Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4148 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 16:45

Халықтар достығы - бірліктің алтын бесігі

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында елімізде тұңғыш рет шаңырағын көтерген Өскемендегі Халықтар достығы үйі өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтті.
Мерейтойға Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері арнайы келіп қатысып, ақжарма тілектерін арнады, тәжірибе алмасты, ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл күні жиырма жыл көлемінде көпұлтты өңірдегі халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуге бағытталған сан-салалы шаруалар жайында сөз қозғалып, кеңейтілген дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, этнорэп-фестивальдар өткізілді. Мерейтойлық шаралардың қорытындысы ретінде Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында Достық үйі жанындағы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен үлкен гала-концерт болып, оған облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қатысты, құттықтау сөз сөйледі.

Бұл кеште Бердібек САПАРБАЕВ облыстағы Достық үйінің қалыптасуына, ұлттар арасындағы бірлік пен татулықты нығайтуда еңбек сіңірген бір топ белсенді азаматтарды грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.

Достық үйі өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтуді биылғы көктем шыға салысымен бастап кеткен болатын. Достық үйінің жанына еңселі де сәулетті «Достық» стелласы орнатылып, облыс орталығынан «Достық керуені» акциясы бастау алып, республикамыздың өзге де қалаларына жол тартқан болатын. Акцияның қорытындысы Астана қаласында шығарылатын болады. Бұл - облыс басшысының бастамасымен қолға алынған, өңірлердегі ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайтуға серпін беретін бірегей жоба. Қазір Достық үйінің құрамында 22 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың бәрі де бүгінде ынтымақтастықтың маңызын жете түсініп, көпұлтты Шығыс Қазақстанда достықтың туын биіктен желбіретуде.

Облыстық Достық үйінің 20 жылдығына арнайы шығарылған «Бірлігі жарасқан біздің үй» атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Сондай-ақ жиын барысында мерейтой иелерін Зырян, Бесқарағай, Шемонайха аудандарында әр жылдары ашылған Достық үйлерінің және Семейдегі «Айша бибі» қоғамдық ұйымының өкілдері құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.

Қаланың Сол жағалау ауданында орналасқан этноауылда «Менің үйім - менің Қазақстаным» атауымен мерекелік шаралар легі ұйымдастырылып, онда қонақтар мен қала тұрғындары әр ұлттың салт-дәстүрлерімен, ұлттық асханаларымен танысуға кең мүмкіндік алды. Ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері рет-ретімен қонақтарға концерттік бағдарламаларын тамашалатты. Сонымен қатар, бұл күні келген қонақтарға этноауылда «Мәдениаралық толеранттылық кеңістігін қалыптастыру» тақырыбы аясында толеранттылық мектебінің оқу бағдарламасының тұсаукесері өткізілді, этнореп-фестивалі, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373