынов: "Талап жоқ, үмiт көп бiр халықпыз", - деп налыған екен. Артынан құлай сенген қазағының әрекетсiздiгiне өкпе-ренiшi сәл сейiлiп, ұлтының ертеңi, алмастыратын ұрпақтарының тағдыры тыншытпай, ағартушылық, азаткерлiк iсiне қайта кiрiскенде:
...Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм,
Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн.
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын
Ел - бүгiншiл, менiкi - ертеңгi үшiн, - дептi.
Бұл - бiрiнен-бiрi туындаған үшiншi мақалам. Оқырмандардың ойын қозғаған, әсiресе қаламгерлер қауымына тәп-тәуiр-ақ әсер еткен әуелгi жазбам Қазақстан жазушыларының кезектi құрылтайы алдындағы пленумнан соң жарияланып едi. Содан кейiнгi материалымда да Алаш идеясын көтерген арыстарды айналып өте алмай, айтар ойымның орайына қарай күйiнгенде, күйзелгенде... қайран қазағымның келешегi үшiн күреске құштарланып, өзгелердi де жiгерлендiргенде айтқан сөздерiн барынша сыналай енгiздiм
Ендi тағы да ерiксiз аруақтарынан айналайын арыстарымызға жүгiнбекпiн. Қазағыма айтамын, халқымды қалың ұйқысынан оятамын деген ниетпен айтудай айтып, жазудай жазып, бiрақ сөзi өтпей, әбден қажыған бiр сәтiнде Ахаң - Ахмет Байтұрсынов: "Талап жоқ, үмiт көп бiр халықпыз", - деп налыған екен. Артынан құлай сенген қазағының әрекетсiздiгiне өкпе-ренiшi сәл сейiлiп, ұлтының ертеңi, алмастыратын ұрпақтарының тағдыры тыншытпай, ағартушылық, азаткерлiк iсiне қайта кiрiскенде:
...Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм,
Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн.
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын
Ел - бүгiншiл, менiкi - ертеңгi үшiн, - дептi.
Қараңызшы, қазағына деген құштар сезiмiнiң шексiздiгiн! Дәл осындай ойды басқа арыстарымыз да айтқан. Соларды оқыған кезде: "Сөзiмен де, iсiмен де халқына қылаусыз көңiлмен қызмет еткен Алаштың арыстары-ай, қандай ғажап ер едiңдер!" дейсiң қайран қалып. "Жеңсек, бiр төбеде бас қосамыз, жеңiлсек, бiр шұңқырда көмiлемiз" деп, жақсылыққа да, жамандыққа да өздерiн саналы түрде дайындаған олар, өкiнiштiсi, жеңiлдi. Бiреулерi "Бутыркада" бақилық болды, ендi бiреулерi Колымада көз жұмды, қалғандары Алматының түрмесiнде тағдырларын тәмамдады. Әйтеуiр ғайыптан тайып аман қалғанның бiреуi Мұхаң - әлемге әйгiлi жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов екен. Ғұламаның мына бiр сөзiн тәу ететiн Тәуелсiздiкке оп-оңай қол жеткiзген бүгiнгi қазақ қауымына қаратып айтуға әбден болады:
"...Қырықаяқтан бiреу қалай жүретiнiн сұрап: "Сен екiншi аяғыңды алға басқанда жиырма екiншi аяғың не iстейдi?" дептi. Бұдан ойында ештеңе жоқ, қаннен-қаперсiз зыр жүгiрiп жүрген қырықаяқ, ойламаған жерден мына сұрақты естiгеннен кейiн, мүлде жүре алмай қалыпты" дейдi екен студенттерге оқыған дәрiстерiнiң арасында.
Тәуелсiздiктi ғасырлар бойы аңсаған, азаптанған, сан рет күресiп, қан-қасап шайқастарда оңбай жеңiлген, алайда алған бетiнен қайтпаған қайсар қазақ... әр заманда ығытына қарай күресiп, әдiс-тәсiлiн өзгертiп, бодандықтың бұйдасын үзiп, өз алдына ел болуы үшiн алысып-арпалысумен келген қазақ - бақыттың бозала таңы аңсарлы қуанышқа қолын жеткiзген кезде басы айналды. Ал халқына қарайлайтын билiк бiрте-бiрте айылын жимайтын айлакерге айнала бастады. Тәртiптен тiзгiн кеттi. Бас бермес берекесiздiк бүкiл елдi қаусыра қармады. Қазақтың анасы атанған ауыл аңырады. Мыңғырған мал мен жомарт жер "тiстiлер мен тырнақтылардың" (С.Дөнентаев) уысына iлiктi. Бүтiндi бүлдiру, барды жоқ етудiң жанталасында не болғанын ұқпаған аңқау халық аңырып, абдырады да қалды. "Қазаннан қақпақ кеттi". Билiктегi кешегi көсемдер бетперделерiн лақтырды да, бабалардан күллi ұрпақтарына мұралыққа еншiленген мол байлыққа, кеңестiк дәуiрден жинақталған қисапыз қор мен алып өнеркәсiп, құрылыс атаулымызға, шикiзат көздерiмен бiрге пұл болатын бар дүниемiзге ашқарақ ашкөздiкпен, кiсәпiр жауыздықпен қол салды. Қайтсiн, "түк көрмеген" байғұстар тәуелсiздiк деген осы екен деп ұққан ғой...
