Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4686 0 пікір 23 Қараша, 2012 сағат 09:07

Абай Қалшабек. Толстойдың «шын сыры»

«Исповедь». Толстойдың терең әрі қуатты шығармаларының бірі. Бірегейі. Бұл шығарма 1879 жылы жазылған. Лев Толстойдың «Смерть Ивана Ильича», «Много ли земли нужно человеку», «Отец Сергий»,  «Воскресенье» сияқты жауһар туындылары басқа шығармаларынан мазмұн-мән жағынан да, тақырып тереңдігі жағынан да аса биік көрінеді.

Толстой - өзін өте қатыгез, қатал сынға алған жазушы. Шын мәнінде өзін ақиқи сын тезіне сала білген жан ғана шынның дәмін, ләззатын татпағы хақ-дүр. Осы орайда Абайдың «Қолымды мезгілінен кеш сермедім», «Жүрегіме қарасам , инедейін таза емес» дегендейін  өзі туралы өткір сындары еске түседі. Өзін қатты сынап, қателігін бүкпесіз мойындай білген өр тұлғалы Бауыржан Момышұлы да бұл тұрғыда өзін-өзі  аямағандардың бірі.

«Исповедь». Толстойдың терең әрі қуатты шығармаларының бірі. Бірегейі. Бұл шығарма 1879 жылы жазылған. Лев Толстойдың «Смерть Ивана Ильича», «Много ли земли нужно человеку», «Отец Сергий»,  «Воскресенье» сияқты жауһар туындылары басқа шығармаларынан мазмұн-мән жағынан да, тақырып тереңдігі жағынан да аса биік көрінеді.

Толстой - өзін өте қатыгез, қатал сынға алған жазушы. Шын мәнінде өзін ақиқи сын тезіне сала білген жан ғана шынның дәмін, ләззатын татпағы хақ-дүр. Осы орайда Абайдың «Қолымды мезгілінен кеш сермедім», «Жүрегіме қарасам , инедейін таза емес» дегендейін  өзі туралы өткір сындары еске түседі. Өзін қатты сынап, қателігін бүкпесіз мойындай білген өр тұлғалы Бауыржан Момышұлы да бұл тұрғыда өзін-өзі  аямағандардың бірі.

«Исповедь» - Толстойдың басқа өмірге бетбұрысы. Иман мен ақиқат іздеген жанның ащы зары. «Исповедь»- «талайғы кәрі дүниеден» мағына іздеп шарқ ұрған жанның жанайқайы.  «Исповедь»- Толстой рухының автобиографиясы. Толстойдың күнделіктері мен хаттарына, ол туралы зерттеу еңбектеріне назар аударсақ, 1870 жылдан кейінгі кезеңдерде оның ішкі әлемінде үлкен өзгерістер болғанын аңғарамыз.  Оның 1880 жылдан кейінгі шығармаларында өмір мен өлім, сенім мен ақиқат, адам өмірінің мәні сияқты тақырыптар терең қозғалады.1886 жылы жазылған «Много ли земли нужно человеку» әңгімесі де осы маңызды тақырыпты көтереді. Басты кейіпкер Пахомның өмірі жарық күнде Хақ нұрынан ғапыл қалып, сағым қуған адамдардың өмірін еске салып, оқырманды терең ойға жетелейді. «Отец Сергий» әңгімесіндегі басты кейіпкер Сергийдің ішкі әлеміндегі арпалысын, оның шындықты іздеу жолындағы жүрек тербетерлік ізденістерін оқығанда көзі қарақты адамның бей-жай қала алмасы хақ. Толстойдың қай шығармасын болмасын, адамның ішкі жан дүниесіндегі толғаныстар, адамның өз-өзімен болған күресі сыртқы оқиға желісінен гөрі басым мәнге ие екенін аңдаймыз. Бірақ бұл басымдық сюжет желісінің тартымдылығына ешқандай көлеңке түсіретін басымдық емес. Қайта Толстой әңгімелерінің оқиға желісі өзіне ғана тән қарапайым, қайырлы өрнегімен адамды баурайды.  Шынында да адамның нағыз өмірі оның ішкі әлемінде, оның жүрегінде жүріп жатады. Адамның бүкіл өмірі сол жүректегі өмірге тікелей байланысты. Жүрегі былғанған адамнан таза өмір үлгісін іздеу бос әурешілік болмақ. Осы иірімдер Толстой шығармашылығының өзегі десе де болар.

