Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022
1096 10 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 14:30

Министр: АЭС салуға АҚШ-тың технологиясын қарастырмаймыз

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясын салуға АҚШ-тың ұсынысынан бас тартқанын мәлімдеді. 

«Бұған дейін лайықты технология таңдап жатқанымызды айтқан едім. Әзірше ешқандай технологияны таңдап алған жоқпыз. Өткен жылы Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға, Біріккен Араб Әмірліктеріне бардық. Енді жоспарда Венгрияның нысандары бар. Станциялар әртүрлі технологиямен салынған. Түркиядағы АЭС ресейлік «Росатом» технологиясымен жұмыс істеп жатыр, –  деді министр.

Министр АҚШ-тың ұсынысынан неліктен бас тартқанын түсіндірді.

«Біз АҚШ технологиясын қарастырмаймыз деп шештік. Себебі, онда референттік блок жоқ. Бұл технология бойынша тұрақты, сенімді станция салу мүмкін емес», –  деді ол.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, АЭС салу үшін бүкіл елдің технологиясын зерттеу міндет. Қазір АЭС-тің орнын таңдау үшін қауіпсіздік пен сейсмикалық жағынан зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Балқаш көлінің маңындағы Үлкен елді мекенінде атом электр станциясы салынатыны туралы айтылған болатын.

 

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2585
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2103
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1774
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2868