Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2715 6 пікір 8 Маусым, 2022 сағат 14:37

Патриотизм рәміздерді қастерлеуден тұрмайтын шығар?

Рәміздерді қастерлеуге байланысты бір ой.1984 жылы Техас астанасы Далласта Республикалық партияның ұлттық жиыны өтеді. Жиын өтіп жатқан күні президент Рейганның саясатына қарсы үлкен марш ұйымдастырылады. Сол маршқа қатысқандардың ішінде Грегори Ли Джонсон есімді америкалық та болған еді. Президентке көңілі толмайтындығының белгісі ретінде ол АҚШ туын өртеп жібереді.

Сол кездегі заңға сәйкес, Техас штаты Джонсонды туды өртегені үшін жауапқа тартып, соттайды. Джонсон сот үкімімен келіспей, АҚШ Жоғары сотына жүгінеді. Сотта Джонсон өз әрекетін былай деп түсіндіреді: "Туды өртеу - бұл "бейнелі сөзге" (symbolic speech) жатады. Яғни АҚШ Конституциясына енгізілген бірінші толықтыруда менің сөз бостандығыма кепілдік берілген. Сондықтан сендер мені соттау арқылы сөз бостандығына қиянат жасап отырсыңдар" - дейді.

Жоғарғы сот Джонсонның уәжімен келіседі де, оны ақтап шығады. Тарихқа "Техас Джонсонға қарсы" деген атпен кірген бұл кейс АҚШ-та ту өртеуді заңдастырады. АҚШ-пен қатар Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты басқа да бірнеше елде туды өртеу заңға қайшы емес. Осы заңға сүйеніп, әлгі елдерде қаншама рет ту өртелді. Қастерлі туларын өртеп жатқан елдердің жағдайы мүшкіл, патриорттық сезімдері әлсіз, әскерінің моральдық рухы төмен дей алмаймыз. Бәлкім патриотизм рәміздерді қастерлеуден тұрмайтын шығар?

Нұрбек Матжани

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379