Аталған кезеңдегі Толстойдың ішкі әлемінде болған өзгерістер, ақиқатты іздеудегі жанкешті ынтызарлығы оның хаттарынан да аңғарылады. Толстойдың хаттары - эпистолярлық жанрдың шедеврлері ғана емес, оның рухани ізденістері Һәм көзқарастарымен нақышталған  соқтықпалы, соқпақсыз өмір жолы. Ұлына жазған мына бір хатында былай дейді: «Вообще, надо помнить, что все соображения о Таптыковых (жер), о деньгах, имеют, в сравнении с вопросом о твоей душе которая гибнет и можеть воскреснуть, имеют так же мало значения, как комариное крылышко на возу». «Дүние тезек сияқты: үйілген сайын сасиды, шашылса жерді тыңайтады» дегенді айтқан Толстой өз ұлына сені жер мен ақша ақиқаттың аулынан адастырып барады,  бұл сен үшін ең қатты мән беретін сұрақ дегенді ескертеді. Осы 80-нші жылдардан кейінгі жазылған еңбектері үшін Толстой шіркеуден аластатылды. Бірақ ол ақиқаттан аластатылған жоқ, қайта оған жақындай түскен болатын. 1884 жылдың сәуірінде жазылған Толстой күнделігіндегі мына бір жолдарда терең сыр жатыр. «Я бы очень рад был, если бы вы были бы одной веры со мной. Вы вникните немножко в мою жизнь. Друзья мои, семейные даже , отворачиваются от меня. Одни - либералы и эстеты- считают меня сумашедшим или слабоумным  вроде Гоголя; другие - революционеры и радикалы - считают меня мистиком, болтуном... признаюсь, что это тяжело мне... И потому, пожалуйста, смотрите на меня, как на доброго магометанина, тогда все будет прекрасно». Е. Векилова деген орыс әйелі ұлдарының Исламды қабылдағысы келетінін, осыған байланысты хат арқылы сұраған кеңесіне Толстой мынадай жауап жазады: «Что касается до самого предпочтения  магометанства православию..., я могу только со всей душой сочувствовать такому переходу... Для всякого разумного человека не можеть быть сомнения  в выборе и всякий предпочтет магометанство с признанием одного Бога и Его Прарока...» ...

Арды адамдық арқауы деп білген Толстой «Исповедь» арқылы өзінің өтіріктің бетпердесін сыпыруға біржола бет бұрғанын ашық айтады. «Мне нужно сорвать с глаз людей завесу, которая скрывает от них их человеческие обьязанности» (Л.Н. Толстой 90 томдық шығ. жинағы. 26-том, 564-бет) Шын мәнінде адамның адамдық мақсаттан алыстап, адасуынан асқан бақытсыздық бар ма?! Толстой бүкіл ғұмыры мен ізденісін ақиқатты іздеуге арнады. Ол «Мен кіммін?», «Қайдан келдім?», «Не үшін өмір сүруім керек?», «Менің өмірімнің мәні неде?» деген сұрақтарды өмірінің соңғы кезеңіндегі бүкіл шығармаларының алтын арқауына айналдырды.Ол өмір мен шығармашылық бөлек дейтіндердің сапынан емес-ті.  Және Толстой үшін шығармашылық  басты мақсат та емес еді. Бұны «Лермонтов и я - не литераторы» немесе «Я не мечтаю о литературной славе», «Слава я не хочу и презираю» (17-18 том 242-бет) деген сөздерінен аңғарамыз.

Өз дәуірінің ақиқатын бүкпесіз жазған бұл шығарманың Ресейде жариялануы мүмкін емес еді. Шығарма жазылғаннан кейін 2 жыл өткенде,  бұл туралы жазушының өзі былай дейді: «Но этой книги в которой я рассказывал, что я пережил и передумал, я никак не могу и думать печатать в России, как мне сказал один опытный и умный старый редактор журнала. Он прочел начало моей книги, ему понравилось. Так как он просил моего сотрудничество, я сказал: Так вот, напечатайте. Он поднял руки и воскликнул: «Батюшка! Да за это и журнал мой сожгут, да и меня с ним » Так я и не печатаю».(90 томдық шығ.жинағы. 49-том. 9-бет)  Осы себептерге байланысты «Исповедь» алғаш рет Ресейде емес, 1883 жылы Женева қаласында «Общее делода»   жарық көреді. Ал Ресейде бұдан 13 жыл өткеннен кейін 1906 жылы жарық көрді.

««Исповедь»- әлем әдебиетіндегі ең бір шынайы кітаптың бірі». Ол -ақиқатқа ынтызар жанның шырылы. Шығарманы оқу барысында «Ақымақ едім, әлемді түзетпек болдым, ақылым кіре бастады, енді өзімді түзетуге кірістім» деген іргелі ой аңғарылады.

Шынында, өзінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін анық танып, білмеген адамның «адамзатты жөнге саламын» деуі қисынсыз көрінбей ме?!

Толстой шын өмірдің үлгісін іздеді. Оның аса қадір тұтқан адамдарының бірі Блез Паскәлдің мынадай құйқалы сөзі бар: «Адамдардың үш тобы бар: бірінші топ Құдайды іздеді және тапты. Бұлар ақылды әрі бақытты адамдар. Екінші топ Құдайды іздеп жүр , бірақ тапқан жоқ. Бұлар ақылды, бірақ әлі бақытсыз адамдар. Үшінші топ құдайды іздеп те жүрген жоқ, тапқан да жоқ. Бұлар бақытсыз әрі ақымақ адамдар»  Толстой да  жан-тәнімен, бар мүмкіндігін сарқа Жаратушысын іздеп, тауып, тануға талпынған жан. Бұл туралы ол «Исповедьте» былай дейді: «Құдайды білсем болғаны мен тірілемін, есімнен шығарсам, сенбесем болғаны, мен өлдім. Құдайды іздеп өмір сүр. Сонда құдайсыз өмір болмайды.» Бұл  Абай хакімнің: «Күндіз-түні ойымда бір-ақ Тәңірі, Өзіне ғашық қылған оның әмірі» дегенімен үндес. Толстой өмірдің ұлы сынақ екенін ұғынды. Өмірдің асау дария екенін, адамның дарияға жіберілгендегі мақсаты - ағыспен ағу емес, жағаны табу екенін де жақсы түсінді. Бәлкім, сол жағалауды, жан-дүниені нұрға бөлейтін ақиқат жағалауын,  тапқан да шығар. Оны біз білмейміз.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364