БІЛІКТІЛІКТІ бағалаудың ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ КЕРЕК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы 30 қазанда өткен отырысында мамандар біліктілігін растаудың тәуелсіз жүйесін құру туралы әңгіме қозғалды. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық мақаласында, Назарбаев Университетінде оқыған интерактивті дәрісінде берілген осы жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.
Отырыста әлемдік тәжірибеге жан- жақты талдау жасалды, Оңтүстік Кореяның тәжірибесін үлгі ретінде алуға болатыны айтылды. Аталмыш мемлекетте 1973 жылы «Техникалық біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы» заң қабылданып, 7 жалпыұлттық деңгей белгіленген және бір деңгейден екінші деңгейге көшу тәуелсіз кәсіби тестілеудің қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылады. Нәтижесінде елдің ішкі жалпы өнімінің көлемі 100 еседен астам өсіп, Оңтүстік Корея әлемдегі технологиясы үздік елдердің қатарына қосылды.
Еуроодақ елдері де осы үрдіске ден қойып отыр. Мұнда ұлттық шеңбердің үлгісі ретінде біліктіліктің еуропалық шеңбері ұсынылды. Оның негізінде біліктіліктің салалық шеңбері айқындалып, кәсіби стандарттар жасалуда.

Осындай талдаулардың және жаңа методологиялардың нәтижесінде Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесін жасау бағытында біршама істер тындырылды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығымен біліктіліктің ұлттық шеңбері жасалып, бекітілді. Ол ел аумағындағы сегіз деңгей бойынша тұтастай еуропалық жобаға сәйкестендірілген.Ұлттық шеңбердің негізінде білім және ғылым, еңбек, ауыл шаруашылығы салаларында біліктіліктің салалық шеңберлері әзірленді. Кәсіби стандарттарды жасау қолға алынды. Кәсіби стандарттар қазірдің өзінде мұнай-газ, туризм, машина жасау, аграрлық салаларда және 118 мамандық бойынша жасақталды. Әлемдік тәжірибе ескеріле отырылып, Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жасалған жоба аясында бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде кәсіби біліктілік жүйесі туралы жаңа заң қабылдау міндетін қойған болатын. Осыған орай Еңбек кодексіне, «Білім туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласында аккредитациялау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, біліктіліктің ұлттық және салалық шеңберінде, кәсіби стандарттардың және мамандарды тәуелсіз сертификаттаудың базалық түсінігінде заңнамалық база қалыптасты. Сондай-ақ, біліктілікті растаудың тәуелсіз орталықтарын құру жөніндегі жұмыстар қолға алынды.Салалық қауымдастықтарға «Кәсіпқор» холдингі әдістемелік көмек көрсетуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 57 млн. теңге қарастырылып отыр. Біліктілікті тәуелсіз растаудың және бірқатар мамандықтар бойынша біліктілік талаптарының институционалдық үлгісі жасалды.
Тұтастай алғанда бүгінгі таңда Қазақстанда мамандарды сертификациялаумен айналысатын 20 шақты ұйым бар. Олардың 5-і халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуде. Бұл, сөз жоқ, біздің елімізде біліктілікті растау жүйесін жасау бағытында сенімді де нақты шаралар жүзеге асырылып жатқанын аңғартады.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
СЕНІМДІ ҚАДАМ, ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Соңғы жылдардың бедерінде еліміздің білім беру саласы орасан өзгерістерге ұшырап отырғаны белгілі. Мамандарды даярлаудың көпдеңгейлі қалыбы мен тәуелсіз бағалаудың сапалы үрдістері тың түсініктер мен ұғымдарға жаңарып, түбегейлі серпін алып жатыр десек артық айтқандығымыз болмас. Еліміздің тағдыр талайы да білім берудің қарқынды өзгерістерімен ғана жарқын болмағы айдан анық. Елбасының білім қоғамын қалыптастыру арқылы адам капиталын құндыландырудың маңызын мағлұмдап-мәністеуі текке емес. Дөңгелек дүниенің түкпір-түкпірі еліміздің білім беру саласына қызыға-қызғана қарап, озық тәжірибесінен тағылым алуға бекінгендер де бар. Әлемнің озық жоғары оқу орындары өзіміздің отандық жоғары оқу орындарымен байланысын бұрынғыдан да жандандырып, қоян-қолтық жұмыс істеуге бейімді болып отыр.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2012 жылдың 30 қазандағы Үкімет отырысында мамандар біліктілігін растау мен білім берудің тәуелсіз жүйесін құру бағытында атқарылар істер жайлы сөз қозғап, ұлттық біліктілікті арттыруды талқылап-саралауға, қолдап-бағалауға шақырды. Бұл да болса, Елбасының тікелей тапсырмасы болып табылатын бастаманың біздегі білім жүйесі мен бизнес арасындағы бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі қарым-қатынасты түп-тамырымен өзгертуге бағытталған бағдарлы байлам-ұсыныстарының жүйелі өзегі болды.
Сонымен бір қатарда өңірлердегі мамандарды сертификаттауға «Атамекен ҰЭП» пен Республикалық техникалық-кәсіптік білімді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы қатысатындығы белгілі болды. Біліктілікті жетілдіру орталықтары білім беру мен еңбек рыногынан тәуелсіз болу керек. Сондықтан да мұндай орталықтарға айрықша тәжірибесі мен терең білімі бар кәсіби мамандарды тарту қажет. Бұдан бөлек дамыған елдердің озық тәжірибесін де ала отырып, қызметпен реттелетін кәсіптер саласының тізбесін жасау қажет екендігі, оны біліктілік сертификатымен заңды түрде бекітудің мейлінше дұрыстығын айтар едік. Мамандарды сертификаттау орталықтарының жұмысын жандандырып, бірыңғай әдістемелік және нормативтік деңгейде жұмыс істеу мен әлгі сертификатталған мамандардың ұлттық деректер базасын «Атамекен» ұлттық палатасы арқылы жұмылдырып, жүзеге асыру ұсынылғаны дұрыс деп есептейміз.
Шындығында реттелетін кәсіптерді бірізділікке түсіре отырып, кәсіптік стандарттар базасында жаңа оқу бағдарламаларын дайындап қана қоймай, техникалық және кәсіптік білім мен жоғары білімді бітірушілердің біліктілігін растаудың тәртібін келісу қажеттілігі аңғарылды.
Уақыт ілгері озған сайын еліміздің білім қоғамын бәсекеге қабілетті немесе заманауи жаңа сапалы мамандармен қамтамасыз ету маңызды болмақ. Бұл мамандардың хал-қадерінше қаруланып, біліктілік деңгейінің ұдайы әрі серпінді адым басуына мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, мамандарды сертификаттаудың жаңа жүйелі механизмін пысықтауыңыз арқылы біз білім саласының мамандары біліктілікті растауға бар пейілімізбен қызу қолдап, мүддеміздің де мейлінше тұтасып, аталған жобаның кеңейіп, дамуына сеніміміз кәміл. Осынау аумалы-төкпелі заманда Қазақстанның бәсекелік әлеуетін арттырып, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына, әлемдегі технологиясы дамыған елдер қатарына қосылуына мүмкіндік беретініне үмітіміз де мол.
Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінің ректоры,
техника ғылымдарының докторы,
профессор.
_________________________________
"Абай-ақпарат"