Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2153 0 пікір 10 Қараша, 2012 сағат 08:26

Ғылымды басқарудың жаңа моделі жаңалықтар мен игіліктерге бастайды

Білім және ғылым министрі қазақстандықтардың дипломдық жұмысты, тіпті дипломның өзін сатып алуы сияқты кесір құбылыстың тарихқа кетіп ба­ра жатқандығын жариялады. «Жалпы, интернетте дипломдық еңбекті, дип­ломды сатып алу деген өткеннің еншісіне кетіп барады, - деп мәлімдеді кеше Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. - Өйткені жоғары оқу орындары тек диплом ғана береді, бірақ оның сыртында енді жас маман тәуелсіз ат­тестациялық ұйым алдында өзінің біліктілік-квалификациясын растауы қа­жет. Сонда барлық жерде оның табақтай дипломы емес, біліктілігін раста­ған-растамағандығы маңызды болады!» деп шарт түйді министр. Білім және ғылым министрі мұндай мә­лім­демені Сенатта өткен Ғылым және Үдемелі ин­дустрияландыру тақырыбындағы конфе­ренция аясында жасады. Мұның сыртында Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанның «про­фессор», «доцент» атақтарынан бас тартып, «магистр», «доктор PhD»-ға ауысып жат­қа­нын да хабарлады. Ол ол ма, Қазақстанның «батыстық атақтарға» осы құмарлығы көр­шілерге де жұғуы мүмкін: ми­нистрдің ай­туын­ша, оларға да «осы тәжірибе дұрыс» де­ген түсінік келе бастапты.

Білім және ғылым министрі қазақстандықтардың дипломдық жұмысты, тіпті дипломның өзін сатып алуы сияқты кесір құбылыстың тарихқа кетіп ба­ра жатқандығын жариялады. «Жалпы, интернетте дипломдық еңбекті, дип­ломды сатып алу деген өткеннің еншісіне кетіп барады, - деп мәлімдеді кеше Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. - Өйткені жоғары оқу орындары тек диплом ғана береді, бірақ оның сыртында енді жас маман тәуелсіз ат­тестациялық ұйым алдында өзінің біліктілік-квалификациясын растауы қа­жет. Сонда барлық жерде оның табақтай дипломы емес, біліктілігін раста­ған-растамағандығы маңызды болады!» деп шарт түйді министр. Білім және ғылым министрі мұндай мә­лім­демені Сенатта өткен Ғылым және Үдемелі ин­дустрияландыру тақырыбындағы конфе­ренция аясында жасады. Мұның сыртында Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанның «про­фессор», «доцент» атақтарынан бас тартып, «магистр», «доктор PhD»-ға ауысып жат­қа­нын да хабарлады. Ол ол ма, Қазақстанның «батыстық атақтарға» осы құмарлығы көр­шілерге де жұғуы мүмкін: ми­нистрдің ай­туын­ша, оларға да «осы тәжірибе дұрыс» де­ген түсінік келе бастапты.
Жалпы, ғылымды басқарудың кеңестік, кө­нерген жүйесін өзгерту керектігі жөніндегі түсі­нік те министрлікке өздігінен келген жоқ. Бұл мәселені сарапшылар мен ғалымдар көтерді. Олар­дың сөздері Елбасыға жеткен. «Ғылым­ды басқарудың жаңа моделін Ақордадағы үлкен ке­ңесте Мем­лекет басшысы ұсынған болатын, - деп мойын­дады министр. - Жа­ңа модельде Ел­басы отандық ғылымды дамы­тудың жаңа ба­-
ғы­­тын көрсетті. Бұл - ғы­лымды әлемдік деңгейге жеткізу және эко­но­миканы инновациялық дамытуға нақты үлес қосу. Оны бекіту үшін қы­руар жұмыс атқа­рылды. Ғылым туралы 2011 жы­лы жаңа заң қабылданды. Онда ғалымдарға үлкен рөл берілді. Ғылымды қаржыландыру жүйесі түбегейлі өз­гер­ді. Нәтижесінде соң­ғы 2 жыл «өз­герістер жылы» болды». Атап айт­қанда, бірінші­ден, ғылымға арна тартар қаржы тасқыны 2,5 есе ұлғайыпты: егер 2010 жылы осы мақсатқа мем­лекет 20 мил­лиард теңге бөлсе, биыл 48 миллиард бағыттап отыр.
