Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2155 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 18:17

Семей серпінді дамып келеді

Семейдің жылу беру көздері қысқа толық әзір. Биыл қаладағы білім және денсаулық сақтау мекемелерінде жылу беру маусымы жоспарлы кезеңнен бұрын басталды. 15 қазаннан бастап тұрғын үйлер де жылумен қамтылды. Жуырда Семей қаласына ҚР Үкімет басшысының орынбасары Қырымбек Көшербаев келді. Мәртебелі мейман күн тәртібіне Елбасының тапсырмасы бойынша қаланың қысқа дайындығы, азық-түлік бағасының тұрақтылығы және ағымдағы жылды ойдағыдай қорытындылау жайын бақылауды қойыпты.  

Семейдің жылу беру көздері қысқа толық әзір. Биыл қаладағы білім және денсаулық сақтау мекемелерінде жылу беру маусымы жоспарлы кезеңнен бұрын басталды. 15 қазаннан бастап тұрғын үйлер де жылумен қамтылды. Жуырда Семей қаласына ҚР Үкімет басшысының орынбасары Қырымбек Көшербаев келді. Мәртебелі мейман күн тәртібіне Елбасының тапсырмасы бойынша қаланың қысқа дайындығы, азық-түлік бағасының тұрақтылығы және ағымдағы жылды ойдағыдай қорытындылау жайын бақылауды қойыпты.  
Семейге келген алғашқы жұмыс сапарында құрметті қонақ №1 жылу-электр орталығына барды. Бұл жерде қысқа қамдану барысында орын алған түйткілді мәселелер назарға алынды. 1931 жылдан бері жөндеу көрмеген №1 ЖЭО -нда болған апаттан кейін, біраз жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде Семейдегі жағдай бір қалыпқа түсті. Қазынадан бөлінген қаржы №1 ЖЭО-ның қайта қалпына келтіру барысын нығайтуға сеп. Биыл қалпына келтіру жұмыстарының екінші кезеңіне 5,5 млрд. теңге бөлінді. Үкіметтік бағдарлама бойынша жылу орталығында қайта жаңғырту жұмыстары 3 кезең бойынша атқарылуда. Биыл мұнда отынмен қамтамасыз ету желісі, су жинау қондырғысының құрылысы аяқталып, суды химиялық жолмен тазарту кешені қалыпқа келтірілді. Бүгінде барлық жылу беру орталықтары жұмысқа қарқынды кірісіп кеткенімен, әлі де олқылықтар орын алуда. Жылу жүйелерінің 75 пайыздайы ескіруі бұған себеп. Кейбір жылу жолдары ауыстырылса да, бірқатар шағын аудандар мәселеден кенде емес. Әлі де тазалау құрылғыларын жөндеу, сондай-ақ, тұрғынжайдың жетіспеушілігі көптің көңілін күпті етуде. Қырымбек Көшербаев сапар барысында "Жылукоммунэнерго" мекемесінің ұжымы және ПИК төрағаларымен кездесіп, осы және өзге де мәселелер бойынша әңгімелесті. Тек сол жағалаудың өзінде жылу желілерін алмастыру үшін 500 млн. теңге керек екен. "Тазалау құрылғыларын жөндеу 2013-14 жылдардағы арнайы жоспарда бар. Қаржы бөлінеді. Жаңа үйлер салуға ақша бөлу арқылы тұрғын үй мәселесін шешеміз. Қалада цемент, үй салу комбинаты бар, яғни бұл мәселенің түйінін табуға мүмкіндік зор", - деді Қырымбек Елеуұлы. Жиын барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қала әкіміне сөз кезегін беріп, қаланың жалпы тынысымен таныстыруын сұрады. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, жылу және қолжетімді баспана Семей алдындағы басты мақсат екенін айтып өтті ол. "Қалада 340 мыңнан астам тұрғын бар. 5000 адам үй кезегінде тұр. Саяжайлардағы тұрғындардың жағдайын дұрыстау керек. Біз бүгінде жылына 1-2 көпқабатты үйді ғана қолданысқа береміз. Мәселені түбегейлі шешу үшін 1 млн. шаршы метр үй салу керек әлі де"- деді Айбек Мүталапханұлы. Ертіс өзенінің сол жағалауындағы үйлерді жылумен қамту жұмыстары оңтайланып келеді, енді оң жағалауға баса назар қою керектігі туралы айтты премьер-министрдің орынбасары.
- Семей қаласының мәселелерін комплексті шешу мақсатында 2009-12 жылдарға кешенді жоспар қабылданған. Ол жоспар нәтижелі аяқталып жатыр. Енді 2013-15 жылдарға да сондай жоспар Үкіметтің қаулысымен қабылданды. Оған 35 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Ол Семей қаласының қарқынды дамуына өзінің үлкен септігін тигізеді. Ең негізгі мәселе, қалада электр қуатын, жылу шығаратын және инженерлік инфрақұрылымды тез дамытуымыз керек. Сондықтан Семей қаласының болашағына еш күмәніміз жоқ. Экономикасын әртараптандыруымыз керек. Оған байланысты бизнес жобаларын да тиісті ұлттық компанияларда қарап қолдау көрсетеміз, - деді ол.
Одан кейін арнайы делегация "Фирма Азия" ЖШС және 35-кварталдағы жылу қазандығында болды. Семейдегі темір-бетон өнімдерін шығаратын "Фирма Азия" ЖШС "Жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қуыс бетон жабындыларын қалыпқа салмай-ақ шығаратын өндірісті қолға алды. Италиядан алынған қондырғы бір ауысымда әртүрлі ұзындықтағы 75 плита өндіреді. Бүгінде 35-кварталдағы жылу қазандығында 15 гигокалория жылу береді. 63 көпқабатты үй, 83 кәсіпорын мен 9 әлеуметтік нысанды жылытуға мүмкіндігі зор. Семей қаласы Елбасы мен Үкіметтің назарында қала бермек. Бөлінген қыруар қаржы күрмелген мәселердің түйінін шешетініне сенім мол.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496