Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3113 0 пікір 3 Қазан, 2012 сағат 16:41

Бірлік – өнімділікке бастар жол

Бородулиха ауданында ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру және дамыту бағытында нақтылы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өткен жылы бірігу жөніндегі келісімшарт негізінде жай серіктестіктер құру арқылы 153 ұсақ шаруа қожалығы ірі шаруашылықтарға қосылды.
Бұл күндері ауданның агроөнеркәсіп кешенін 481 шаруа қожалығы, 11 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, екі тұтынушылар кооперативі және екі мемлекеттік мекемесі құрайды.
Өткен жылы 34 серіктестік тіркелген болса, қазіргі уақытта солардың саны 41-ге дейін өсті. Оның ішінде 28 серіктестікке 139 ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілді.

Ұсақ құрылымдар қазіргідей нарық талабының көшіне ілесе алмайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп берді. Бірігу арқылы олар өз өнімдерін өңдеу, одан ары дамыту үшін әртүрлі қондырғылар мен техникаларды сатып алатын несиеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының ұжымдарына ірі өндірістің тиімділігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілуде.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340