Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1248 0 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 15:12

Алматыда 10 мың бүлдіршін емделіп шықты

Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында еліміздің ең ірі мегаполисінде балалар денсаулығын оңалтуға байланысты түрлі шаралар ұйымдастырылады. Қалада балаларға медициналық көмек көрсету орталықтарының саны жеткілікті. Олар сапалы қызмет көрсетуде. 

Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығынан» жарты жылда 10 мыңға жуық бүлдіршін емделіп шыққан. Бұл туралы мекеме қызметкерлері мәлім етті.

Дәрігерлер соңғы уақытта науқастардың жиілей түскенін де жасырмады. Соңғы медициналық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған аурухана білікті мамандардың көмегімен ең қиын оталарды жасап жүр.

Алматылық Айнұр Ақылбек ұлын балалар ауруханасына екінші рет әкеліп отыр. Себебі жасы 2-ге де толмаған Арсланға жедел ішек өтімсіздігі диагнозы қойылған. Анасының сөзінше, ас батпаған соң балада әл қалмай, шұғыл медициналық көмек қажет болған.

«Баламның құса бастады. Үлкен дәреті жасыл түсті болғандықтан, ауруханаға келдік. Маған №2 ауруханаға барсын деген, бірақ мен осы жерге келдім. Себебі мұндағы дәрігерлердің тәжірибесі мол», – деді қала тұрғыны Айнұр Ақылбек.

Хирург Саматбек Мырзахметтің сөзінше, ауруханаға түскен нәрестелердің көбінде туа біткен даму ақаулары жиі байқалған. Сондықтан дәрігерлер ем-дом алуға келген әр баланы толық қарап шығады. Дерт анықталған жағдайда диагноз қойып, міндетті түрде ота жасайды.

«Биыл 6 ай ішінде бізге 30 нәресте түсті, 27 нәрестеде туа біткен даму ақауы анықталды. Оның ішінде өңештің, асқазан, ішек жолдарының даму ақауы бар», – деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.

Дәрігер нәрестелер арасында өлім-жітім саны едәуір азайғанын айтады. Қаладағы балалар ауруханасының өзі соңғы медициналық үлгідегі құрылғылармен жабдықталыпты.

Дәрігерлердің дерегінше, бұл ауруханаға күніне, орта есеппен, 300-дей бала келсе, 40 науқас ем алуға жатқызылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270