Жұма, 29 Наурыз 2024
Деп жатыр 3082 1 пікір 26 Мамыр, 2022 сағат 13:20

Біртановтың соты: «Соңына дейін күресемін»

Елжан Биртанов

Сотқа кіріп бара жатқан Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов көңіл-күйінің жақсы екенін айтыпты. Ол өзіне сенімді және соңына дейін күресетінін мәлімдеген. Біртанов сот отырысы өткенге дейін істің мән-жайын ашуға рұқсат жоқ екенін жеткізді.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үстінен қылмыстық іс 2020 жылдан бастап қозғалды. Әуелі оның орынбасары Олжас Әбішев 2020 жылдың тамыз айында «ақпараттық жүйелерді құруға бөлінген 500 миллион теңгеге жуық ақшаны жымқырды» деген күдікке ілініп, ұсталды. Сол жылдың қараша айында Елжан Біртанов «аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды» деген күдікпен ұсталады.

«Біртанов ісі» бойынша тергеу 2021 жылдың 7 шілдесінде аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша, экс-министр Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішев жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап алған. Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің деректері бойынша олар мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал келтірілген.

Біртанов барлық айыптауларды жоққа шығарған еді. Өзіне тағылған айыптарды Қазақстан тарапы халықтың мұқтаж бөлігін дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету үшін сатып алатын «дәрілік препараттарды ұрлаудың» болжамды схемасымен байланыстырған. Ол бұл схемаға «шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының рұхсатын пайдаланып» дәрі-дәрмекті шетелге алып шығатын ірі фармацевтикалық компаниялардың қатысы бар екенін айтқан.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметін 2017 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы маусымның соңына дейін атқарды. Оның басшылығы кезінде коронавирус инфекциясы таралып, өте күрделі уақытқа тап келді. Сол кезде Біртанов әлеуметтік желідегі парақшасында коронавирустың асқынған түрімен ауырғандықтан қызметінен босату туралы өтініш бергенін жазды.

«Бүгін мен Мемлекет басшысына денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш бердім. Өкінішке орай, менде пневмониямен асқынған коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша емдеу қажет. Сонымен бірге, қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігі министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да саланың толыққанды басшылығы қажет деп санаймын»,- деген еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610