Өмiрi болып көрмеген мұндай сойқан тiрлiк тiксiндiрген сол бiр кезеңде оның жоғын ең алдымен жоқтауға тиiс зиялы қауым, оның iшiнде бiздiң қаламгерлердiң басым көпшiлiгi билiктiң қабағын бағып отыра бердi. Алайда арасында тасқа басылған сөздерiмен де, эфирде немесе көпшiлiк бас қосқан алқалы жиындарда ашынып айтқан ойларымен де дараланып, көзге түскеннiң бiрi - жазушы Ғаббас Қабышұлы. Ол тәуелсiздiгiмiздiң елең-алаң шағы дерлiк 1993 жылы-ақ: "Тағдыр бұйыртқан тәуелсiздiгiмiздiң қадiрiн бiлгiмiз келсе, осы тәуелсiздiк үшiн күрескен арыдағы хандарымыздың, берiдегi алашшыл арыстарымыздың аруағын қастерлеу - бүгiнгi буынның парызы деп түсiнiп, халқымызға адал болайық!" деп жазды. Араға төрт жыл салып, талан-тараж бой бермей бара жатқан кезде Қабдеш Жұмадiлов: "Базар билеген заманда саудаға түспейтiн дүние жоқ. Қажет боп бара жатса, малды да, мұнайды да, көмiр мен темiрдi де, алтын-күмiс, асыл тастарды да, бәрiн де бұлдап өткiзуге болады. Тек дүниенiң бар байлығын ұсынса да, саудаға салуға болмайтын бiр киелi нәрсе бар. Ол - қазақ елiнiң тәуелсiздiгi" - деп шамырқана ой тастады мерзiмдiк басылымдардың бiрiнде.
Қасиетiңнен айналайын Тәуелсiздiк! Ең өкiнiштiсi және ешқашан кешiруге болмайтыны - сенiң қадiр-қасиетiңдi билiктi уысынан шығармай, шеңгелдеп ұстаған өз қазақтарымыз ұғынбады. Бiр кiсiнiң айнала-төңiрегiне шахмат тақтасындағы пешкiлердей үйiрiлiп, желiмдей жабысқан жалбақай топ ұлт екенiмiздi, бұл мемлекет ең бiрiншi осы елдiң атын алған қазақ халқына қызмет ету қажеттiгiн мүлде ескермедi. Олар - оқыған, бiлiмдар. Тiптi шетiнен ғылым докторы, профессор; сөйлесе, солар сөйлесiн! Бiрақ солардың сексен-тоқсан пайызы ақ сүтiн емген анасының тiлiнен мақұрым, есесiне, өзге тiлде көсiлгенде алдарына жан салмайтын су жорға. Неге олай?..
Осы ретте Кеңестер Одағы тұсында және тәуелсiз ел атанған әуелгi бес-он жылдағы жағдайға түсiнiстiкпен қарап, былай ысырайық. Ал одан кейiнгi жылдар ше? Айдай ақиқаты - президенттiң өзi ең әуелi Қазақ елiнiң атынан барып, табаны тиген жердiң бәрiнде қазақша сөйлеп, тiлiмiздiң мәртебесiн көтергенде, жылма-жылғы Жолдауларындағы сөздерiнiң бас-аяғында ғана айтар ойын, он шақты адамға ғана арнаған кейiпте жылмитпай, құнары мол, әуезi бай ана тiлiмiзде жалпақ жұртқа жеткiзгенде, шыны керек, бүгiнгi Үкiметте ұлтымызға қызмет етпейтiн бiрде-бiр қатыбас "қазақ", қазаққа майлы мұрнының үстiнен жылмия қарайтын безбүйрек министр отырмас едi!
"Ұлтқа қожалық жасауға болмайды, оған тек қана қызмет етуге болады" дейдi Мұстафа Ататүрiк.
