Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2136 0 пікір 9 Қараша, 2012 сағат 17:21

Семейліктерге сый - жаңа балабақша

Қазақстандағы АES компаниялар тобы Семей қаласына 160 орынды балабақшасын сыйға тартты.
Жаңа  «Ажар» балабақшасын салтанатты тапсыру Шығыс Қазақстан облсының әкімі  Бердібек Сапарбаев  мен  AES корпорация вице-президенті Майкл Центер қатысуымен өтті.

Осы қайырымдылық жоба аясында Қазақстандағы  AES компаниялар тобы Семей қаласындағы  үшінші тұлғалар жеке меншігінде болған, көптен бері жұмыс істемей тұрған осы мектепке дейінгі мекемені сатып алған болатын.  Жобаның жалпы құны шамамен 200 миллион теңге.
Ғимаратта толық күрделі жөндеу жұмыстары жасалды: сырт қабырғалары жылытылып, беткі қабаты заманауи материалдармен қапталған, екі камералы пластик терезелер мен есіктер орнатылды,  көпқабатты сенімді жабын салынды.   
Жылу жүйесі, әуе баптау, сумен қамту мен кәріз жүйелері толық ауыстырылды.  Жаңа өрт дабылы мен жарық жүйелері орнатылды.  Ескі еден жабындығы жаңа жылытқыш заманауи түріне ауыстырылды.  Қабырға мен төбенің жөндеу жұмыстары жүргізілді.  
Сыртқы энергоқамту жүйесі екі кабельді орнатумен ауыстырылды, яғни апаттық электр энергия өшкен жағдайда, жүйе автоматты түрде жұмыс істеп тұрған желіге қосылатын болады, сөйтіп,  балабақша электр энергиясынан ажыратылмайды.  

Аула да көркейтілді: алты көлеңке шатырлары орнатылып, ойын алаңдары жабдықталды, спортпен шұғылдану алаңы да бар. Асфальт жабындығы толығымен ауыстырылып, топырақ жеткізілді, жасыл алқаптар жасалды.
Қазақстандағы AES компаниялар тобы балабақшаны қосымша қажетті жиһазбен, асхана, кір жуу бөлмесі мен медицина кабинеттерін де лайықты жабдықтармен қамтамасыз етті.     
AES корпорациясының ТМД бойынша вице-президенті Майкл Центердің айтуынша, балабақшаны қалпына келтіру әлеуметтік бастама ретінде таңдалғаны жайдан-жай емес, «өйткені, дәл осы балабақшадан Қазақстан Республикасының кішкене азаматтарына тәрбие мен білім беру басталады, ал олар болса елдің болашағын жасайтын адамдар».
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522