Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3558 7 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 13:09

Тайуан дауы: Қазақстан Қытайды қолдайды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Тайуанға қатысты ұстанымын мәлімдеді. Қазақстан Тайуанды Қытайдың бір бөлігі ретінде көреді.

«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайуанды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды. Шет елдердің ресми делегацияларының Тайуана сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп ойлаймын», – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, Тайуанның айналасындағы шу сейбенбі күні АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің елге ресми іссапармен ұшып баруынан басталды. Пелоси, бұған дейін, Тибет, Шыңжаң өлкесі және Гонконгтегі адам құқығы туралы Қытайдың оң жамбасына келмейтін, көп сын айтқан саясатшы. Сондықтан, америкалық саясатшының Қытай өзінің бір провинциясы санайтын Тайуанға келіп, демократиялық құндылықтар туралы айтуы Қытайдың шамына тигені рас.

Пелоси Тайбэйге ұшып бара жатқанда, Қытай баспасөзі Тайуанға қарай бұғаз арқылы қытайлық әскери ұшақтар жіберілгенін хабарлады. Содан кейін әскерилер теледидар арқылы жақын арада, сейсенбіден бастап, Тайуанға жақын жерде бірқатар әскери операциялар жүргізетіндерін мәлімдеді. Сәл кейінірек Синьхуа агенттігі Қытайдың бұл іс-әрекетін әскери жаттығулар деп түсіндірді.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайуанның әкімшілігінің басшысымен және басқа да шенеуніктермен кездесті.

«Біздің Конгресс делегациясының Тайуанға сапары – Американың демократиялық Тайуанды қолдайтындығының белгісі. Бүгінгі таңда әлем автократия немесе демократияны таңдау үстінде тұр. Сондықтан Американың 23 миллион Тайуан халқын қолдауы, ынтымақтастық көрсетуі бұрынғыдан да маңызды», - деді Пелоси.

Бұл сапар Қытаймен онсыз да күрделі тақырыпты шиеленістіріп жіберді және басқа Азия мемлекеттерінің алаңдаушылығын тудырды.

«Оның бұл ісі, өте нәзік мәселеде, атап айтқанда Тайуан мәселесінде қиындықтар туғызады. Сондықтан мен Нэнси Пелосидің келуі жағдайды ушықтырды деп ойлаймын... Біз Тайуан бұғазында бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға тырысуымыз керек, бұл барлық Азия мемлекеттерінің қалауы. Мұны істеудің ең жақсы тәсілі - статус-квоны ұстану, солай бейбітшілікті сақтауға болады», - деп пікір білдірді Сингапурдың БҰҰ-дағы бұрынғы өкілі және Қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы төрағасы Кишор Махбубани.

«Бұл сапар Тайуанға келген Конгресс делегацияларының бірі ғана. АҚШ-тың 1979 жылғы Тайуанмен қарым-қатынас туралы Заңын, сондай-ақ АҚШ пен Қытайдың бірлескен коммюникелері мен кепілдіктерін басшылыққа алатын ұзақ мерзімді саясатына қайшы келмейді», - деді Пелоси өзінің веб-сайтында жарияланған мәлімдемесінде.

Бүгін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайуанға сапарына жеке түсініктеме берді.

«Пелосидің Тайуанға сапары – империалистердің өркениетсіз науқанының тағы бір көрінісі. Біз америкалық реакционерлердің бірде-бір арандатуына түспеу үшін әлемге кеңінен қарауды жалғастырамыз», - делінген ҚХР төрағасының мәлімдемесінде.

Пелоси Тайуанььнан кейін Оңтүстік Корея және Жапонияға барған. Бұған дейін ол Малайзия мен Сингапурде болды.

Айжан Темірхан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340