Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3960 7 пікір 13 Маусым, 2022 сағат 13:17

Үш ай соғыс - үш сценарий

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш айдан асты. Әлемнің әккі әскери сарапшылары түрлі сараптамалар жасауда. Олар Ресейдің бір апта ішінде Киевті басып алады деген болжамдарының іске аспағанын мойындап, Ресей әскери күшін тым жоғары бағалағанын айтады. 

Сарапшы Роберт Мэннинг Украина соғысына қатысты үш түрлі сценарийді келтіреді. Ол соғыс әлі шешуші фазаға жетпеді деген ойда.

Бірінші сценарий бойынша Ресей Украинаны алқымнан алуды тоқтатпайды. Ресей Қырымға апаратын құрлық жолын басып алып, оны нығайтуда. Украинаға тиесілі болған Қара теңіз жағалауының бір бөлігіне иелік етуде. Ендігі уақытта ол Одессаға шабуылын үдетіп, Киевті теңізден айыруды көздейді. Путиннің мақсаты Приднестровьеге дейін жетіп, Молдовамен шекара ашу және НАТО-ға қарсы күш ретінде аталмыш аймақты әскери база құру дейді ол. Путин Украина соғысы арқылы: "Қырымды НАТО Ресейдікі деп мойындауы тиіс деген логикамен әрекет етуде, алайда НАТО оны мойындамайды және санкцияларды алмайды", - дейді сарапшы.

Әлемде Ресейдің әрекетінен жанармай және астық тапшылығы артып, көптеген елдерде толқулар болуда. Бұл өз кезегінде Ресейден санкцияны әлсіретуге деген ұрандарды көбейтеру анық. Ресей оны жақсы түсініп, Украина порттарын блоктауды тоқтатпайды дейді маман.

Екінші сценарий бойынша Ресей әскерінің Донбассты басып алуы үлкен адами және техникалық шығынмен аяқталады. Украина әскері Батыстық қарумен өз аумағын қайтара бастайды. 24 ақпанға дейінгі аймақты қайтарып алуы мүмкін. Алайда ары қарай жылжу позициясы мен қорғанысын күшейткен сепаратистер мен Ресей қорғанысын бұзып өтуге жетпейді. Сондықтан 24 ақпанға дейінгі аумақты қайтарған соң, Ресей мен Украина келіссөзге отырады.

Үшінші сценарий Украина барлық аумағын қайтарып алады. Батыс Ресей әскерінің рухы төмен екенін жақсы біледі және Ресейдің экономикалық әлсіреуі күшейген сәтте, Украинаға қару беруді арттырады. Салдарынан Ресей әскерінің ұрыс даласында шығыны артып, шегіне бастайды. Бұл Ресейде Путинді тақтан тайдыруға әкелетін процесстерді бастауы мүмкін.

Сарапшы дәл осындай үш түрлі сценарийді айтады. Мамандардың басым көпшілігі Путин әскері айтарлықтай жеңіске жетпесе, онда күзде Ресейде толқулар болып, төңкеріске ұласуы мүмкін деген ойда.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435