Семей индустриаландырудың игілігін көруде
Семейде жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылуда, тағы бірнеше кәсіпорын мемлекеттен қолдау алу үшін қайта құрылымдау мен жаңғыртуға өтініш бермек ойда. Бұл жайында Семей қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Амангелді Мұсамбаев мәлім етті.
Жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын (ЖИИДБ) жүзеге асыратын екі маңызды механизм бар. Оның бірі - Индустрияландыру картасы, екіншісі - Өндірістік қуаттарды тиімді орналастыру сызбасы. Индустрияландыру картасы дегеніміз - бұл құрылысы жоспарланған және жаңадан салына бастаған өндіріс орындарының тізімі. Осы тізім арқылы мемлекет өндірістік қуаттарды әрі басқарып, әрі олардың жұмысына мониторинг жүргізіп отырады. Сонымен қатар, бұл шетелдік және отандық компаниялар үшін болашағы зор жобаларға инвестиция салу жөніндегі ақпараттық база болып табылады.

Мемлекеттің орта және ірі бизнесті дамытам деушілерге көрсететін қолдауын, яғни Индустрияландару картасының мүмкіндігін алғашқы болып бағалай білген "Тамаша" ЖШС болыпты. 2010 жылы бұл кәсіпорын ҚР Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырмақ болған 145 жобаның бірі ретінде енгізілген. Қысқа кесілген макарон өндіруге бағытталған жобаның жалпы құны 171 миллион теңге болса, оның бір бөлігін "Қазагрофинанс" АҚ берген несие құрайды. Ашылғанына екі жыл тола қоймаған "Тамаша" ЖШС бүгінде толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын тәулігіне 17,5 тонна макарон өнімдерін өндіреді.
2011 жылы 3232 тонна өнім шығарылса, үстіміздегі жылдың 8 айында 1027,3 тонна макарон өндіріліпті. Кәсіпорын өнімдері қазірде тек ел аумағына ғана емес, Түркіменстан, Тәжікстан елдеріне де шығарылуда.
Жеңілдікпен берілген несиенің арқасында кәсіпорын жоғары сапалы италиялық құрылғы сатып алды. Ал барлық инженерлік желілер мемлекет есебінен жасалған. Қазір өндіріс орнына дейінгі 700 метр жолды жөндеу қарастырылуда.
Өндіріс толық қуатымен жұмыс істеуге қабілетті болғандықтан, жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасынан шығарылып, өз алдына жеке жұмыс істеуге мүмкіндік берілген.
Аталмыш өндіріс орны келесі жылы Индустрияландыру картасына енгізуге тағы да өтініш беруі мүмкін. Тәулі-гіне 60 тонна ұн өндіретін диірмен кешенін салу жоспарда бар. Қалалық билік зауыттың қасынан 1,47 га жер телімін беріп отыр. Болашақ диірмен кешені жобасын зауыт басшылығы түркиялық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырмақ ойда. Түркияның Бурса аймағы кәсіпкерлерімен келісім жасау қадамдары жасалуда. Қажетті құрылғылар сол жақтан сатылып алынбақ. Сонымен қатар, түркиялық әріптестер жаңа кәсіпорын үлескері ретінде тең құрылтайшы мәртебесіне ие болмақ.
Тамақ өнеркәсібі саласында Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асырылып жатқан кәсіпорынның бірі - бұрынғы жұмыртқа өндіру бағытын өзгертіп, ет өндіруге бет бұрған "Восток-бройлер" ЖШС (бұрынғы "Семей-құс" құс фабрикасы). Кәсіпорынды қайта құрылымдау жобасының құны 2,8 миллиард теңге болса, қазірде ол қаржының 1,250 миллиарды игерілген. Фабрика қазір өнім өндіріп жатыр. Келер жылы қайта құрылымдаудың келесі кезеңі жүзеге асырылмақ. Жұмысты толық аяқтау үшін онда әлі құс сою цехы мен тоңазыту камералары жасалуға тиіс. Сондай-ақ, 2013 жылы Березовский кентінің су құбырларын жаңғырту мәселесі қаралмақ.
"Восток-бройлер" жобалық қуатымен толық жұмыс істегенде жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіреді деп жоспарлануда. Бұл өнім тек ШҚО ғана емес, бүкіл елімізді құс етімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Келешекте көрші елдерге де құс етін шығаруды жоспарлап отыр.
Амангелді Мұсамбаевтың айтуынша, келер жылы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өндірісі салалары бойынша жедел индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына бірнеше жоба енгізіледі деп күтілуде. Солардың бірі "Прииртыш бройлер фабрикасы" ЖШС-ін жаңғырту. Олар да тоңазытқыштарды және құс сою цехын жаңа құрылғылармен жабдықтауды жоспарлап отыр. Ол үшін 340 миллион теңге қажет болса, жұмыртқа өндіруге бағытталып, құрылысы жүріп жатқан "Ақтөбе-Ертіс" ЖШС жобасына да 160 миллион теңге керек.
Ал, Семей өңірінде көкөніс өндірісін жолға қойып отырған "Приречное" агрофирмасы" ЖШС мен "Мұздыбай-1" шаруа қожалығы сақтау қоймаларында көкөністерді сақтау мүмкіндігін арттыруды ойластыруда. 2011 жылы "Приречное" базасында 8 мың тонна өнім сақтайтын үлкен қойма пайдалануға берілген болатын. Бұл осы өңірдегі тұрақтылық қорын құрып, бағаны бір деңгейде ұстап тұруға үлкен мүмкіндік беруде. Мұндай көп өнімді сапасын жоғалтпай сақтау үшін тоңазытқыш құрылғы орнату қажет екен. Германиядан әріптестер де табылып отыр. Алып құрылғы көктемгі егу жұмыстары аяқтал-ғасын-ақ қолға алынбақ.
"Мұздыбай-1" шаруа қожалығында 2013 жылы 4 мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысы басталмақ.
"Абай-ақпарат"