Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4582 5 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 14:15

Қандастардың кеудесінен кім итеріп тұр?

Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Орыс пен Қытайға шекарамызды ашып, оларға визасыз кіруге рухсат беріп, бар жағдай жасап, өз қандастарымызды визаға телміртіп, Қазақстанға келуге зарлатып қою мемлекеттігімзге сын, әлем алдында ұят іс қой.

Біркездегі тағдырдың тауқыметімен, шетелге босып кеткен қандастарымыз, жылдар өткен сайын сол елге сіңіп, жоқ болудың аз-ақ алдында тұр, әсіресе Ауған, Пакістен, Иран қазақтары тілдерінен айырылып, тіпті қазақи болмыстарынан айырылып қалуда, оларды тезірек елге әкеліп, ата дәстүрімен, тілімен қауыштыру бүгінгі біздің борышымыз, бұны мемлекет деңгейінде тез қолға алмаса шетелдегі 5 миллион қазақтан таяу арада тірі айырылуымыз ғажап емес.

Соңғы кезде "ойбай Ауғанстан қазағынан абайлау керек, олар басқа ағымда"- деп әдейі осындай өсек таратып Қазақтардың елге оралуына кедергі жасайтын сыртқы күштердің агенттері бар.

Сонда Қазақпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, ата жау болып келген, қазір Қазақстанға есепсіз ағылып кіріп жатқан Орыс пен Қытайдан қауіп көрмейді екен де, өз сол Орыстың кесірінен ата мекенінен айырылып, босып кеткен өз қандасынан қауіп көреді екен? Сонда мына Қазақстан кімнің елі?
Қытай, Моңғолия, Өзібекстан, Ресейдегі Қазақтар өзінің байырғы ата-қонысында отыр, ол жерде атамзаманнан қазақтар болды, жер, су аттарының бәрі қазақша, және Қазақтар біржерге шоғырланып, көп болып өмір сүрді, сондықтан да бұл мемлекеттердегі қазақтар өз тілін, болмысын, дәстүрін сақтап келеді.

Ал Ауғанстан деген мүлдем Қазаққа жат, басқа ұлт, басқа тілді мемлекет, әрине онда барған азғана қазақ және өмір сүру үшін жан-жақта бытырап кеткен Қазақ, жанын әрең бағып жүрген қазақ қалай тілін сақтайды? Қалай дәстүрін сақтайды?

Ол емес ұяттан бетің өртенетіні: Қазақстанда туылып, осы елде ержетіп, осы елде өмір сүрседе Қазақ тілін білмейтін адамдар мен Биліктегі мәңгүрттерді көріп жүріп, Ауғанстан қазағын сынауымыз ұят емеспе?

Ауғанстан қазақтары ғана емес мына технологиясы дамыған, барлық ақпаратқа қол жетімді елде өмір сүріп жатқан, барғанына 60-70 жыл ғана болған Түркия қазақтар, 50 жыл болған Европа қазақтарының өздері Қазақшаны әрең сөйлеп жүр, олардың балаларының көбі тіпті қазақша білмейді.

Қайта мына Ауғанстанда, жат жер жат елде, ғылым білім жоқ, ақпарат жоқтың қасы болған елде өмір сүрседе, тілін күрмеп болсада Қазақша сөйлеп, руын, жеті атасын біліп, Қазақпын деп жүрген қандастарға рахмет айтайық, басымызды иеиік.

Мына жақта жылы жерде, тамаққа тойып, жантайып жатып алып "мыналар Қазақша неге дұрыс сөйлей алмайды? Түрлері Қазаққа ұқсамайды, ақ-көк?"- деп өсек айтудан ұялу керек, әй олар емес бізде тіпті парламентте, билікте Қазақшаны сөйлей алмайтындар отыр ғой, сонда оларды Қазақ емессің деп шығарып жеберейік елден.

Құрметті бауырлар, ашынғаннан шығады ащы даусың деп, бастарыңа түспегесін албаты сөйлеп, табалап, өзі зар жылап отырған қандастардың жүрегін ауыртатын сөздерді байқап айтып, байқап жазайық!
Ауғанстандағы қандастарымыздың Орыс пен Қытайдан өлігі артық. Ал біздегі мәңгүрттерден тірісі артық.

Қыдырәлі Оразұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264