Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3859 0 пікір 4 Желтоқсан, 2012 сағат 09:28

Әлімғазы Дәулетхан. Зейнолла Сәніктің «данышпандық» ойлары жөнінде бірер сөз

1 - Сурет - жазушы, тарихшы Зейнолла Сәнік, 2 - Сурет - тарихшы Әлімғазы Дәулетхан

1. ...жер түзілісіне байланысты айтылатын Салмау деген сөз бар. Қазіргілер біле ме соны. Білмейді.

Біздің қарсы сұрағымыз: «Салмау» сөзін қазіргілердің білетін, білмейтінін қайдан білдіңіз ақсақал: қандай тексерулер, сұрау салаулар жүргізіп едіңіз?

Көпке топырақ шашу 78 жасар ақсақалға жараспас.

2. ... Төрде құрылған тұскизді жұлып алғанда, ар жағында жасырынып тұрған ауыр аяқ әйел талып, жерге құлайды»

Біздің уәжіміз: тұскиіз-шымылдық дегендер киіз үйдің сол жақ босағасында, келінмен ұлдың жатын бөлмесі сіпетті ауашалану үшін құрылмайтын ба еді? Құттыбайдан айбарлы бидің төріне шығып талтайып тұрған ол қай бейбастық келін болды екен, ақсақал?

3. «... Абылай ханның асынан кейін үш жүзге сауын айтқан атақты ас-Сүлейменннің асы... осы аста 12-13 жасқа келген, қазақтың дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров атқа шабады... қазақта осыдан кейін (1908-жылдары болған) мұндай ас болған жоқ. Соңғы ас деп отырғаным сол».

Біздің сұрағымыз: Абылай ханның асынан бергі уақытта ұшы-қиыры жоқ қазақ даласында болған астардың мәліметін қайдан алдыңыз? Өстіп те көйте беруге болама екен?

Ал қазақтың дүлдүл ақыны Ілияс 1894-жылы туылғандығын бастауыштың балалары да бідеді. 1908-жыл Ілекең отау иесі жастан өтіп 14 жасқа келген соқталдай жігіт болатын. Әрі Ілияс оған дейін де, кейін де талай дүбірлі бәйгелерге қатысып жүйірк аттардың сыр-сыйпатына қанық болғанына шүбаланбаймыз.

1908 - жылдан кейін де ондай астардың қаншасы өткенін қазақтың кең-байтақ даласынан көптеп кездестіруге болады.

Зейноллаша долбар өкім шығару ғылымға, тарихқа қиянат.

4. «... қарап отырсаңыз, ірі ұлттар адамзат алыптарын өзіне теліп алады. Біз секлді ұсақ ұлттар одан қашады. Мәселен, «Либай түркілердің ұрпағы емес, ойбай пәлесінен аулақ» дегендей.

Біздің айтарымыз: ірі ұлттар дегеніміз, адам саны көп, қуатты, отаршыл империялардың тіректі ұлттары, олар «адамзат алыптарын өзіне теліп алмайды. Басқаны былай қойып, орыс пен қытай державаларының бөгде халықтарды отарлап, адамдарын зорлықпен ассимиляциялап өзіне сіңіріп алғанына бүкіл тарих куә. Ал Зейнолладай сексенге селкілдеп жеткен қазақ ақсақалының өз намысын өзі жерге ұра «Біз секілді ұсақ ұлттар одан қашады» деп міңгірлеуі жиркеніш тудырады екен. «Ұсақ ұлт» қытайлар өзіне бағынышты ұлттарды қорашсынып, боймен басып желкелеу үшін әдейі ойлап тапқан астам державалық анықтамасы болатын. «Ұсақ ұлт» - түкке тұрмайтын бейшара ұлт, бодан халық дегеннің бір баламасы ғана. Өзі түкке тұрмайтын «ұсақ ұлт» адамзат алыптарын өзіне теліп алмақ түгілі, тарих сахнасынан түсіп қалмау үшін жанталасып келгенін көрмей - білмей отырмыз ба?

Ал, «Ли Байды түркілердің ұрпағы емес» дегенді қайдағы бір жоқ «пәледен аулақ» болу үшін байбаламдап отырған кім бар?

