Сенбі, 23 Қараша 2024
2362 2 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 12:53

Зейнетке таяған 10 мың әйел құрылыста істеп жүр

Елімізде қазіргі күні 50 мен 60 жас аралығындағы жұмыс істейтін әйелдер саны – 641 941 адам, деп хабарлайды Abai.kz сайты halyq-uni-не сілтеме жасап.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының дерегінше, әйелдердің көбісі білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет түрлері, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру, көтерме және бөлшектеп сату, автомобиль мен мотоцикл жөндеу салаларында қызмет атқарады.

Сумен жабдықтау, дәліз жүйесі сияқты коммуналдық қызметтерде – 5 325 адам,  қаржы және сақтандыру саласында – 6 122 адам, ақпарат пен байланыс саласында – 7 121 адам, құрылыста – 9 727 адам, тау-кен және карьерлерді әзірлеу салаларында – 8 655 адам жұмыс істейді.

Бірақ зейнет жасынан асқан әйел қызметкерлер бойынша бөлек статистика жүргізілмейді екен.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, БЖЗҚ-да 50-60 жас аралығындағы әйелдердің атына ашылған 1 млн 158 мың жеке зейнетақы шоты бар. Олардың жалпы көлемі 1,9 трлн теңге.

Оның ішінде, 606 мыңында жинағы 1 млн теңгеге теңгеге жетпейді. Ал 305 мыңының жинағы 1-3 млн теңге аралығында. Одан көбірек, 3-5 млн теңге аралығында жинап қойғандарының саны 169 мың болса, 5-8 млн теңге аралығында жинап үлгергендері 71 мың адам. Және бір 7 мыңының әрқайсының жинағы 8 млн теңгеден асады. Ең көп жинағаны – 139,3 млн теңге екен.

Айта кетейік, біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері биыл сәуір айынан бастап өзгерді. Онда 50 жастағы адамның жинағында ең кемі 7 430 000 теңге болуы керек. Ал 59 және одан жоғары жастағылардың жинағында жоқ дегенде 9 120 000 теңгеден болуы тиіс.

Министрлік ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер туралы да мәлімет берді. Алайда онда да әйелдер бойынша бөлек статистика жоқ.

Былтыр зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының ішінен 375 мыңы немесе әрбір төртіншісі (28,8%) зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс атқарған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысшылар санында өзгеріс жоқ, алайда зиянды және қауіпті жұмыс істейтіндердің саны 8 мың адамға артыпты.

Жұмыс ауыртпалығына қарай жіктеп қарасақ, әрбір екінші (45,2%) жұмысшы қатты шу мен вибрация жағдайында, әрбір үшінші (32,1%) адам қатты газ бен көк шаң ортасында жұмыс істеген. Ал ауыр физикалық еңбекпен 93 мың адам шұғылданған (5,7%).

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345