Сенбі, 3 Қазан 2026
3760 0 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 13:19

Әзірбайжан: Армения Қарабақ келісімін бұзды

Үшінші тамызда Әзірбайжан сарбаздарының бірі Таулы Қарабақта армяндар шабуылынан қаза тапты. Нәтижесінде Әзірбайжан Арменияны Қарабақ келісімін бұзды деп айыптады. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі жариялаған.

"3 тамызда болған қанды оқиға Арменияның үшжақты келісімді өрескел бұзғанын, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге салған еңбекті зая кетіргенін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл Арменияның халықаралық делдалдардың жұмысына деген құрметсіздігін көрсетеді", - деді Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі

Сонымен бірге, Әзірбайжан осы оқиғаға қатысты барлық жауапкершілікті Арменияның саяси және әскери басшылығына жүктеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 570
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 827