Досан Баймолда. Моңғолдар Ленин ескерткішін құлатты
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласының орталық көшесінде 1954 жылдан бері моңғол халқын жарқын коммунизмге шақырып келген коммунистердің ұлы көсемі В.И Лениннің ескерткіші қала әкімі Э.Батүүлдің шешімімен құлатылды. Жақында ғана қала әкімі болып тағайындалған моңғол демократиялық күштерінің бір жетекшісі Э.Батүүл моңғол халқы басынан кешірген қасіретті де қиын жылдарға Ленин және оның жақтастары кінәлі, сондықтан қала орталығында күншығысқа қарай қолын созып тұрған Ленин ескерткішін құлату туралы шешім қабылдап, оны іске асырдық деп мәлімдеді. Бір қызығы Кеңес елін құрушы, әлем пролетариаттарының нағыз көсемі деп дәріптелген адамның Моңғолия астанасындағы ең соңғы ескерткішін құлату іс-шарасына қала тұрғындары аса қызығушылық білдіре қоймаған. Ұланбатыр қаласының тұрғыны, тарих пәнінің мұғалімі Сергей Смоловтың айтуынша, олар (автор: қала әкімшілігінің басшылары) алдағы тарихты дұрыстауды, түзетуді ойлағанымен шын мәнінде өткендердің қатесін қайталауда. В.И.Ленин және оның ескерткіші Моңғол тарихының бір бөлшегі. Сондықтан ескерткішті бұзбай сол қалпында қалдыру керек еді. Мен бұны коммунизмге қарсылық деуден гөрі Орысқа қарсылық дегім келеді деді. С.Смоловтың өзі Орыс елінде большевиктер жеңіске жеткен соң Моңғолға қашып келген ақтардың үрім-бұтағы болса да тарихи ескерткіштерге деген өз көзқарасын осылай білдірген.

Ленин ескерткішін құлатардан бір апта бұрын қала басшылығы Моңғол-Совет халқының достығына арнап қаланың кіреберісінде 1956 жылы тұрғызылған «Достық қақпасы» деп аталатын ақ кіріпіштен қаланған үлкен қақпаны автокөлік жолын кеңейту мақсатында деп қиратқан болатын. Ұланбатыр қаласы әкімінің бұл іс шаралары солтүстіктегі үлкен көршінің Моңғолияға деген әсерінің күнен -күнге азайып бара жатқанын меңзейді. Ұланбатыр қаласында бір кез совет мамандары салған 2-3 қабатты ескі кірпіш үйлердің орынына қазіргі заманғы талапқа сай биік те әсем үйлер салынып жатыр. Бұрын қала тұрғындарының көбі орыс тілінде еркін сөйлейтін болса қазір орыс тілінде сөйлейтін адамдар тым азайып кеткен. Тіптен кезінде Совет одағында оқып білім алушы моңғол жастары орыс қыздарға үйленуді модаға айналдырған сол кез келмеске кеткендей дейді атын айтудан гөрі өзінің шыққан тегін моңғол әке, орыс шешеден туғанмын деп таныстырушы бір моңғол азамат.
Бүгінгі күні сегіз жүз мыңдай халқы бар Ұланбатыр қаласында саны өте аз орыс ұлтының өкілдері тұрады. Олардың көбі қызылдардан қашқан Барон Унгерн қосыны құрамында Моңғолға келіп осында қалып қойған ақтардың ұрпақтары. Оларды моңғолдар «местный орос» деп атайды. Жалпысы Моңғол 1912 жылы Қытайдан бөлініп автономиялық мәртебелі жеке ел болған кезден Орыстың саяси,экономикалық ықпалы басталған. 1921 жылы Моңғолияда орыс большевиктерінің басқаруымен «халық төңкерісі» орын алған күннен бастап орыстың ықпал, әсері күшейе бастады. Кремльдің қаржысымен Ұланбатырда өз жұмысын жүргізетін Орыстың мәдениет орталығының деректері бойынша Моңғолияда коммунизмге лағынат айтылып, тас лақтырылған 1990 жылы Моңғол жерінде 110 мыңдай орыстар өмір сүріп тұрыпты. Коммунизм құлаған соң ақ орыстар Моңғол жерінен елдеріне кете бастады. Бүгінгі жағдаймен Моңғолияда орыс төлқұжаты бар 1600 адам тұрады. Көбі моңғолша сөйлейді. Ұланбатырдағы Орыстың мәдениет орталығында күзетші болып істейтін Иван Базаров есімді азамат Орыс төлқұжатымен бұл елде тіршілік етудің жылдан жылға қиындап бара жатқанын айтады. Осындағы банкілер кредит бермейді, жер сатып алуға рұқсат етілмейді. Сырттың адамы екеніңді жылдан жылға сезіну күшейіп барады дейді ол. Осы орталықтың директоры Евгений Михайлов: Бұрын барлық мектептерде орыс тілі міндетті түрде үйретілетін. Қазір ондай емес. Қала бойынша бір-екі мектепте ғана орыс тілі үйретіледі дейді. Бұрын Моңғол сырт елдермен тек орыс тілі арқылы ғана байланысқа шыға алатын болса бүгін ол рөлді ағылшын тілі атқарып жатыр. Сондықтан орыс тіліне деген қызығушылық төмендеген. Бүгінгі күні Моңғолия жастары АҚШ,Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Оңтүстік Кореа, Малайзия секілді әлемнің көптеген елдерінде оқып, білім алып, еліне оралып Моңғолияның жаңа бетбұрыспен дамуына өз үлестерін қосуда.
Ақпарат көзі: EurasiaNet.org
«Abai.kz»