Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2923 0 пікір 9 Қараша, 2012 сағат 15:21

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ: МАРАЛТАЙ ФАРИЗА МЕН АҚСҰҢҚАРҰЛЫНАН АРТЫҚ ҚАЗЫЛЫҚ ЕТІП ПЕ?

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің қазылар алқасының мүшесі:

- Серік аға, «Шабыт» жастар фестивалінің қорытындысы шыға салысымен, ақпарат құралдары «Шабыттан ши шықты», - деп шулады. Сол фес-тивальда төрешінің бірі болдыңыз ғой, қазылар алқасының мүшесі Маралтай Райымбекұлы сіздердің  шешімдеріңізге келіспей, төрелік етуден бас тартыпты. Пікір қайшылығы қай үміткер  үшін болды?  «Шабыттың» бұл жолғы жеңімпаздары әділ анықталды ма, ашып айтыңызшы...
- Сендер Маралтайды керемет деп ойлайсыңдар ма, немене? Маралтай Фаризадан артық па екен? Ақсұңқарұлынан күшті ме екен, әлде? Маралтайдың қазылықтан бас тартып, кетіп қалғанын неге әлдеқандай көресіңдер? Оның пікірі сендер үшін маңызды болады да, Фариза Оңғарсынова мен Ақсұңқарұлының пікірі түкке тұрмайды?  Осы сұрағыма жауап берші, қане? Сұхбат алмас бұрын, осы сұрағыма жауап айт...
- Мәселе онда емес, сіздердің араларыңызда нендей келіспеушілік болғанын  білмеймін ғой.  Сол себепті де сұрап тұрмын. Талас жеңімпаздардың қайсысын анықтауда туды? Маралтай неге келіспеді, ол кімнің жеңімпаз болғанын қалады?

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің қазылар алқасының мүшесі:

- Серік аға, «Шабыт» жастар фестивалінің қорытындысы шыға салысымен, ақпарат құралдары «Шабыттан ши шықты», - деп шулады. Сол фес-тивальда төрешінің бірі болдыңыз ғой, қазылар алқасының мүшесі Маралтай Райымбекұлы сіздердің  шешімдеріңізге келіспей, төрелік етуден бас тартыпты. Пікір қайшылығы қай үміткер  үшін болды?  «Шабыттың» бұл жолғы жеңімпаздары әділ анықталды ма, ашып айтыңызшы...
- Сендер Маралтайды керемет деп ойлайсыңдар ма, немене? Маралтай Фаризадан артық па екен? Ақсұңқарұлынан күшті ме екен, әлде? Маралтайдың қазылықтан бас тартып, кетіп қалғанын неге әлдеқандай көресіңдер? Оның пікірі сендер үшін маңызды болады да, Фариза Оңғарсынова мен Ақсұңқарұлының пікірі түкке тұрмайды?  Осы сұрағыма жауап берші, қане? Сұхбат алмас бұрын, осы сұрағыма жауап айт...
- Мәселе онда емес, сіздердің араларыңызда нендей келіспеушілік болғанын  білмеймін ғой.  Сол себепті де сұрап тұрмын. Талас жеңімпаздардың қайсысын анықтауда туды? Маралтай неге келіспеді, ол кімнің жеңімпаз болғанын қалады?
- Маралтайдың жеңімпаз деген адамын жеңімпаз еттік, шынымды айтсам. Бас жүлде алған Балтабек Нұрғали. Маралтай: «Фариза апай, Серік аға, мен бұл жігіттің поэзиясын жақсы білемін. Гран-приге осы лайық», - деген соң келісіп, аты аталған үміткерді жеңімпаз жарияладық. Маралтай тағы біреулерді әкеп қоспақшы болды. Олардың өлеңдерін оқып көрдік, жүлдеге татитындай емес. Бізге ұнамады.
- Нақты қай үміткерлер?
- Атын ұмытып та қалдым қазір. «Бұлар керемет ақындар ғой», - деп Маралтай  бізге ренжіді. Мен айттым: «Ғаламторда отырады, жастардың бұған дейінгі өлеңдерін оқып, біліп жүр ғой деп сен айтқан адамдардың жүлдегер болуына келістік. Ал мына айтқан 3-4 ақынның өлеңі өлең емес», - дедім. Содан кейін ол ашуланған шығар. «Маралтайдан ши шықты, төрағалықты тас-
тап кетті», - деп бүкіл фестивальді кірлетуге болмайды ғой. Мықты ақынды Маралтайдан гөрі Фариза тани біледі емес пе? Ақсұңқарұлы жеңімпазды тани білмей ме екен? Бәрін Маралтай ғана біле ме? Мен осыны түсінбедім.