Тiлi, дiнi, рухы сақталған кезде ғана жер бетiнде Қазақ мемлекетi өмiр сүредi. Сондай елде ғана оның билеушi Президентi болады, оны халқы адалдығына, қалтқысыз қызмет қылатынына сенiп, сайлайды. "Бiзге қара басының қамын сүйенiшi болар ұлтынан, таяныш-тiрегi болатын халқынан биiк қоятын сұлтанның қажетi жоқ" дейдi. Елдi езгiде ұстағанды ұнататын, оған үстемдiк еткендi ұстаным тұтатын билiктi қаламайды. Ендеше бiз қандай мемлекеттемiз? Бар едiк, бай едiк, бiрақ соның рахатын бұйыртпаған, сырттан келген келiмсектердiң пайдасына иiлiп, соларға еншiлеп берген саясаттың көксегенi не? Сонда бiз қандай өркениеттi мұрат етiп, iлгерiлеп барамыз өзi?.. - деген секiлдi көпшiлiгiмiздiң көңiлiмiздi күптi қылған сауалдарды алға тартсақ, мына бiр өлең тiл ұшына үйiрiледi:
Мақсатыңды қайтейiн,
Жетпеген соң мұратқа.
Жақсы атыңды қайтейiн,
Халқыңды алдап, жылатқан!..
(Х.Есенқарақызы)
Бiзге алдампаз шенеунiктiң қажетi жоқ, оның да құны көк тиын! Бiзге халықтың алаңсыз өмiрiн қамтамасыз ететiн, соған кепiл болатын ақ-адал патша мен саясатын жүргiзетiн ниетi түзу,iскер серiктерi керек! Бiз кең-байтақ Қазақстанның тәуелсiздiгiне ешкiм қол сұқпайтын, экономикалық дербестiгiне араласпайтын, сан ғасырдан берi сақтап келген бар байлықтың рәтiн өзiмiз көрейiк деген ойымызды iркiлмей ашық айта алатын мемлекетте өмiр сүргiмiз келедi. Кәне, айтыңызшы, бұл ниетiмiзде қандай қылмыс, қиғаштық бар? Кешегi жазықсыздан-жазықсыз жапа шеккен, құрбан болған Алаштың арыстары мен бүгiнгi ашық ойлы, арлы азаматтардың алға ұстанған мұраты, айтып жүрген басты мәселесi емес пе бұл? Ендеше, Астанадағы тақ төңiрегiндегi топқа қарай ауыз ашып, мемлекеттiң қаржысы есебiнен күн көрiп, өздерiнше халықтық саясат ұстанған түр танытатын газет-журналдар мен электрондық тарату құралдары неге осылай ашық айтып, жазбайды? Ел бiлетiн ақиқаттан неге алшақтайды? Жұрттың жанын ауыртып, аз ғана топтың мақсат-мүддесiн қорғайтын оқиғаны жасырып-жауып, халықтық қасiреттiң шындығын жеткiзуден не себептi жалтарады? Билiктiң сөзiн сөйлеп, жөнiн жөндеп жүрген саясаткерлер мен экономист-ғалымдар, "халық қалаулылары" бiр-бiрлерiнiң аузына түкiрiп қойғандай мақтайтын Кедендiк одақ пен Еуразиялық одақ, Еуразиялық парламент, саяси-экономикалық, мәдени интеграция елiмiз үшiн соншалықты мұқтаж, аса пайдалы нәрсе ме? Олардың сайрап айтуына, жазуына сенсек, дәл солай секiлдi. Шын мәнiнде бұлар қазақ мүддесiне керi әсерiн тигiзетiн, ендi ғана iргесiн нықтап, туын тiктеп келе жатқан тәуелсiз елiмiздi шайқалта бастаған қитұрқы шешiмдер екенi нақтылана бастады. Уақыт iлгерiлеген сайын билiктегiлер оппозиция деп күстаналайтын бiр шоғыр топтың қайта-қайта көтерiп, бүкiл халықтық референдум өткiзейiк деп шыр-пыры шығып, қарсылық көрсетiп жатқанына қарамай, саяси солақай шешiмдер күш алып, қатер бұлты қоюланған үстiне қоюлана түстi...
Құлдық ой-пиғыл тамыр-тамырымызды қуалап, өн бойымызға әбден ұялап алыпты. Тәуелсiз басылымдарда: "Мемлекеттiгiмiзге қауiп төндi... Тағы да бодан болуға бет түзедiк. Ендi бiр кiрсек, орыстың "отты" құшағынан шыға алмай қор боламыз" деп айтудай айтылып, жазудай жазылып-ақ едi. Алайда селт етер қалың қазақ көрiнбейдi: әлi де марғау, маубас, керенау қалпы... Сонда қалай болғаны? Бұны не деп ұғамыз, қалай түсiнемiз?.. Әлде орыстар халық болудан қалып бара жатқанда қатты күйiнгеннен кiжiнiп жазған декабрист П.Я.Чаадаев сияқты, "Құлдықтан қорынбаған халық шiрiп өлсе - сауап!" деп, қолымызды бiр сiлтеп, iшiмiздi алау оттай шарпыған ойымызды өшiремiз бе?..
Иә, қазағым, халқым, қайтейiк? Жөнiн айтыңызшы, не iстейiк?..