Екіншіден, Б.Жұмағұловтың сендіруінше, қазақстандық ғылымда кадр мәселесі шеші­луде. Әйтпесе, министрдің айтуынша, бұған дейін ғы­лымда келеңсіз құбылыстар жүрген: ғылыми кадр­лар қартайып кеткен, ғалым­дардың саны күрт азайған, біліктілігі, қарым-қабілеті жеткен­дері «бизнеске, қаржылық құрылымдарға кетіп қалған». Елбасы ұсынған жаңа модель жастардың ғылым болашағына деген сенімін күшейткен. «Қа­зір жағдай дұрысталып, жастар ғылымға бет бұра бас­тады. Олардың өздерінің ғылыми әлеуе­тін жүзеге асыруларына жағдай жасалуда» деді Білім және ғылым министрі.
Қазақстанның тек батыстық ғылыми атақ­тарға ғана емес, сондай-ақ ғалымдарына да кө­ңілі құлап отыр. Кеше Білім және ғылым ми­нистрі «дәріс оқуға, зерттеулер жүргізуге шет­­-
ел­­ден жылына мыңнан астам профессор ша­қыру» ниетін жария етті. «Бұған жағдай бар» деп қосты ол. Министрдің дерегінше, олар жай ке­ліп, қайтпай, елімізде кем дегенде 1 айдан 1 жыл­ға дейін болады.
Рас, бұдан «қазақстандық ғалымдардың әле­уе­ті олардан төмен» деген ұғым қалыптаспауы ке­рек. Бақытжан Жұмағұлов бүгінде қазақ­стан­дық ғалымдардың жаһандық жетекші ғы­лыми басы­лымдарда жарияланған материал­дарының кө­лемі 2 есе өскендігін жеткізді. «Бұрындары төмен еді, былтыр 478 мақала әлемдік әртүрлі басы­лымдарда жарық көрді. Ал биылғы тек жар­ты жыл­да ғана ендігі 500-ден асатын материал жа­рия­ланып отыр. Жыл соңына дейін мыңға жетеді деп күтілуде» деген министр отан­дық ғұла­малардың зерттеу мақалаларының са­пасы ба­тыстық әріптестерінікінен төмен емес­тігін нық­­тады: «Мұны цитата жасау индексінен кө­реміз. Былтыр қазақстандық ғалымдар ма­қала­ларына әлем бойынша сілтеме жасаулар 3 есе артты». Ресми дерек бойынша 2010 жылы қазақ­стандық ЖОО-лардың ғылыми жобаларға қаты­су үлесі небәрі 33% пайыз болған, енді қазір 57%-ға жетіп отырған көрінеді. Конференция аясында арнайы көр­ме жұмыс істеді, онда еліміздің жетекші ЖОО-лары жиынға қатысушылар назарына инновациялық жобаларын жайып салды. Осы орайда министр
Б.Жұмағұлов бүгінде 200-ден астам ғы­лыми жоба әзір екендігін айтты. Әйт­кенмен олардың кең өндіріске бірен-сараны ғана шығуы мүмкін. Мәселен, көрмеде техника ғылым­дарының докторы, профессор Х.Байшағыров желден қуат өндіретін қондырғысын паш етті: мемлекеттің Ғылым қорының гранты негізінде Қазақстан мен ТМД тарихында тұңғыш рет диффузоры бар композициялық жел энергетикалық құрылғысының (ЖЭҚ) сынақ үлгісі жасалыпты. 2004 жылы жүргізілген сынақтар диффузоры бар ЖЭҚ-тар онысы жоқ құрылғыларға қарағанда, кернеуі 40-50%-ға жоғары тоқ өнді­ретіндігін көрсетіпті. Яғни бұл құрылғы аналогтарынан екі есе қуатты екен. Профессор Х.