Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4243 0 пікір 27 Қараша, 2012 сағат 11:24

Мейрам Мұқышев. Тәуелсіздік күнін ауыстыру қажеттілігі бар ма?

16-ншы желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Рас, Қазақстанның азаттығы да, егемендік алғаны да, ешбір елге кіріптар еместігін тәуелсіз мемлекет болғанын жер жаһанға жария еткені де - зор қуаныш, айтулы мереке. Ат шаптырып, аста төк етіп тойлауға тұрарлық мереке. Бірақ...мен тойламаймын. Неге?

16-ншы желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Рас, Қазақстанның азаттығы да, егемендік алғаны да, ешбір елге кіріптар еместігін тәуелсіз мемлекет болғанын жер жаһанға жария еткені де - зор қуаныш, айтулы мереке. Ат шаптырып, аста төк етіп тойлауға тұрарлық мереке. Бірақ...мен тойламаймын. Неге?

Себебі, бүгін - 16-желтоқсан. 86-ның ақ қар, көк мұзында жер құшып тәуелсіздік жолында құрбан болған бауырларымыздың қаны бар бұл күнде. Бауырларымыздың қаны судай аққан күні біз неге тойлауымыз керек? Тәуелсіздікті ұлықтауға жыл 12 ай, 365 күннің басқа күні жарамай қалып па? Әлде біз осы күні тәуелсіздігімізді жарияладық деп байланып отырамыз ба? Тойлағанның орнына ел болып, мемлекет болып неге қаралы күн жариялап, аза тұтпаймыз? Қазақта «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген танымы терең, аталы сөз бар. Мемлекеттік дәрежеде туымызды түсіріп, қаралы күн жариялайтын күн 16-шы желтоқсан. 86-ның ызғары етінен өтіп сүйегіне тиген туғанынан, досынан, құбысынан, бауырынан айрылып, айрылмаса да жанын қаритындай ызбарлы  із қалдырған  қайбір саналы жан тойлайды дейсіз. Оның үстіне тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдық мерекенің көлеңкесінде қалып қоятыны тағы бар.  Мемлекет мерекелік күн деп жариялап демалыс бергесін демалғанның артығы жоқ деген ниетте қабылдайды. Сіз көрдіңіз бе, дәл сол 16 -шы желтоқсан күні шын ниетімен, шынайы мерекелеп жүрген жанды?! Мен көрмедім. Мемлекет бас болып 1 -ші желтоқсанда жаңа жылдық шыршаны ұлықтап жарығын жағып бергесін не сұрайсыз. Мемлекет бұл қылығының өзі 16-желтоқсан - тәуелсіздік күніне көленке түсіріп отырғаны емес пе? Елдің бар назарын жаңа жылдық мерекеге аударып, қала көшелері, дүкендер, жарнамалық билбордтар, не керек айналадағының бәрі «ұлы» мерекені жарнамалап кетеді. Ал бұл адамның санасына әсер етеді, адамның санасы қоғамға әсер етеді.

Екінші себеп, былтырғы 16 - желтоқсандағы Жаңаөзен, Шетпе оқиғасы. 16-желтоқсан күні бір емес, екінші рет қан төгілді. Дым болмағандай еш дүние бұзылмағандай бәз-баяғы қалыппен тойлата береміз бе? Адамзаттық ар қайда, намыс қайда, құдайшылық қайда?

Менің пайымымша, Тәуелсіздік мерекесінің күнін ауыстыру керек. Екі рет қан төгілген күнді қалайша мерекелеуге болады?! 16 желтоқсанды ҚАРАЛЫ КҮН ретінде белгілеу керек. Ал тәуелсіздік күнін жаз мезгіліне ауыстырса болады. Желтоқсан айында - ақ қар, көк мұзда жалпы халықтық мереке болып тойланып жатқаны да шамалы. Мектеп оқушыларын, студенттерді, мұғалімдерді, дәргерлерді, не керек, мемлекеттік бюджетке күні түскен бар мекеменің адамдарына ту беріп, сары шұнақ аязға қарамай орталық алаңға алып шыққаннан басқа той нышанын көргеміз жоқ. Елді жасандылық жалықтырды.

Ел мерекені ақ ниет, шын көңілмен тойлауы керек. Әсіресе ең ұлық мереке - Тәуелсіздік мерекесін. Қазақстан Республикасында тарихқа қатысты жаз мезгілінде тойланатын мемлекеттік мереке жоқ.  Жаз мезгілі адам көңілін марқайтып әсер етсе6 мерекені де жаздай жайдары көңілмен жылы қабылдайтын еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3223
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279