Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2248 0 пікір 15 Қараша, 2012 сағат 08:13

Дәурен Қуат. Есеміз кеткен... енді есептеуіміз керек

КСРО құрамындағы 15 республиканың бірі болды демесек, Балтық бойы елдерімен таныс-білістігіміз шамалы еді. Қазақ жирен шашты, көк көздінің бәрін «орыс» дей береді. Немісте - орыс, орыста - орыс. Сондай «орыстың» бірі латыш дейтін халық-ты. Сол латыш, жалпы Балтық бойының жұрты, бізге қазір тым ыстық көрінеді. Неге? Өйткені, тағдырлас, мұңдас екенбіз. Бірге зар мен шер кешіп, жеген таяғымыз тайқы маңдайымызда қатар аунап жүріпті. Біздің желтоқсаншы батырлар одыраңдаған Одақты (Советтер Одағын) бір сілкіп алғанда, байқұс Балтықтың балаша қуануының себебі де әлгі тағдырластығымыздан тамыр тартқан толқыныс көрінеді. КСРО кәртиеп, кәусеп, тіз киімін көтеріп кие алмай, қураған тіл мен жаққа айналған тұста Балтығымыз алды-артына қарамай тартып отырды. Батысына. Өз төркініне. Угро-фин жұртына. Сөйтсек, латыштың, литванның, эстонның орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды екен. Сонысын әйгілеп Балтық бодандықтан бас тартудың  ғана емес, түбегейлі арылудың жолын бізге өнеге етіп көрсетуде көрсетіп-ақ келеді. Көкжиегімізді  көлегейлеп, көруге тиіс нәрсені көрмей, көрместі көріп, білуге тиісті нәрсені білмей, білместі біліп  қыртып жүрген қырдағы қазақ болмаса, «есейген ел» ендіге ес жиып үлгерген сияқты. «Есейген ел» деген сөздің екі жағынан жақша қоюымыздың себебі бар. Себебі бұл сөз - Латвияның әділет министрі Янис (Жаныс) Борданс мырзаның сөзі.

КСРО құрамындағы 15 республиканың бірі болды демесек, Балтық бойы елдерімен таныс-білістігіміз шамалы еді. Қазақ жирен шашты, көк көздінің бәрін «орыс» дей береді. Немісте - орыс, орыста - орыс. Сондай «орыстың» бірі латыш дейтін халық-ты. Сол латыш, жалпы Балтық бойының жұрты, бізге қазір тым ыстық көрінеді. Неге? Өйткені, тағдырлас, мұңдас екенбіз. Бірге зар мен шер кешіп, жеген таяғымыз тайқы маңдайымызда қатар аунап жүріпті. Біздің желтоқсаншы батырлар одыраңдаған Одақты (Советтер Одағын) бір сілкіп алғанда, байқұс Балтықтың балаша қуануының себебі де әлгі тағдырластығымыздан тамыр тартқан толқыныс көрінеді. КСРО кәртиеп, кәусеп, тіз киімін көтеріп кие алмай, қураған тіл мен жаққа айналған тұста Балтығымыз алды-артына қарамай тартып отырды. Батысына. Өз төркініне. Угро-фин жұртына. Сөйтсек, латыштың, литванның, эстонның орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды екен. Сонысын әйгілеп Балтық бодандықтан бас тартудың  ғана емес, түбегейлі арылудың жолын бізге өнеге етіп көрсетуде көрсетіп-ақ келеді. Көкжиегімізді  көлегейлеп, көруге тиіс нәрсені көрмей, көрместі көріп, білуге тиісті нәрсені білмей, білместі біліп  қыртып жүрген қырдағы қазақ болмаса, «есейген ел» ендіге ес жиып үлгерген сияқты. «Есейген ел» деген сөздің екі жағынан жақша қоюымыздың себебі бар. Себебі бұл сөз - Латвияның әділет министрі Янис (Жаныс) Борданс мырзаның сөзі. Әлгінде айттық қой, Балтық бодандықтан арылудың жолын біздей мұңлықтарға көрестуде көрсетіп-ақ жүр деп. Соған келейік. Аталған мемлекеттің бюджет басқармасы «Совет оккупациясының» зардаптары мен келтірген шығынын есептейтін комиссияның жұмысын қайтадан қаржыландыруға ықылас білдіріп, қазынадан 10 мың лат (яғни, 18 мың доллар) көлемінде қаржы бөліп жатыр. Отаршылдықтың ойранын есептеуге жұмыла кіріскен ұйым өз жұмысын 2005 жылы бастаған еді. 2009 жылы елдегі экономикалық дағдарыстың салдарынан іркіліп қалған. Енді міне, қайтадан қалам қағазын ыңғайлап іске кірісіпті. Осы орайда  елдің ұпайын түгендеп, есесін қайтаратын жұмыс үшін қандай уақытта да қаржы табуға болатынын айтқан әділет министрі: «Есейген елдің ішінде мұндай іске қатысты сұрақ тумауы керек», - деді. Борданс мырзаның «сұрақ тумауы керек» дегені - «қаржы-қаражат мәселе болмауы керек, «Совет оккупациясының» зарадаптары толық есептелуі керек» дегені.

