Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6277 7 пікір 28 Маусым, 2022 сағат 15:29

Беларусьтар: Қазақтар туралы абайлап сөйлеу керек!

Беларусь мемлекетінің «По существу» атты телебағдарламасында сарапшылар Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы мен одақтастығы туралы талқы өткізді.

«Қазақстан Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан. Америка қайда жатыр? Америка екінші жарты шарда жатыр. Олар жүгіріп келіп көмектеседі деп ойлайсыз ба? Көмектеспейді. Америка Қазақстанды екінші Ауғанстанға айналдырғысы келеді. Біз мұны түсінуіміз керек»,- деді саясаттанушы Петр Петровский.

Беларусь Ұлттық палатасының депутаты Олег Гайдукевич Беларус пен Қазақстанның өзара ынтымақтастығы өте маңызды екенін айтты.

«Біз бір нәрсені естен шығармауымыз керек. Беларустің Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Беларусь те, Ресей де абай болуы керек», - деді ол.

«Қазақстанға қатысты сөздерді абайлап айтуы қажет», - деген Гайдукевичтің ойын Беларусь Ұлттық палатасы тұрақты комиссиясының төрағасы Игорь Марзалюк те жалғастырды.

«Бұл біз мүлде сынамауымыз керек деген сөз емес. Бірақ, Беларусь пен Ресейді Қазақстанмен араздастырғысы келетіндер бар екенін ұмытпауымыз керек. Бұл кейбіреудің арманы. Тіпті, алдағы уақытта да арам ниетін іске асыруға тырысатынын жоққа шығармаймын», - деді Гайдукевич

Марзалюк әріптестерін Қазақстанның сыртқы саясаты туралы сырттан тон пішпеуге шақырды.

«Қазақстан Президенті үшін Қазақстанның сыртқы саясатын анықтау біздің іс емес. Бір нәрсені ойда ұстау керек. Әр ел өзінің геосаяси жағдайына қарай күн тәртібін қалыптастырады және қайсы серіктестің екіншісінен маңыздырақ екенін ұмытпайды. Қазақстан үшін Қытай өте маңызды серіктестің бірі. Халықаралық құқық деген түсінік бар.

Егер біз қылмыстық психологияны қолдасақ, яғни, біреу-біреудің әмиянын қағып кетсе, бізде соны қайталасақ, онда бұл құрдымға кету дегенді білдіреді. Менің ойымша, біз бәрібір халықаралық құқықтың базалық, іргелі ұғымы, оның ішінде мемлекеттің аумақтық тұтыстығы, егемендігі деген түсінікке қайта ораламыз. Олай болмаса, біздің барар жеріміз, басар тауымыз қалмайды. Қазақстанға, қазақтарға келер болса, бұл өте күрделі ел. Біз олармен адами, тең қарым-қатынаста болуымыз керек. Біздің Қазақстанмен өте жақсы байланыстамыз. ҰҚШҰ-ның шеру кезінде не істегенін қазақстар ешқашан ұмытпайды. Бізге абай болу керек», - деді Марзалюк.

Айжан Темірхан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290