Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2980 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 12:01

Әміржан ҚОСАНОВ. ТОЗАР ҚАЗАҚ – РУШЫЛ, ОЗАР ҚАЗАҚ – РУХШЫЛ

Кейбір телеарналарда кешқұрым, яғни елдің экран алдына жиналар уақытында (прайм-тайм) қоғамға белгісіз бір адамдар отырып алып, түкке тұрмайтын тақырыпта түкке тұрмайтын әңгіме айтып, адамның жынын келтіретінін қайтерсің! Хабар соңында «Ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша әзірленді» деп айқайлата жазып қояды. Өкінішке орай, қазақ тілінде осындай бағдарламалар көбейіп кетті. Облыстық теледидарларда да осындай сорақылықтарды көріп қаламын елге барғанда. Меніңше, осы мемлекеттік тапсырыстардың бөлінуі мен орындалуы туралы нағыз шығармашылық... аудит керек! Өйткені министрлік осы хабарлардың дайындалуына бюджет қаржысын, яғни сіз бен біздің салығымызды жұмсап отыр ғой!

 

***

«Мир» телеарнасынан «Мәскеу үшін шайқас» атты фильмді көрсетіп жатқанын көзім шалды. Осыған орай бір оқиға есіме түсіп кеткені.

Кейбір телеарналарда кешқұрым, яғни елдің экран алдына жиналар уақытында (прайм-тайм) қоғамға белгісіз бір адамдар отырып алып, түкке тұрмайтын тақырыпта түкке тұрмайтын әңгіме айтып, адамның жынын келтіретінін қайтерсің! Хабар соңында «Ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша әзірленді» деп айқайлата жазып қояды. Өкінішке орай, қазақ тілінде осындай бағдарламалар көбейіп кетті. Облыстық теледидарларда да осындай сорақылықтарды көріп қаламын елге барғанда. Меніңше, осы мемлекеттік тапсырыстардың бөлінуі мен орындалуы туралы нағыз шығармашылық... аудит керек! Өйткені министрлік осы хабарлардың дайындалуына бюджет қаржысын, яғни сіз бен біздің салығымызды жұмсап отыр ғой!

 

***

«Мир» телеарнасынан «Мәскеу үшін шайқас» атты фильмді көрсетіп жатқанын көзім шалды. Осыған орай бір оқиға есіме түсіп кеткені.

Осыдан біраз уақыт бұрын іссапармен Мәскеуге барғанмын. Әуежайдағы шекаралық бақылаудан өтіп жатырмыз. Менің төлқұжатымды алған ресейлік шекарашы жас жігіт маған былай демесі бар ма: «Ну и как вам, казахам, после СССР живется там в Казахстане без нас, русских?», - деп. Жан-жағыма қарадым, бір-екі қазақ ағайын, қалғандары басқа ұлт өкілдері. Бәрі маған қарап тұр, не деп жауап береді екен деп. Менің жауабым былай болды: «Очень хорошо живется без таких невоспитанных русских, как ты! К счастью, есть другие русские, которые более воспитаны, чем, ты! Ты, наверное, не знаешь, если бы не было 28-ми героев из Алматы, которые защитили Москву, ты сейчас разговаривал бы по-немецки! После работы съезди к разъезду Дубосеково и поклонись моим землякам!». Бір минут пауза - үнсіздік. Содан кейін айналамдағылар мені қолдаған болып, қол соғып жіберді. Осы оқиға әлі де есімнен кетпейді...

 

***

Мәссаған! Бас прокурордың бірінші орынбасары былай депті: «Қазақстандық террорист - жұмыссыз, жоғарғы білімі жоқ, болашағы жоқ жас жігіт». Олай болса, елдің жартысы террорист қой!

 

***

EXPO-2017 туралы. Әрине, еліміз жүзден жүйрік боп, осынау беделді бәйгеден озып шыққанына қуануымыз керек. Қуанайық! Бірақ осы қуанышты сезімге кәдуілгі күдіктің қосылатыны да құпия емес. Ол күмән мынадай сұрақтарға саяды.

