Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 4431 23 пікір 31 Мамыр, 2022 сағат 16:13

Василий Шахгулариді кім «арсылдатып» отыр?

Сонымен 2021-2022 оқу жылы да аяқталды. Бірақ еліміздегі 29,4% құрайтын аралас мектептердің ана тілін ардақ тұтушы ұстаз Аятжан Ахметжан, мәжіліс депутаты Қазыбек Иса т.б. күш-қайрат көрсетіп, басым бөлігінің бірыңғай қазақ тіліндегі білім ошақтарына 2022-2023 айналуына қатысты мәселені төтесінен қоюы еліміздегі орыс тілді БАҚ беттеріндегі айқай-шуды бастап кетті.

Бастап кеткенінің тағы бір басты себебі – Ресей азғын мемлекетке айналуы себеп болды десек жалған айтпаймыз. Жорналшы қандасымыз Камилла Азнабакиева «Караван» басылымында «Русский язык останется жить наравне с казахским» атты сұхбатында ЮНЕСКО сарапшысы, «Tmpressio» білім беру орталығының директоры деп танылған, тегі әрмен Василий Шахгулариден қазақты оқытып-үйрететін ғибратты оқырман алдына тартады.

Енді осы сұхбаттың қитұрқы сұрағы мен оған берген аяр жауапқа назар аударайық.

«- На 2021 год были такие данные: в Казахстане более 53% школ ведут обучение только на казахском языке, 16,6% – на русском языке, 29,4% школ – на казахском и русском. Как вы считаете, что грозит стране при переходе на обучение исключительно на казахском языке?

- Это будет потерей. Потому что мы знаем испокон веков, как говорил наш великий просветитель Абай Кунанбаев: если вы хотите изучать культуру, науку и так далее, учите русский язык. Этот язык дает возможность выхода на мировую арену. Мне кажется, что такого не будет и русский язык останется в Казахстане наравне с казахским. Понятно, что казахский язык должен быть на первом месте, но другие языки тоже должны развиваться. Не только русский, но и английский, потому что если вы помните, у нас было введено трехъязычие. У нас во власти мудрые руководители, которые никогда на отказ от полиязычия не пойдут».

Осылайша орыс тілді қос отандасымыз Хакім Абайдың ғибратын ыңғайларына қарай құбылтып, 30 пайыз аралас мектеп ешқашан қазақ тілді мектепке басы бүтін айналмауы керек деп өздік үкім шығарады.

Сонда осы 29,4% құрайтын аралас мектептердің басым бөлігінің бірыңғай қазақ тіліндегі білім ошақтарына айналуына өз уәжін айтқан Василий Шахгуларидің білім беруге еш қатысы жоқ, тек белгілі бір салада біліктілігін көтерушілердің қалтасын қағушы екеніне ол басқаратын «Tmpressio» білім беру орталығының 26 түрлі тауары мен қызмет көресту түрінен ұғына аламыз.

https://edumart.kz/ сайты еліміздегі барша білім беру орталықтарының тізімін берген екен. 148 беттік тізімнің әр бетінде 12 оқу орталығы бар, осындай тілі орысша қанша орталықтың елімізде қызмет етіп майшелпекке бөгіп жатқанына көз жеткізуімізге болады. Осы сайттан қазақша ақпарат іздесеңіз, онда:

Қырғыз https://312.kg/детские-образовательные-центры-в-биш/

бен өзбек https://uz.yellowpages.uz//rubrika/oquv-markazlari?pagenumber=20

елдерінде де қосымша білім беру саласында орыс тілі үстемдік құруда екендігін аңғарамыз.

Журналист Есжан Ботақара 1,5 миллионға жуық бала аралас мектепте білім алып жатыр деп: «Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова  орыс мектептерін қазақтандыру процесін дене шынықтыру, тарих, география, технология сияқты пәндерден бастау керек деген пікір  айтты. Өз қызы мен жиенінің қазақша жақсы сөйлейтінін алға тартқан депутат ханым қазақ тілінің орыс мектептерінде өгейлік көріп отыруына тіл оқыту бағдарламасының жарамсыздығы кінәлі деген уәж айтады. Қызды-қыздымен қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту бағдарламасы өзге ұлттар тіл меңгермеу үшін қолдан қиындатылып отырған сияқты деп қалды. Мәжіліс өкілі келешекте салынатын 800 мектептің бәрі қазақ тілінде білім беруі керек деген талапқа да қырын қарайтынын жасырмады». https://inbusiness.kz/kz/news/aralas-mektepter-kaj-eldin-azamatyn-tarbielep-zhatyr

Қоғам алдында ұлттық күн тәртібінде қазір ұзын саны 29,4% құрайтын аралас мектептердің ана тілімізде білім беретін оқу ошағына айналдыру мәселесі тұр. Біз алдағы 2022-2023 жылында соған қол жеткізе аламыз ба? Осы 29,4% тек қазақ тілінде білім беріп жатқан 53%-ға қосылатын болса, алаш елі көп нәрсе ұтар еді. Бұған қоғам мен билік дайын ба?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036