"...Адам шын iзгi адам боламын десе, халық iсi, халық пайдасы жолында құрбан бола бiлсiн" деген екен Мағжан ақын Жұмабаев. Адами өмiрдiң өлшемi - қандай қыспаққа да мойымау, азап шегу деп түйген, тiптi, қажет етсе, ажал құшудан да қашпаған Алаш арыстарының ортақ ойы осылай. Ал бүгiнгi оқығаны да, тоқығаны да жетерлiк замандас аға-апаларымыздың пiкiр-пайымы қалай, олар не дер екен?..
Ендеше, бiрер айға шегiнiс жасайық.
Тамыздың 7-сi күнi "Жас Алаш" газетiндегi "Бодандыққа түстiң бе, қайран елiм?!" Осылай деп зар төккен қоғам қайраткерi Сабыр Қасымовтың жанайқайына кiм құлақ түредi?.." деген материалыма ең әуелi Үсенбай Тастанбеков үн қатты. Жасы тоқсанның төртiне келген елiмiздегi ең қарт журналист Үсекең ақсақал Ораз Жандосовпен жүздескен, Алашорда қайраткерлерiнiң талайының лебiзiн өз құлағымен естiген, Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, басынан адам айтқысыз қаншама машақатты оқиғаларды өткiзген қазына кiсiнiң нақ өзi. Санасы сергек, сөзi айдай анық: сөйлеп бiр кетсе, талай тарихты, талайлы тағдырларды алдыңызға жайып салады.
"Қарағым, мақалаң өте ащы екен. Айтқан соң, өстiп айту керек! Әйткенмен, қоғамдағы ақиқаттың осындай екенiн көре, бiле тұра, көбiмiз жазудан қашамыз. Сен сол олқылығымызды көзге шұқығандай етiп көрсеттiң. Аман бол, айналайын", - дедi атамыз.
"Әй, Алтынтай, - деп бастады сексеннiң сеңгiрiне шыққан Қолан Аманов. Ол кiсi бүкiл өмiрiн қаржы саласына арнаған, Республика Қаржы министрiнiң орынбасары қызметiн атқарған танымал тұлға, оның сыртында жазушылығымен де ерекшеленiп, әлденеше кiтаптың авторы атанған белгiлi қаламгер. - Сен бұған дейiн ешкiм жаза алмағанды жаздың, айналайын. Мен де сен жағыңдамын. Жалғыз емессiң. Олай дейтiнiм, халықтың сөзiн айттың, қалың қазақтың мүдделi ойын жеткiздiң, Алтынтай..."
- "Естi сөздi естiгiсi келмеген адам саңырауға тең". Берекесiздiктiң, бетiмен ауа жайылғандықтың бәрiн көзi бар кiсi көрiп, жаны, жүрегi бар ел ашына айқайлап, шырылды салып-ақ жатыр. Бiрақ, оған қарайтын билiк болмай тұр. Әйтпесе еркiн ойлы басылымдарды жiбермей оқып, Кедендiк одақтың қырық қатпарлы қитұрқысын ұғынудай ұғындық. Еуроазиялық одақ дегеннiң де тәуелсiздiгiмiзден айыруға апаратын кесепатты саясат екенiн iшiмiз сезiп, қан жұтқандай күй кешудемiз. Әттең, осыны ауылдағы күнкөрiстiң күйбеңiнен көз аша алмай титықтаған қандастарымыз бiлмейдi ғой, қарағым, - дедi өзiм көптен араласатын Ұлғайша апай мен Мейрам Маемеровтер. Ол кiсiлердiң екеуi де - зейнеткер. Ұлғайша Амантайқызының мамандығы дәрiгер, қажылық парызын өтеген кiсi. Ал Мейрам ағамыз - Құмкөл мұнай кенiшiн ашқан геолог-маман, бүгiнде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнде дәрiс бередi, профессор. Екеуi де тәуелсiздiктiң рахатын халықтың көре алмағанына, елдi қымбатшылықтың қыспағында титықтатып, тұралатқанына, ауылдағы бауырларымыздың қиын халiне, жастарымыздың үйсiз-күйсiздiгiне, оқу бiтiрген мыңдаған қыз-жiгiттердiң қос-қос дипломмен сандалып жүргенiне, әскердегi берекесiздiк пен бүкiл жүйенi жайлаған жемқорлыққа қатты налиды. - Қайтейiк, елдi өстiп аяғаннан арыға бара алмаймыз. Неше түрлi жан түршiгерлiк оқиғалар болып жатыр. Бiздi қорғайды деген әскерiмiз мына түрiмен өздерiн қорғай ала ма деп те бас қатырамыз. Жаңаөзендегi полицейлердiң жауыздығы анау... Бұл өзi қандай қоғам, не қылған билiк?.. Тiлi де бөлек, тiрлiгi де қыңыр... - дейдi.
Алматыдан шығатын газеттер алыс аудандар мен ауылдарға әлденеше күн салып жетедi. Газеттi оқи сала Жуалыдан ұстазым Әбдiмәжит Дәуренов хабарласты.