Байшағыров салмағы 95 келі, мұнарасының биіктігі 4 метрді құрайтын бұл ЖЭҚ-тың 1 кВт қуат өндіретіндігін айтады. «Бұл мәселен, мың қойы бар шопанға малдарын суғаруға және басқа қажеттіліктеріне жетер еді» дейді ол. Әйткенмен бұл ғылыми әзірлеме сынақтық үлгісінің жасалуынан әрі ілгерілемепті. Диф­фузорлы ЖЭҚ-ты тек «оның сынақтық партиясын жасауға бағытталған ғы­лы­-ми зерттеу-сынақтық конструкторлық әзірлемесін жүргізгеннен» кейін ғана жаппай, сериялық өндіріске жіберуге болады екен. «Бұл кезеңдер мемлекеттік құрылымдардың немесе жеке капи­талдың қаржыландыруын қажет етеді» деп мұңаяды профессор. Оның ай­туынша, егер өндіріске қойылса, әрбір қондырғының құны небәрі 2,5-3 мың доллар болмақ (шетелде жел қон­дырғылары 20 мың доллар тұрады).
Жалпы, мұндай істермен Білім және ғылым министрлігі құрып жатқан ар­найы құрылымдар айналы­сулары керек еді, алайда кеше министр тек бүгінде
9 коммерциялау офисі құрылғандығын хабарлаумен шектелді. Демек, бұл іс кө­бірек ден қоюды талап ететіндей. Әйт­песе министрлік ғылы­ми әзірлеме­лерді арттыруға көбірек сал­мақ салып жат­қандай. «10 инновация­лық университет іріктелді. Тек «иннова­циялық» болғаны үшін ғана оларға, ғылыми зерттеулер жүргізулеріне 200 миллион теңге қосымша қаржы бөліп отырмыз» деді Б.Жұмағұлов. Әйткен­мен бұл халық қаржысын босқа шашу болып шығуы ғажап емес: егер универ­ситеттер ойлап тауып жатқан техни­калық-техноло­гиялық жаңалықтар­ды бүгін-ақ тездетіп өмірге, өндіріске шығарып, әжетке жаратпаса, ертең олар ескіріп, керексіз болып қалуы мүмкін, Елбасының өзі инновациялардың өз­дері күн сайын қайта жаңаратындығын ес­керткен.
Жиында баяндама жасаған Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру үшін тағы 13 салалық және 9 функционалдық бағ­дарлама қабылданғандығын жария етті.
Индустрия және жаңа технология­лар министрлігінің биік лауазымды өкілі тағы бір хабар айтты. Қазақ жерінің мол қазынасын көсіп-қазып алып жатқан ірі «жер қойнауын пайдаланушыларға» өз табыстарының 1%-ын қазақстандық ғылымды дамытуға жұмсау талабы қойылған. Қазір министрлік олармен бірлесіп, осыншама долларды қайда бағыттауға болатынын талқылауда екен.
Тағы бір жаңалық: алда Президенттің Қазақстанды ғылыми-технологиялық дамыту бағдарламасы жариялануы мүмкін. Бұл ретте корей елінің жәрдем­десуімен, Қазақстан үшін «өте маңызды» 75 технология анықталыпты. Олар 7 саланы қамтитын көрінеді. Ел Үкіметі 10 жыл ішінде осы 75 технологияны елімізде түбегейлі ендіруге міндеттеледі деседі. Үкімет қызметінің тиімді-тиім­сіздігі соған қарап бағаланатын болыпты.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522