Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
2436 0 пікір 23 Маусым, 2022 сағат 15:31

Ерболат Досаев Алмалы ауданында білім беру объектілері салынанытын айтты

Алматы қаласы Алмалы ауданында орта мектеп пен мектепке дейінгі білім беру саласына арналған ғимараттардың тапшылығы байқалады. Ауданда балаларға 4,1 мың орын жетіспейді. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Мәселен, биыл (№34 және 144 гимназияларға) 850 орындық 2 қосымша құрылыс пайдалануға берілді. №15 гимназияны сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары басталды (2023 жылдың шілде айында аяқталады). Оқушылар үйінің ғимаратын бұзып, №16 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жобалау құжаттамасын әзірлеу басталады (сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылдың 3-ші тоқсаны)", - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар қала әкімі мектепке дейінгі білім беру объектілері бойынша №43 балабақша ғимаратының бұрын жекешелендірілген бөлігі сатып алынғанын айтты.

"Оқу жылының басына дейін №7 балабақшаны сейсмикалық күшейтуді аяқтаймыз. Мұратбаев - Жібек Жолы көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимаратын жеке меншіктен қайтарып алу және Тілендиев көшесіндегі бұрынғы балабақшаны қалпына келтіру мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 955