- Әй, Талғат, мақалаңды оқып есiм ауып қалды... Мынаның авторы шынымен сенсiң бе? Егер солай болса, өзiңдi бiреулер арандатып, айдап салып жүрген жоқ па? - дедi көңiлдегi күмәнiн сейiлтуге асығып.
- Иесi - мен, ағай. Жазғаным бiр сөзi өзгермей басылды. Солай жазуға мәжбүр болдым. Қазақстанның қазiргi жағдайын өзiңiз де жақсы бiлесiз... Келетiн жерге келдiк қой!..
- Ойпырмай, десейшi! Не дерге бiлмей далмын. Қарсы айтар дәлелiм, келтiрер дәйектi уәжiм жоқ. Әйтеуiр бiр жаққа бара жатырмыз, оның қандай бағыт екенiн Құдай ғана бiледi... Ел бетiмен кеттi, ие жоқ... Мұндай масқара бұрын-соңды болмаған... Жетпiске келдiм ғой, халыққа осындай қиянат жасалады деп күтпеп едiк, - дедi ұстазым тығырыққа тiрелген шарасыз үнмен.
Сабыр аға Қасымов мақала туралы алыста, еңбек демалысында жүрiп оқыған елден естiптi. Солар бiрiнен соң бiрi хабарласып, жiк-жапар болып денсаулығын сұраған, аяушылық бiлдiрген.
- Әй, Тәке, менiң ауруымды жазбай-ақ қоюың керек едi...
Не дерiмдi бiлмей тосылып қалдым. Сырқат екенiн жасырмай, сөз арасында қыстыра кетiп едiм. Ондағы ойым: "Аурудың азабын арқалап жүрген азамат тәуелсiздiгiмiзге, егемендiгiмiзге қатер төнiп тұрғанына шыдай алмай шырқырап жатыр, ал он екi мүшесi сап-сау, арыстай азаматтар - сендердiң бүгежектеп, бастарыңды бұттарыңның арасына жасырғандарыңа жөн болсын? Ар-намыс қайда? Елден ұялмайсыңдар ма?" деп қамшылап, шамдарына тиейiн, бәлкiм, үдере үн қатар, өршелене қарсылық көрсетер деген дәмем зор едi. Сөйтсем... Иә, сөйтсем қазақтарым, қандас, қимас бауырларым елiмiздiң дербестiгi үшiн бiлек сыбана күреседi, құлшына қарсылық көрсетедi деген ойым бекер екен. Азаматтық ұстанымына сенетiн, ұлтшылдығы мықты, белдi бiр басылымның басшысы болып жүрген тәуiр жiгiттерiмнiң бiрi кабинетiнiң есiгiн аттай бергенiмде: "О, бiздiң тәуелсiздiгiмiзге күмәндана қарайтын көкем келдi!" - деп қағыта қарсы алды...
Мiне, керек болса!..
Тағы бiр ақын ағам телефонға шақырды. Амандық-саулықтан кейiн: "Айналайын Талғат, сен қаламыңды қаттылау сiлтедiң. Абайласайшы. Саясат деген қатты сөзбен емес, ақырын, абаймен жасалады", - дейдi. Лебiзiне зейiн қойсам, бекер жазыппын...
Қайран, көкелер! Нең бар едi, неге түк көрмеген, түк бiлмеген кейiпте тымпиып жүре бермейсiң?.. Жақсы сөйле, жылпылдап, өз тiршiлiгiңдi жаса... Өзгелерге қарасаңшы, олар неге ашынып айтпайды, iшiндегiсiн сездiрмейдi, шетiнен ақылды... Иә-иә, мұндайда ерекше ұстамдылық танытып, бiреулер елдiк намыс, ұлттың ұяты, мият-мұраты үшiн жазықсыз жазаланып, жапа шегiп жатса да, бей-жайлық пиғылдан айнымауды жөн көретiн, солай болғанын асқан ақылдылық санайтындар көп, өте көп. Сондай түсiнiк-пиғылдағы бiр ағамыз үйге келдi. Әдейiлеп келген шаруасын тындырып болған соң:
- Iнiм, қазiргi айтсам ба деген сөзiмдi ауырламайтын шығарсың? - дедi бетiме барлай көз салып. - "Жас Алаштағы" әнебiр күнгi мақалаңа байланысты...
- Ой, аға, ақылыма ақыл қосатын әсерлi сөзiңiз болса, неге ауырлайын? Кiдiрмей айта берiңiз.
