Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022
Билік 1373 0 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 12:02

Абай облысынан кімдер Сенатор болады?

Сенаттағы екі депутаттық орынға Абай облысынан өзін-өзі ұсынған 11 адам үміткер болып отыр. Бұл жайлы Семей қалалық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Фесенко мәлім етті.

«24 тамызда Абай облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Өңірден екі депутат сайланбақ: біреуі 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың, екіншісі – 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне. Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мәслихат сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүргізілді. Заң бойынша жергілікті мәслихат депутаты және облыста тұратын азамат депутаттыққа кандидат бола алады», - деді ол.

Үміткерлерді ұсыну 13-30 шілде аралығында өтті. Барлығы 11 адам депутаттыққа өзін-өзі ұсынған.

«Бүгінгі таңда алты үміткер тіркелді. Оның ішінде Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов бар. Тіркеу 3 тамызда аяқталады. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астам дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Өңірлік комиссия дауыстарды санау нәтижелерін екі күн ішінде орталық сайлау комиссиясына ұсынады», - деді Наталья Фесенко.

Сенат депутаттарын сайлаудың қорытындысын ҚР Орталық сайлау комиссиясы жеті күн ішінде белгілейді. Депутаттыққа кандидатурасын ұсынған 11 азамат: Айнұр Арғынбекова, Мамырбек Қарашев, Мейрамгүл Абылғазинова, Шалқар Омаров, Лаура Арынғожина, Уәлихан Майжанов, Альбина Ахметова, Анжела Маслова, Талғат Сарманов, Бақытжан Байахметов, Гүлжанат Рахатқызы. Олардың арасында ең егде жастағы кандидат 60-та.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2581
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2103
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1774
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2866