Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2640 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 06:40

ҚР премьер-министрі әуе компанияларын ЕО-ның «қара тізімінен» шығару бойынша шаралар жоспарын бекітті

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ

ҚР премьер-министрі Серік Ахметов қазақстандық әуе компанияларын Еуроодақтың (ЕО) «қара тізімінен» шығару бойынша ведомствоаралық шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР премьер-министрі Серік Ахметов халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою және қазақстандық әуе компанияларының Еуропа одағына мүше елдерге ұшуға қойылған шектеулерін алып тастау жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын бекітті», - делінген ведомствоның ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған ККМ ақпаратында.

Осылайша, аталған құжат құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірлесе әрекет ету шараларының жоспары болып табылады.

Бекітілген құжатта азаматтық авиация комитетінің бақылау-қадағалау міндетін атқаратын инспекторларының штаттық санын және инспекторлардың жалақысын саланың білікті қызметкерлерінің жалақысы мөлшеріне дейін көбейту, азаматтық авиация саласының нормативтік-құқықтық актілерін ИКАО-ның талаптарына сәйкестендіру, азаматтық авиация саласына үздіксіз және толық бақылау, қадағалау жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының авиация әкімшілігінің қызметін автоматтандыру шаралары қарастырылған.

Бұдан басқа, іс-шаралар жоспары аясында Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕААК) Қазақстанның аталған ұйымға мүшелікке енуі көзделген ынтымақтастық Меморандумына қол қою жоспарланған. Сонымен бірге, ұшулар қауіпсіздігі саласында ақпарат жинау және ақпарат алмасу мақсатында Еуропаның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі агенттігімен (EASA) ынтымақтастық келісімін қабылдау да көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың шілдесінде жүргізілген ИКАО аудитінің нәтижесінде «Эйр Астана» АҚ-нан басқа, қалған 59 қазақстандық әуе компаниясы Еуроодақтың «қара тізіміне» енгізілген болатын. Қазіргі уақытта 59 әуе компаниясының 37-сі осы тізімде тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570