Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2938 0 пікір 25 Қараша, 2012 сағат 08:38

ЖЕҢІС КЕЗДЕЙСОҚ КЕЛГЕН ЖОҚ

ЭКСПО-2017 :

«Дүниежүзілік ірі көрменің Астанада өтуі - инновациялық және 
индустриалды дамуға серпін береді», - дейді сарапшылар

ЭКСПО-2017 :

«Дүниежүзілік ірі көрменің Астанада өтуі - инновациялық және 
индустриалды дамуға серпін береді», - дейді сарапшылар


Өткен аптада париж қаласында көрмелердің халықаралық бюросының 152-ші бас ассамблеясында жасырын дауыс беру арқылы «экспо-2017» көрмесін өткізу шарасы үшін астана қаласы мен бельгияның льеж қаласы өзара тайталасты. басты қарсыластың бұған дейін экспо көрмесін бірнеше рет өткізу мүмкіндігіне ие болғанына қарамастан, астана айқын басымдылықпен жеңіске жетті. астана қаласының үмітін үкілеген бір топ жанкүйермен бірге париж қаласына қазақ елінің басшысы елбасы нұрсұлтан назарбаев та ат басын тіреген болатын бұл күні. жеңіске жеткеніміз мәлім болғаннан кейін мәлімдеме жасаған елбасы: «астана қаласында өткізілетін «экспо-2017» көрмесі - тарихи құбылыс. экспо көрмелерінде әлемнің барлық елдері өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін сарапқа салады. бұл - жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. аталмыш шараны әлемнің барлық континентінің ондаған елінен миллиондаған адам тамашалайды. астананың бәсекелестік жағдайында жеңіске жетуі - кездейсоқтық емес.

Біріншіден, бұл - біздің ел­орданың бүкіләлемдік дәрежедегі оқиғаларды өткізуге дәрежесі толықтай жететіндігінің мойындалуы. Екіншіден, Қазақстанды таңдау арқылы біздің еліміздің жоғары табысқа қол жеткізгендігінің және оның және Еуразия аймағының болашақта ірі мемлекетке айнала алатындығының көрінісі. Үшіншіден - «Болашақтың энергиясы» деген тақырыбымыздың да жеңісіміздің кілті болғанын айта кету керек», - деді Президент. Елбасы бүкіл қазақстандықтарды жаңа жеңісімен құттықтай отырып: «Біздің алдымызда басты мақсат ­ ЭКСПО-2017» көрмесін қажетті деңгейде өткізу мұраты тұр. Бұл мемлекет алдындағы емтихан ғана емес. Көрме - біздің жасампаздық мүмкіндігімізді ашуға жол береді. Астанада өтетін ЭКСПО республиканың инновациялық дамуына серпін бермек», - деп атап өтті. 
Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәми өз блогында бұл туралы: «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астана қаласында өтетіні туралы жеңісін аса бір мақтаныш сезіммен қабылдадым. Қазақстан бұл масштабты іс-шараны өз деңгейінде дайындалып, өткізеді деген сенімдемін. Бұл қазақстандықтардың бүгінгі және болашақ ұрпағының игілігіне қызмет ететін болады. «ЭКСПО-2017» еліміздің индустриалды және инновациялық мүмкіндігін арттырады, - деген екен. 
Индустрализацияның символы деп есептелінетін және техникалық, технологиялық жетістіктерді паш етуге арналған ашық алаң ЭКСПО - тарихы тым әріден басталады. Нақтырақ айтсақ, 150 жылдан астам. Википедияның деректеріне сүйенсек, алғашқы көрме 1851 жылы ханзада Альберттің бастамасымен Лондонда Гайд-паркте өткізілді. Көрменің негізгі жауһары - темір мен әйнектен жасалынған Хрустальді сарай болды. Бұдан кейін бұл көрме әрбір төрт жылда, кейін әрбір екі жылда өткізіліп келді. 1878 жылғы Париждегі көрмеде Томас Эдисон мегафон мен фонографты ойлап тапқанын паш етсе, көрме барысында әлемнің ғажайыбы аталынған ­- Париждегі Эйфель мұнарасы 1889 жылы бой көтерді. 1908 жылы Парижде атақты Ғашықтар құдайы (Амур) көпірі салынды. Соңғы он жылда бүкіләлемдік көрмелердің тақырыбы - технологиялық мәселелерден экология және адамның табиғатпен үндестігі тақырыбына қарай ойысты. Лиссабонда өткен «Экспо-1998» «Мұхиттар - болашақтың мұрасы», Ганноверде өткен «Экспо-2000» «Адам, табиғат, технология» деп аталды. Нагояда өткен «Экспо-2005» - «Табиғат даналығы», Сарагоссада өткен «Экспо-2008» - «Су және дамудың тепе-теңдігі», Шанхайда өткен «Экспо-2010» - «Жақсы қала - жақсы өмірдің кепілі» тақырыптарына арналды. Бұл көрме биыл Оңтүстік Кореяның Есу қаласында өтті. Ал келесі көрме 2015 жылы Италияның Милан қаласында өтеді деп жоспарлануда. Одан кейінгі эстафетаны Астана қаласы алатын болады. Астанада осыған орай салынатын орталық «ЭКСПО-2017» ғылымға арналмақ. 