- Поэзия номинациясы бойынша 92 үміткер бақ сынапты. Жеңімпаз болғандар бар, жүлдеге сынық сүйем жетпей қалғандар бар, солардың арасынан кімнің бағыт-бағдары, қалам сілтесі дұрыс? Күні ертең мықты ақын болады деп кімдерді атайсыз?
- Бас жүлде алған Балтабек Нұрғалиды Маралтайдың айтуымен, бұған дейінгі жазғандарын  біледі ғой деп өткіздік. Ал мен үшін құбылыс болған ақын Ботагөз Мұхитдинқызы. Өлеңі керемет. Ондай өлең қазақ әдебиетінде болмаған, масқара құбылыс. Фариза апаң екеуіміз сол тамаша өлеңнің иесіне Гран-приді әпере алмадық. Сенесің бе? Фариза Оңғарсыноваға да, маған да ұнаған өлең Ботагөздікі еді, бірақ ол қазылардың басқа мүшелеріне ұнамады. Ботагөзден асқан ақынды мен көрмедім.
- Жөн екен. Сіз бас жүлде мен бірінші орын алған ақындарды айттыңыз.  ІІ орынды иеленген  Салтанат Жүсіп пен Бауыржан Әліқожа,  ІІІ жүлдеге іліккен Салтанат Смағұл мен Қарлыға Темірғали, Тұманбай Молдағалиев атындағы арнайы сыйлыққа лайықты саналған Динара Мәлік, Астана қалалық Мәдениет басқармасының арнайы жүлдесін иемденген Ілияс Мұқайыптар да бар ғой. Олар жайлы не дейсіз?
- Қарлыға Темірғалидың интернеттен біраз өлеңдерін оқып жүрмін.  Қарлыға 16 жаста, шамасы. Мен 16 жасымда оның жазғанындай өлең жазған жоқпын. Болашақта ол қыздан керемет ақын шығады. Сол  Қарлығаға  І-орын алып бере алмадық, ІІІ-орынды ұстатуға тура келді.  Ал Бауыржан  Әліқожа мен Динара Мәлікті сұмдық ақын демей-ақ қояйын. Бірақ өз деңгейлерінде, жақсы жазады. Мені таңғалдырған Ботагөз бен Қарлыға. Ботагөзге Гран-приді,  Қарлығаға  І-орынды беру керек еді. Ол жерде қазы тек мен ғана емеспін, Маралтай бар, Жанат Әскербекқызы мен Бақытжан Қанапиянов бар. Әркімнің пікірі әр түрлі ғой. Төраға Фариза Оңғарсынова екеуіміз Ботагөздің бас жүлде алғанын қатты қалап едік.  Бірақ «Маралтай жас қой, жастардың ішінде жүр, оларды оқиды», - деп, Балтабекке тоқтадық.
- Аға, сіз ақын Маралтайдың таңдауын аса жақтырмаған сияқтысыз. Балтабек Нұрғалиды Маралтай ұсынды деп қалдыңыз. Маралтай Райымбекұлы «Шабытқа» биыл ғана қазы болған жоқ.  Неге оның таңдауына сенбеске? Ілгерідегі «Шабытта» Ерлан Жүністі жазбай танып,  жүлделі орыннан көрінуіне әділқазы ретінде тіпті тізеге салып тұрып,  дауласып еді. Маралтайдың таңдауы адастырған жоқ қой, мәселен?! Ерлан Жүніс қазір әдеби ортада есімі ауызға жиі ілігетін ақынның бірі...
- Маралтайды жамандап отырған жоқпын, айналайын! Ол мықты ақын, өзінше бөлектеу ақын.  Бірақ Маралтай қазақ әдебиетіндегі құбылыс емес қой.  Қазақ поэзиясындағы құбылыс  - Фариза. Неге Фаризаның таңдауымен санаспасқа?  Фариза өзіндік мектебі бар, қазақ поэзиясында өзіндік жүйесі бар ақын. Маралтайда ондай жүйе жоқ қой, мәселен?! Маралтайды әулие етіп жүрген өзіміз: «Маралтай, Маралтай», - деп. Тағдырын аядық. Кезінде Кеңсайда түнеп жүргенін көрдік те: «ойбай, мынау мықты ақын екен», - деп құлай кеттік.   Фаризаның жазғанын, менің жазғанымды жазды ма Маралтай?  Ол қазақ әдебиетіне не әкелді, осыны айтшы?
