Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3746 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 09:52

Петропавлда электр қуатын үнемдеу жөніндегі қалалық бағдарлама жасалды

Петропавл. 28 шілде. ҚазТАГ – Петропавлда «2009-2011 жылдарға арналған электр қуатын үнемдеу жөніндегі бағдарлама» жасалды. Ол экономиканың барлық салаларында отын-энергетика ресурстарын тиімсіз пайдаланудың алдын алуға бағытталған. Бағдарлама өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау арқылы энергия тұтыну жүйелерін аз шығынды жағдайға ауыстыруға бағытталған жобалардан құралған.

СҚО әкімінің кеңесшісі Олег Пономарев хабарлағанындай, «бағдарлама 2009-2010 ж.ж. күз-қыс маусымына дайындықтың бір бөлігі болып табылады және бірқатар шараларды қарастырады, соның ішінде электр қуатын есептегіш құралдарды ауыстыру, жылыту маусымы басталғанға дейін бюджеттік сала ұйымдарында жылу есептегіш құралдарын орнату, бөтен ұйымдардың тұрғын үйлердің электр желілеріне заңсыз қосылуын анықтау бойынша тексеру жүргізу шаралары бар».

О. Пономаревтың ақпараты бойынша, бағдарлама әлеуметтік, өнеркәсіп салалардың мен ТКШ кәсіпорындары – электрмен жылытылатын ауруханаларды, театрларды, мектептерді, «Петропавл су» АҚ, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС қамтып отыр. Қаржыландыру энергия үнемдеу жобаларын жүзеге асырудан алынған қаржы, бюджет және жеке қаржы, несиелер, сонымен қатар, табиғи монополия субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін қаржы есебінен жүзеге асырылуда.

«СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС-іне ерекше назар аударылады, онда ЖЭО негізгі жабдықтарының тозуы 65-85%, турбоагрегаттарының ескіруі 70-90%, қазандық агрегаттарының тозуы 60-80% құрайды. Отыз жылдан астам уақыт пайдалануда болған тұрғын үйлерді электр қуатымен қамту жүйелерін жөндеу жоспарланып отыр.

О.Пономаревтің айтуынша,  бағдарламаның тағы бір тармағы ғимараттарды жарықтандыру кезіндегі үнемдеу болып отыр. Мектептерді, ауруханалар мен әкімшілік ғимараттарды жарықтандыруға кететін шығындар шығыстардың басым бөлігін құрап отыр және мұндайда жарықтың тиімсіз көздері пайдаланылып, ғимараттардағы жылуды бақылау және басқарудың автоматты жүйесі жоқ.

«Қолданыстағы жылумен қамту жүйелері температураның тәулік бойғы өзгерістерін ескермейді, жұмыс болмайтын күндері жылу ағынын төмендетуді қамтамасыз етпейді және ғимараттың күн түсетін және көлеңке бөліктеріндегі температуралардың айырмашылығын ескермейді, - дейді Олег Пономарев. – Ал бұл жағдайлар ескерілсе, энергия ресурстарын айтарлықтай үнемдеуге болатын еді».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282