«ЭКСПО-2017» 
ҚАЗАҚСТАНҒА 
НЕ БЕРЕДІ?

Көптеген адамдардың көкейінде - «ЭКСПО-ны Қазақстанда өткізудің маңызы не?» деген сауалдың көлденеңдегені мәлім. Ең бастысы, әлемнің жүздеген елінен энергия, қуат көздерін алмастыратын энергияны іздестіру тәжірибелері өзара ортаға салынады, демек тәжірибе алмасу - ең басты олжамыз болмақ. Екіншіден, инфрақұрылымдардың дамуы: жолдар, қоғамдық көлік, коммуналдық шаруашылық, әуежай, вокзал, ЭКСПО обьектілерінің құрылысы жүргізіледі, бір сөзбен айтқанда, жаңа жұмыс орындарының ашылуы. 
Үшіншіден, Астана және оның маңайындағы ауылдарда орта және шағын бизнес субьектілерінің дамуына септігі тиеді, әсіресе халыққа қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм дамитын болады. 
Төртіншіден, ішкі-сыртқы туризмнің дамуы, көрмеге әлемнің жүздеген елінен 5 миллион адам қатысады деп есептелінуде. 
Бесіншіден, ЭКСПО-ға арналған обьектілерді салуға инвестиция тартумен бірге, бұл обьектілер ЭКСПО өткеннен кейін де, Қазақстанды ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-презентациялық алаңы бар мемлекет ретінде айғақтайтын болады. 
Алтыншыдан, мемлекеттің сыртқы имиджі жақсарады, мемлекетаралық мәдениеттердің тоғысы, елдің рухани әлеуетін арттыру. Үш ай бойы көрмеде мәдени іс-шаралар да қарастырылған. Ұлттық күндер өткізілетін болады. 
ЭКСПО өткізілетін алаңның жалпы көлемі - 113 гектар. Көрме орталығының өзіне 25 гектар алаң бөлінеді. ЭКСПО-2017 Астана қаласының Ш. Қалдаяқов көшесі мен К-1 айналма жолының қиылысында орналасады деп жоспарлануда. Көрменің ұйымдастыру шығындарына шамамен 1,2 миллиард евро жұмсалмақ, ал одан түсетін пайда әзірге болжанбай отыр. Әйтсе де, осыған дейін ұйымдастырылған көрмелер орасан зор пайда әкелгенін айта кету керек. Яғни Астана бұл көрмені ұйымдастырудан зор пайда түсіретіні әркімге аян.

Есенгүл Кәпқызы

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364