- Әңгіме Фариза мықты ма, Маралтай мықты ма дегенде немесе кімнің қазақ әдебиетіне қандай дүние әкелгенінде емес, шығармашыл жастардың фестивалінде кім әділ сыншы болды деген сұрақтың төңірегінде емес пе? Қазылардың арасындағы келіспеушілік рушылдық пен жершілдіктің кесірінен ада дей аласыз ба? Өз жеріне, руласына бұра тарту қазақ жүрген жерде белең алмай қоймайды ғой өйткені. Қаншалықты әділ болдыңыздар дегенде мен осыны сұрамақшы едім...
- Біз барынша әділ болдық деп ойлаймын. Саған айта-йын, Маралтай - бар болғаны пышақтың қырындай 1-2 кітаптың авторы.  Ал Фариза том-томдап жазған адам. Бастарыңа жастап оқитындарың орыстың Анна Ахматовасы мен Марина Цветаевасы ма? Фаризаны орысшаға аударайықшы, Ахматоваң қайда қалады екен? Әділ болдыңыздар ма дейсің... Осындай сұрақтарыңмен Фаризаны шаршатып біттіңдер, қартайтып жібердіңдер. Енді мені қартайтып барасыңдар. Ұлы Фаризаны сыйлау керек қой, айнала-йын?! «Шабытқа» 92 адамның қолжазбасы келіп түсті. Шығармашылықпен айналысу ең бір тиімсіз заманда, жастардың поэзияға деген ынтызарлығы қайран қалдырды мені. Өлеңмен өмір сүргісі келеді екен. Сондай шығармашыл жастардың фестиваліне бөлінген жүлде бар жоғы 5-6 орын. Осыған қынжылып қайттық. Ойбай-ау, отырып отыз минут айтысқан ақынға демеушілер бірден көлік мінгізеді. Ал жазба ақындардың күні мынау... Қазақ поэзиясындағы жастардың бас жүлдесі
200 000 теңге болып тұр. Фариза Оңғарсынова айтып жүріп, жүлделі орындарды көбейтіпті қайта. Әйтпесе 3 орынмен шектелер еді. Екінші, үшінші орынды бір емес, бірнеше ақынға берейік деп жүгірді.
- Бәйге болғасын  араға кісі салу, тамыр-танысына телефон соқтыру дегендер болмай тұрмайды ғой. Қазы болып төрде отырдыңыз, «Шабытта» осындай әрекеттер орын алды ма?
- Хабарлама жіберіп «І-орынды алып берсеңіз, рахметімді айтып, риза етемін», - дегендер болды. Телефон шалғандар да кездесті. Өлеңдері жүлдеге татымайды. Жас кезде бәйгеге қатысқанымда жолымды кескендер көп болған.  Сондай қиянатты бүгінгі жастар көрмесе дедім. Жас таланттардың бағын байлағым келмеді.  Жақсы өлеңге әділетсіздік танытуға хақым жоқ.
- Жастардың «Шабыт» фестивалі әдебиеттегі тай жарысы сынды жарыс қой. Тек тай жарысын сөз еткендей болмайық. Күні кеше әдебиеттің біздегі бас бәйгесі «Мемлекеттік сыйлықтың» иегерлері анықталды.  Сыйлықтың иегерлері жайлы не дейсіз?
- Поэзияда Несіпбек Айтовтың алғаны өте дұрыс болды. Несіпбек  өмірін қазақтың жырына арнаған адам. Әдебиетке қызмет етпей тұрып, «әдебиет маған қызмет етсін» дейтіндер де бар ғой, олардың жанында Несіпбектің алғаны орынды. Прозадан иеленген Сәбит Досанов қой?! Оның несін сұрайсың... Бір анекдотқа бергісіз әңгіме айтып берейін саған, қазір марқұм болып кетті торғайлық бір мықты сатирик, журналист жігіт болды. Атын ұмытып отырмын.  Сол журналист Торғайдың музейін аралап жүрсе, музей таныстырушылары: «Мынау - Сәбит Досанов деген жерлесіміз. Бұл - жазушымыздың мемлекет басшыларымен түскен суреті», - деп Досановтың суретін көрсетіпті дейді. Сөйтсе, әлгі сатирик жігіт: «Ойбай-ау, Сәбеңнің мемлекет басшыларымен түскен суретін білеміз ғой. Сәбит Досановтың пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейсаламмен түскен суреті бар ма екен? Соны көрсетіңізші», - деп қағытыпты. Музейдегі  сол әңгіме анекдотқа айналып кетті қазір. Сәбитке бұдан басқа не айтамын? Ал Несіпбектің алғаны жөн. Мұқағали Мақатаев біздің буыннан ешкімге алғысөз жазбай, Несіпбекке жазған кезінде. Мұқағалидың көзіне түсу кездейсоқтық емес қой. Сондықтан Несіпбек пен Сәбитті салыстыруға болмайды.