Балтық - Совет Одағының құрамына 1940 жылдары ғана кірген аймақ. Гитлердің ықтимал шабуылын сылтау еткен Кремль Шығыс Еуропаға көз тігіп отырып Балтыққа да Совет әскерін төгіп жіберген. Қызыл әскер қылышын қандап жүріп ол өлкеден де коммунистердің күшін жасақтап, ақырында қауқары кем халықты бөзек қақтырып дәргейіне жығып тынған-ды. Одан бері 70 жылдан астам уақыт өтті. Арада екі үш ұрпақ ауысты. Бірақ Балтық баяғы көрген қорлығы мен зорлығын ұмытар емес. «Совет оккупациясына» ашықтан ашық Ресейді айыпты таниды. Әлдекімдер секілді «ол заманда орыс халқы да қасірет шекті ғой»деп жақауратпайды. Оккупациядан келген шығынды бақыр тиынына дейін есептеу Латвиядағы орыс қауымының көзін Совет Одағының сұмдықтарына жеткізе түсу үшін де керек болып тұрғанға ұқсайды. «Әдетте біз саяси әңгімелерді айтқанда әртүрлі көңіл-күйдің ауанына беріле береміз. Ал, нақты цифрды тергенде, отаршылдықтың латыш территориясындағы көріністері мен экономикасына тигізген залалын еспетегенде, ес жиғандай боламыз. Сондықтан бұл есептің мәні зор», - дейді Жаныс Борданс мырза.

Жаныс (Янис біздің тілімізде осылай айтылады) Борданс мырзаның еліндегі комиссияның жұмысын Қазақстанда жалғастыруға болады ма? Әбден болады. «Совет оккупациясының» зорекер ісін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне тигізген залалы тұрғысынан есептеп жүрген ұйымдар бізде де бар шығар, бірақ мен ондай ұйымның жұмысынан бейхабарлау екенмін. Сол үшін оқырман қауымнан ғафу өтінемін. Есесіне Совет өкіметінің қазақтай қорғансыз, бейбіт елді қырып-жойған қаныпезерлігі туралы деректі шығармаларды біраз білемін. Соны қазақ білсін, ғаламтордағы жаһан жұрты білсін деп аштық, зұлмат, репрессия, тың игеру жылдарын зерттеп жазып бастаған қаламгерлеріміздің еңбегін порталымызда үзбей жариялап  келеміз. Оның үстіне бұл тақырып - томаға тұйықтау қазақ қоғамындағы бірден бір ашық тақырып қана емес, ұлтты оятатын, ұлтты жаңаруға,  іштей түлетіп,  жаңғыруға жетелейтін көшбасшы, көсем тақырып болып тұр. Аталған тақырып бойынша жазылған, жарық көрген  материалдардың жалпы жиыны бір академия атқаратын істің ауқымын алып болды.   Бәрін бас-басына түгендемей-ақ осы сөзімізге Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мен «Арыс» баспасының күні бүгінге дейінгі жазған, сызған, таспаға түсірген дүниелерін айтсақ та жетіп қалар. Бірақ осынау есіл еңбек еш болып жатқанға ұқсайды. Өйткені, қазіргі қызылды-жасылды қазақстандықтар мен сол қазақстандықтар білуге тиісті шындық пен рухани кеңістік мүлде кері сипатта қалыптасуда. Әйткенменде ұлт баспасөзінің міндеті айту, жазу, қайткенде қоғамдық пікірге ықпал ету. Соның тағы бір мүмкіндігі қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай  апта сайын, ай сайын «Совет оккупациясының» зарадаптарын, халық шаруашылығына әкелген шығынын есептеп, жариялап отыру деген байламдамыз. Иә, біз есеміз кеткен елеміз, енді соны есептеуіміз керек, есеп айырыса беруіміз керек.  Ал, оны кім есептейді? Құдайға шүкір, бізде қазір ұлттық ұйымдар мен қозағалыстар бар, солардың бірі тәуекел етсе болады. Керек десеңіз, мұны тіпті үкіметтік органдар, мысалы статистикалық агенттік өзінің есеп-қисабының бір саласы ретінде қарастырса да артық етпейді. Бұл есеп Ресейдің ретті-ретсіз саяси мәселелерді Қазақстанға тықпалай беретін әрекетіне әредік тосқауыл болуға жарап жатса, оған еш таң қалмаймыз. Өйткені, Жаныс Борданс мырза: «Ресейден КСРО-ның мұрагері ретінде өтемақы өндіріп алу мүмкін емес, өйткені «мұрагердің» пиғылы өзгерген жоқ. Алайда, оккпуацияның зардаптарын есептеу арқылы оның екпінін тежеп отыруға болады», - дейді.

Латвияның Ресейден дауламақ өтемақысының көлемі әзірге 18 млрд долларға жетіп жығылған көрінеді. Жерінің көлемі шағын, халқының саны аз латыштың шығыны осыған жеткенде, қоңды қонысынан айрылып, тұқымы тұздай құри жаздаған (Құдай сақтасын!), даласы сынақ алаңдарының дүмпуінен аспан астында қатып-семген қазақтың «қалжаға» сұрайтыны қанша болады екен?..

«Аbai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440