Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4024 3 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 13:46

Қазақстан Ресейді айналып өтетін темір жол салады

Еуропа даму және қайта құру банкі "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясына "Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасу жолдарын жетілдіруге" 50 миллиард теңге инвестиция салады.

Банктің мәлімдеуінше, инвестиция Қазақстанға дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдауға, жүк транзиті операцияларын қайта ұйымдастыруға, пандемия салдарын жоюға және геосаяси өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Бұл - ЕДҚБ-нің Қазақстан ұлттық валютасындағы облигациялар түріндегі алғашқы инвестициясы.

Мәліметтерге қарағанда, ҚТЖ жаңа капиталды Транскаспий халықарадық көлік жолындағы маңызды инфрақұрылымдарды жетілдіруге жұмсауы тиіс. Ресейді айналып өтетін бұл жол Еуропа мен Азия арасын жалғайды.

Бұған дейін Қытай мен Еуропа одағы арасындағы жүктің 95 пайызы Солтүстік дәліз арқылы өтіп келген. Ол Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы өтеді. Енді Еуропа Ортаңғы дәліз арқылы жүк тасуға мүдделі болып отыр. Ол Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтеді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 16 мың шақырымға созылған темір жол желісіне иелік етеді және оны басқарады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 883
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2295
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 590
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 572