- Айтсам, ауылға байланысты жерiнде мен секiлдiлердi де оңдырмай түйреп өтiпсiң. Алайда колхоз, совхоз басқарған бәрiмiз бiрдей шаруашылықтың байлығын бас-көз демей бөлiп алған жоқпыз. Бiз секiлдi он бес-жиырма жыл, тiптi одан да көп басқарғандарға ұжымдық меншiктiң бiр бөлiгiн бөлiп беру туралы КСРО Министрлер Кеңесiнiң арнайы қаулысы шыққан. Сол бойынша тиесiлi үлесiмiздi алдық. Кейiн пайымызға сай жер иелендiк. Елдiң ешқайсысын өкпелетпеуге тырыстық...
Оның бәрiн қойшы, - дедi содан кейiн. - Негiзгi айтатын әңгiмеме көшейiн: өте ауыр мәселенi ешкiмнен именбей, бетiң бар, жүзiң бар демей тiлiп жаздың. Көзсiз батырлық та керек шығар, бiрақ мына ұл-қыздарыңды аясаңшы... Тiптi, өзiңдi де ондырмайды ғой, ондайдың бәрiн көрiп, сезiп жүрсiң...
- Аға, сөзiңiздiң бәрi жөн, - деп киiп кеттiм. - Маған да, бала-шағама да жаныңыз ашығаннан айтқаныңызды өте жақсы түсiнемiн. Әйткенмен сiзге қояр сұрағым бар: халқыңызға, қазағыңызға, оның бүгiнгi теперiш көрiп, қағажу күй кешкен қиын тағдырына қабырғаңыз қайыса ма?
- Ендi ойлаймыз ғой... Бiрақ мен өзiм...
- Сiз өзiңiздi ғана, мен өзiмдi ғана қаперге алмай - елдi, жердi, бәрi-бәрiнiң басын бiрiктiретiн Отан деген қасиеттi, алып шаңырағымызды ойлауымыз, ойлап қана қоймай, әлiмiздiң жеткенiнше, сөзiмiздiң өткенiнше қайрат-күш көрсетiп күресуiмiз, қорғауымыз керек емес пе?! Айтыңызшы ашығын, осы, сiзге Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi керек пе?
- Оған сөз бар ма, iнiм-ау?!
- Ендеше менi iш тартып, бала-шағамның аман-есендiгiне қарадай қиналып айтқан әлгi сөзiңiзге рақмет! Бiрақ сiз Қазақстанның мемлекеттiгiне, елдiгiне, тәуелсiздiгiне қауiп төндi, қайтадан орыс империясының бодандығына басымызды өз ықтиярымызбен байлап беруге бiржола бекiндiк. Оған көнгiңiз келмейтiнiңiз рас болса, ұрпақтарыңыздың қарғысына қалмайын десеңiз, бәрiмiз өршелене үн қатайық, қарсылық жасайық деп жаздық. Солай айтқан Қасымовты қақпайлап, менi шегiндiргiңiз, үнiмдi бәсейткiңiз келедi... Әйткенмен жалғызбын деп қысылмаңыз, себебi сiзге ұқсағандар аз емес. Солардың қатарының көптiгiне күйiнiп, ырықсыз шыққан ызалы сауалымды өзiңiзге төтелеп қояйын, сiз абырой, арыңызға жүгiнiп жауап берiңiз. Дәл осы сауалымды сiз арқылы басына бөрiк, бұтына шалбар киген ер азаматтардың бәрiне бағыштаймын:
- Аға, шыр етiп жарық-жалғанға келгенiңiзде ақ сүтiн емiзген анаңыз қалжа жедi ме?
- Ендi... Қай ана аман-есен босанып, аяқ-қолын бауырына жиғанына қуанбайды?.. Қай әке қойын сойып, ағайын-туыс, дос-жарандарының басын қоспайды?..
- Қараңызшы, ұл таптым деп анаңыз қуаныпты. Ал әкеңiз ат байлар ұлым келдi, ол абырой-атағымды шығаратын азамат болады, елiне қорған, халқына қамқор болады дептi. Сiзге басқалар да бар жақсылықты тiледi. Ертеңгi таяныш-тiрегiмiз деп үмiт еттi. Ендi сол үмiт пен сенiм қайда? Бүгiн кiм болдыңыз, бала-шағаңызға кiммiн дейсiз? Олардан не күтесiз?.. Мынадай исi қазаққа, намысы бар азамат атаулыға сынақ сәтi туғанда неге қызынбайсыз? Неге ашынып, үн қатпайсыз? Әрбiрден соң, сiз сияқтыларға қолыңа қару ал, майдан ашып, ұран сал деуден аулақпыз. Тiптi ондайдың заманы да емес! Сiздiң сөзiңiздi қолдайтын, тәуелсiз ел болу ниетiңiздi қоштайтын халықаралық құқықтық жүйе бар. Сондықтан я бодандыққа пейiлмiз, я болмаса бiзге қасиеттi қазақ елiнiң тәуелсiздiгi қымбат, бiз сыртымыздан тон пiшiп, тағдырымызды шешкенге ешқашан келiспеймiз, қарсымыз, оған балаларымыз да көнбейдi деген ойыңызды ашықтан-ашық айтатын уақыт қой қазiр. Газетке жазыңыз, көшеге шығып айтыңыз; жұрт жиналатын жерге аяғыңыз жетпесе, балконға шығып, аулаңызда мойныңызды көшеге созып тұрып жеткiзiңiз. Өзi, солай етуге шама-шарқыңыз келе ме? - деп барып бiр-ақ кiдiрдiм. Жанашыр көкем терлеп-тепшiдi. Байқауымша, ондай сөздi күтпеген. Бiрдеңе дегiсi келдi, әйткенмен айта алмады. Әйтеуiр есiктен шығып бара жатып, қолын иығынан асыра көтерiп, төр бөлмедегi балаларымды бас бармағымен қайта-қайта нұсқай көрсетiп, "аналарды, аналарды" дедi, естiлер-естiлмес үнмен. Арғы жағында "ая, соларға кесiр болып жүрмесiн" деген сөзi айтылмай қалды-ау деп түйдiм...