Ли Байдың осыдан 1310 жыл бұрын, кемінде 3000 жылдың ата шежіресі бар Ли фамилиялы қытай отбасында туылғанын нақты тарихи жазбалар, мен зерттеулер негізінде дәлелденген сияқты еді. 1300 жылдың алдында сүйегі қурап қалған бір қытай үшін осынша ұсақтап, осынша құлдық ұра азғындап жанын жалдағандарға аяушылық сезімі ме, әлде жеркеніш сезімім әйтеуір бір әрі-сәрі күйге түседі екенсің.

«Біз пәлесінен аулақ» деп емес, пәленің алдын алу үшін сол пәлені төндіріп, тарихтын астан-кестен еткісі келген жалған, жалдамалы тарихшылардың жолын кесу үшін күресеміз.

5. Қытай тарихшысы Мың Швидің «...тарихи кітаптардағы суреттеулерге қарағанда, оның сыртқы тұлғасынан түркі текті екендігі менмұндалап тұрады» деген сөзін көлденең тартқан Зейнолла қытайдың ертедегі және бүгінгі тасқа басылған ескерткіштерімен сызба суреттерінің қайсысынан түркілік сыйпат, белгі-бедер көрді екен? 528 беттік  «Ли Бай - Ли Бо - Елібай» атты кітапқа енгізілген ондаған Ли Бай бейнесінен жыртық көз шұнақ құлақ қара қытайдан басқа қай түркінің елесін көріп еліріп жүрсіндер?

6. Зейнолла қытай иероглифін қазақшалап оқудың шебері екен. Ол Сенатор Өмірбек Бәйгелдіге жазған «Кім қанға қызбайды» дейтін жағымпаз хатында: «... Елібай ақын туралы, оның дала табиғаты жөнінде қытайдың басқа ақындарына ұқсамайтын ерекшіліктеріне айрықша тоқталып, оның Тай - Бай атты тағы бір есімін қазақтың Бұзаубай, Қозыбай, Ақбота сияқты   есімдерімен салыстырып, Кәдуілгі қазақ ақыны сияқты сезіммен қалам тербеген жайым бар» деп күпінеді.

Оу, ағайындар, сіздерге қытай иероглифі қазақша оқылмайды, тек қытайша оқылады деп анықтама беріп жатудың өзі күлкілі болса да қытай фамилияларын басқа тілге аударып, одан ұлттық мән-мағына іздеп сандырақтағанды Қытай разведкасының полковнигі Кәрім Әкрами, Зейнолла Сәнік, Мұқтархан Оразбайлардан басқа есі дұрыс адам құптай алмайды.

Егер   Тәибайды өз мағынасы бойынша қазақшалар болсақ, ол «Ақ шолпан, өте ақ, аппақ» дегенді білдіреді. Оның төрт түлік малға еш қатысы жоқ. Ли Байдың анасы екі қабат кезінде түсінде ақшолпанды көргендіктен әкесі Ли Ке жақсыға жорып «Тәй Бәй» Ли Тән Бай - Ли Бай деген ныспы берген.

7. Зейнолла Сәнік өзін Қытай тарихын, оның әдебиеті мен мәдениетін жетік білетін білгір адам санайтын көрінеді.

Ол «Аңыз адам» журналының осы жылғы №9 (45) санында Күңзы жөнінде  «толғанып» былай деп жазады:

Қытайдағы ұйғыр, қазақ тілдерінде «Мыңзы» («Кұң фудзының ұстазы» «Кұңзы» («Кұң фудзы» атты Кұң фудзы тағылымдарының тәрбиелік рөлін ұлықтайтын кітаптар бар».

Зекеңе бәрі бір, аузына не түссе соны лақылдата береді. Қытай тарихынан қарапайым сауаты бар адамдар  Қытайдың әйгілі ойшылы Құңыздан (б.ж.с.д. - 551-479) Мыңзының (б.ж.с.д. 372-289) 190 жас кіші адам екенін, сондықтан  өзін Күңзінің ілімін жалғастырушы шәкірті деп есептейтінін білетін сияқты еді.

Әй, бірақ, біздің Зекеңе бәрі бір емес пе?!

Мінеки, қадірлі қазақ оқырмандары, Зейнолла Сәніктің «данышпандық» ойлары мен тарих білім-білігінің қандай деңгейде екенінен хабардар болсын деп жоғарыдағы сөздерді жазып отырмын.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562