Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
3421 4 пікір 24 Маусым, 2022 сағат 00:22

Сұлтанов: Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қант экспортына шектеу қойды. Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Ресейдің қант экспортына шектеу қою туралы шешімін тым кеш естіген. Соның салдарынан, шет мемлекеттермен қант саудасы бойынша аяқ астынан мәмілелер жасауға мәжбүр болыпты.

- «Қантты зауыттар өндіреді. Олар қажетті шикізатты өз бетімен сатып алады. Ал ол нарық коньюктурасына байланысты. Қазір нарық былай қалыптасып отыр. Біз импортпен келетін қанттың шамамен 70 пайызын іргедегі Ресейден алып келдік. Өйткені ол Бразилиядан қант тасығанға қарағанда әлдеқайда арзанға түсетін. Қант экспорты шектелетіні туралы соңғы сәтте хабарлады. Сондықтан логистиканы өзгертіп жатырмыз. Яғни, бұл жерде ешқандай қате есеп болған жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, ведомсвто басшысы қазір еліміздегі қанттың қоры 350 мың тоннаны құрайтынын айтты.

- «Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан да оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2457
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 658
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 638