Мiне, күнi кеше шаруашылық басқарған, оқыған-тоқыған, елге жаным ашиды дейтiн көкiрегi ояу атпал азаматтың тiрлiгi, ой-пиғылы. Сонда қалай, мен де бала-шағам, басқа жағдайымды сылтау етiп, әрекетсiз қол қусыруым немесе көптеген қалам ұстаған әрiптестерiм секiлдi тұншығып, құмығуым керек пе? Олар елбасын мақтайды, тiптi, М.Жолдасбеков сияқты академик ағаларымыз Нұрекеңдi "арманымыздан жаралған", "Құдайдың кiндiгiнен жаратылған" дегендi де айтады. Майын тамыза мақтағанда, аузыңды ашасың, көзiңдi жұмасың... Жұмасына бес рет жарық көретiн үлкен газеттiң бүкiл бетiн солай толтыруға ықыласты журналист, саясаткер, ғалымдар да, өнер қайраткерлерi де көп-ақ.
"Хан ерiксе, қара халық ханның ойыншығы болады". Билiк елдi ел демесе, халықтың мүддесiмен санаспай, кереғар шешiмдер жасаса, ойыншыққа айналдырды деген осы болар, әсте. Бiздi оқығаны кем, сауаты төмен маубас қауым деп бiлдi ме, Нұрекең барша халықтың көзiн бақырайтып қойып, айдай әлемнiң алдында "шекарасы жоқ ел едiк" дедi. Сан ғасырлық тарихы, тағдыры бар мемлекеттiң негiзiн өзiнен ғана бастағысы келдi. Сол уақытта тарихшы ғалымдарымыз үнсiз қалды; тарихи тақырыпқа қалам сiлтеп, iлгерi-кейiнгi оқырмандарының разылығына бөленген қалам қайраткерлерi мүлде естiмеген сыңай танытты. Саясаткер Жасарал Қуанышәлi ғана ширығып, "Назарбаев халқымыздың тарихына қиянат жасады, сол үшiн заң алдында жауап берсiн!" деп шықты. Ол батыл әрекетi өзiне пәле болып жабысты. Медеу аудандық соты оны "Президенттiң ар-намысына нұқсан келтiрдi" деген баппен жауапқа тартты. Сотта Жасаралды ақтап сөйлеген азаматтардың, мысалы, жазушы Ғаббас Қабышұлының сөзiн сот қаперiне алмай, "айыптыны" екi жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкiм шығарды.
Кедендiк одақ кесiрлi, кесепатты одақ екенiн, Еуразиялық одақтың түптеп келгендегi апарар түйiнi - Қазақстанды тәуелсiздiгiнен бiржола айыратын саяси ойын екенiн бiле тұра, бүгежектеген "халық қалаулылары", әйгiлi академик-ғалымдар, "халық жазушылары", "айтулы тұлғалар", халқымыздың "жақсы мен жайсаңдары" сiлекейлерiне шашалып, жеп-жұтқандары тамақтарына кептелiп қалғандай... Осы жерде бiрде-бiрiн қалдырмай тiзiмдеп, аты-жөндерiн жалпақ жұртқа жайса, обалы жоқ сияқты! Әттең, арттарынан iлескен ұрпақтары - немере-шөберелерiн аяйсың. Күнi ертең ел тәуелсiздiгi қақпақылға түскенде, кiмнiң кiм екенiн көрсететiн қыспақты шақта ардақты аталарының селт етпегенiн бiлсе, не дейдi?.. Мұндайда үнсiз қалудың өзi - сол саясатты құптау, қуаттау деген сөз! Демек, ондай мүләйiм түр танытқандарға Қазақстанның Ресейдiң қол астында жүргенiнен келiп-кетер, үрей етер дәнеңе де жоқ. Әрине, осыдан кейiн қай-қайсысының да дәл сондай сорақы кейiп көрсеткендерiне күйiнесiң, түңiлесiң...