- Әңгімені енді өзіңізге бұрсақ... Кеше ғана «Жас алаштан» «Түсініксіз қазақ» атты эссеңізді оқыдық. Сонау Қарағандыда жатып, Абай феноменін тілге тиек еткеніңізге қуанып қалдым. Қанша дегенмен Алматыдан алыстасыз ғой. Алматыдағы әдеби ортаға шеттегі қаламгердің көзімен қарап көрейікші...
-  Мен Алматыдағы әдеби ортаны әдеби орта деп бағаламаймын.  Өйткені олар арақты бір-біріне құйып отырып өлең оқып, бірін-бірі мақтап классик дегендеріне мәз. Замандас-тарын оқитындары аз. Менің түсінігімде әдеби орта Алматыда емес, Қарағандыда. Ең керемет әдеби орта Қарағандыда деп есептеймін, нанбасаң келіп мұндағы жастардан сұра.  «Қасым» журналының басында Серік Сағынтайдай қазақтың мықты ақыны, прозаигі, қаламы жүйрік журналисі отыр. Мирас Асан, Руслан Нұрбай, Рахат Әбдірахманов сынды ақындарымыз, біраз жазушыларымыз бар. «Қасым» журналының маңайында бәрі.
- Сіздердің өздеріңіз алпысты алқымдап қалдыңыздар. Артыңызға бұрылып қарағанда не көресіз? Осы кезге дейінгі шығармашылығыңызға көңіліңіз тола ма?
- Менің қазіргі деңгейім өте күшті, білемін. Мен өлеңмен «ауырған» адаммын. Сол өлеңмен отырмын. Таяуда «Қара орман» деген кітабым жарық көрді. 2000 - 2012 жылдары жазған дүниелерімді жиып, «Алас-алас» деген атпен бір томдық кітабымды шығармақпын. Жаңа сен оқыдым деген эссені, сондай публицистикалық дүниелерімді бір томға жинақтасам деймін. Сосын Алладан хабар келсе жазамын, келмесе  жазбай отырамын. Бұрын шимайлап, күні-түні жаза беруші едім. Қазір Алладан хабар күтемін. Андрей Вознесенский 65 пен 70 жасының аралығында керемет өлеңдер тудырған. Арманым сол Андрей құсап енді он жылда осы жазғандарымнан да керемет дүние жазып қалдыру.  Меніңше, ақын Жамбылдың жасына, 90-ға  келуі керек. Сонда ғана ақындық әлеуеті көрінеді.
- Жаңа бір сөзіңізде: «Маралтайды неге сендер құбылыс көресіңдер?», - деп менімен келіспей қалдыңыз ғой. Сіздіңше қай ақынның жұлдызды шағы қазір? Кімнің есімі өзгелерден биік тұр?
- Қазіргілерден мен үшін ең керемет ақын - Темірхан Медетбек. Сен айтып отырған жұлдызды шақ Темірханда. Ол - қазақ поэзиясының заңнамасын бұзып, тыңнан жол салған талант. Темірханнан кейін Тыныштықбек Әбдікәкім поэзияда өзіндік сүрлеумен келеді. Осы екі ақын, одан кейін - мен. Басқасын мойындамаймын.
- Ал прозада ше?
- Прозада Мұхтар Мағауин. Төлен Әбдік ағаң тұр тағы. Прозаиктердің шеберлігі Әуезов пен Аймауытовтан кейін таусылғандай көресіңдер сендер. Егер Мағауин мен Төлен өзбектердің маңдайына біткенде, екеуін әлдеқашан Нобель сыйлығына ұсынар еді.
- Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан - Қарлыға ИБРАГИМОВА

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515