"ЕАЭО-ны трансформациялау қажет"
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/07/finrynok_eaes.jpg)
Сыртқы істер министрі және Премьер-министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) трансформациялау қажет деп есептейді.
«Санкция текетіресі кезеңінде одақ экономикасының дамуына ықпал ететін еркін нарық құру үшін ЕАЭО қызметін трансформациялау қажет»,-деді Тілеуберді.
Оның айтуынша, 2022 жыл ТМД-ға төрағалық ететін Қазақстанның басты назарында экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру, ұйымның тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері тұр.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан бірқатар өңірлік ұйымдардың — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) және Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушыларының бірі екенін еске салды.
Abai.kz