Мiне, сол мырзалардың бәрi Алаш туын көтерiп, желбiреткен аяулы арыстарымыз қылаусыз көңiлмен сенген, үкiлi үмiтiн артқан келешек ұрпақтары емес пе едi?!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Мен жастарға сенемiн! -
деп жырлады-ау Мағжан ақын.
Дәл осындай ойды қасиеттi қазақ жерiнен жырақта, Еуропада жүрген Мұстафа Шоқай да қайталады. Анттарынан, алған бағыттарынан айнымады. Қазақ халқы осы қасиетi аяулы арыстарымыздың осы қасиетi ұрпаққа ұран, өшпес өнеге болу керек-тi. Алайда сол ағаларымыз не үшiн бастарын қауiп-қатерге тiгiп, қуғын-сүргiннiң құрбаны болып едi деп ой сүзгiсiне салатындардың аздығын сезiнген сайын, жүрегiң шаншып, кеудеңдi ащы өксiк қысады... Бiртүрлi өкiнгендей аяныш сезiмi жаныңды жаншып, жiгерiңдi құм етедi, езгiлейдi... "Қайран, ағаларым-ай! - дейсiң ерiксiз. - "Тiзерлеп тұрып өмiр сүргенше, тiк тұрып өлген артық" деген ата-бабаларымыздың өсиетiне қылау түсiрмеген арыстарымыз-ай, ұлт алдындағы теңдессiз ерлiктерiңдi ұғатын ұрпақтарыңның азып-тозған бүгiнгi бейшара бейнесiн көрмей кеткендерiң қандай жақсы болды... Әйтпесе, иә, әйтпесе "Қиды қозғасаң, исi шығады" демекшi, "Оян, Қазақ!" деп халқын қою ұйқыдан оята алмай өткен Мiржақып Дулатовтың аруағынан именбей, "Оянба, қазақ, оянба!" деп әрекет етуден бiр танбай келе жатқан әкiмдер мен ректорлардың, полиция басшылары мен сот, прокурорлардың, тергеушiлердiң бедiрейген, қу, айлалы беттерiн көрер едiңдер. Қазақтың бодандықтан құтылған тәуелсiз ел болуы үшiн күрескен Алаш арыстарының сенген жастары арасында ондай-ондайлар жетiп-артылады. Мiне, сол мырзалар Желтоқсан көтерiлiсi аталып өтер күндер таяғаннан безек қағып, жанұшыра жанталасқа түседi. Студенттердi оқудан босатады, ауылдарына жiбередi, ал кеткiсi келмегендердi: "Алаңға барсаңдар, оқудан қуыласыңдар!" - деп қорқытып-үркiтедi. Жаңаөзен қырғыны, сондай-ақ жылда аталып өтетiн қуғын-сүргiн құрбандарын еске алатын митингi, жиындарға қатыстырмаудың бар амал-айласын солайша екiжүздiлiкпен шебер атқарады. Полиция болса, аса белсендiлiк танытып, ерекше көзге түскендерiн шетiнен бассалып ұстап, сотқа сүйрелей жөнеледi. Сот, прокурорлар әлгiндей басқосуларға ендi қайтiп беттеместей қылып, жазалауға құлшына кiрiседi.
Оларға керегi - қызмет...
Олардың бар ойлайтыны - халықтың саяси белсендiлiгiнен өлердей қорқатын бүгiнгi билiктiң назарына түспеу, қайткенде де өздерiнiң оларға ақ-адал екендiктерiн жарыса көрсетiп қалу...
Сол шiркiндер сөйлей қалса, екi сөздерiнiң бiрi "Елбасының сара саясаты" болып келедi. "Көрегендiгiн" айтады, "көсемдiгiне" тамсанады. Оқ атылып, бомба жарылмай-ақ тәуелсiздiгiмiздiң iргесi дiрiлдеп, қиюы қашқанын бiле тұра... иә-иә, ол жөнiнде дәнеңе дей алмайды. Бұл да, шынтуайтына келгенде, сатқындықтың бiр көрiнiсi емес пе? Бiз бүгiн анадан ұл боп туып, алайда кешегi өткен ержүрек бабаларының қасиетiн бойларынан үркiтiп, қызметқұмар, шеншiл, атақшыл, ұл-қыздары, немере-шөберелерiнiң "кемел келешегiн ойлағыш", жағымпаз, жалтақ, жасық болып майдаланып, шүрегейленiп кеткен сондай ұрпақтарыңыз үшiн, амал жоқ, кiшiрейемiз... Аруақтарыңызға басымызды иiп, кешiрiм сұрай отырып:
- Алаш туын желбiреткен аяулы ағалар, кешiре алсаңыздар, кешiре көрiңiздер!.. - деймiз.
Талғат Айтбайұлы,
публицист-жазушы
«Жас Алаш» газеті