Біріншіден, кез келген көрмеде елдің экономикасының, ғылыми-техникалық саласының әлем назарына ілігуге лайық озық үлгілері көрсетілуі тиіс қой. Біз немізді көрсетеміз? Мұнай мұнаралары мен тұрбаларды ма? Әлде алюминий «чушкаларын» ба? Әлде кешегі зауыт пен фабрикалар ғимараттарының орнын басқан сауда орталықтарын ба? Дүние жүзіне: «Мынау қазақстандық бренд!» - деп мақтана көрсететін қандай инновациялық жаңалығымыз бар?

Екіншіден, ЭКСПО-ны... ОБСЕ-ге айналдырып, екінші рет қателесудің керегі жоқ. Кейбір шенеуніктер айтып жатқандай, «бұл бүкіл әлемнің Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жолын қолдауы!» - деп таза инфрақұрылымдық мәселені орынсыз саясиландыру дұрыс емес! ЭКСПО секілді дүние елдің демократиялық дамуы мен адам құқықтары мен бостандықтарының орындалу жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Үшінші мәселе - біздің жемқорлық жайлаған елге өте-мөте көкейкесті: ресми деректер бойынша ЭКСПО-ны өткізуге 1,5 миллиард доллардай қаржы қажет екен. Ол қаржы қайдан келеді? Тағы да мемлекеттің онсыз да азайып бара жатқан қаржысын жұмсап, зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлерін тағы да алалаймыз ба? Бизнес көмектессе, ол қандай шарттар негізінде өз қалтасынан ақша шығармақ? Ең бастысы - сол қыруар қаржының жұмсалуын кім, қалай қадағалайды? Тағы да тістегеннің аузында кете ме? Қазіргі «откат» мөлшері 30 пайыз екенін ескерсек, ол жарты миллиард доллар ғой!

Төртіншіден, осы көрме бізге, Қазақстан экономикасына нақты не береді? 1,5 миллиард жұмсасақ, табар нақты пайдамыз қандай?

Әзірше бір нәрсе айқын көрініп отыр: ЭКСПО өткізу мүмкіндігін біздің билік өзінің саяси пиары ретінде пайдалана бастады. Барлық ресми БАҚ-тар жер астынан ЭКСПО-ны емес, жеті қоян тапқандай, бөрігін аспанға лақтырып, осының бәрін елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйені ақтау мақсатында насихат жүргізе бастады. Және де осы науқан 2017 жылға дейін созылатын сыңайы бар.

ЭКСПО-2017-ні билік «халықаралық деңгейдегі орасан жетістік», «елдің сыртқы арендағы танымалдығының символы» деп алақайлап жатыр. Мен бір ғана сұрақ қоямын, ағайын: «Өткен жылдары ЭКСПО қай елде өткенін және келесі жылы қайда өтетінін сіздер білесіздер ме?»

 

***

Желідегі бір әңгімедегі жауабым: мен сенің руыңды білмеймін, маған рухың бар ма, жоқ па, сол маңызды! Тозар қазақ - рушыл, озар қазақ - рухшыл болады!

 

***

Ақорданың орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі ел алдына шыға бастапты. Біз кезінде Үкімет баспасөзі қызметінде жүргенде апта сайын, әрбір сәрсенбіде барлық (!) БАҚ өкілдерін шақырып, оларда жарияланған әрбір сын мақалаға жауап беруге тырысатын едік. Үкіметтің быт-шытын шығарып жүрген ең сыншыл БАҚ-тарға есігіміз ашық болатын. Ал мына жігіт «президент жаңа жылдық шыршаның шамын жағады» деп қысқа қайырып жатыр. Тек БАҚ қана емес, барша елді мазалап жүрген сауалдарға жауап жоқ. Шыршаны емес, халықтың билікке деген сенімінің шамын кім жағады сонда?

 

(«Фейсбуктағы» жазбалар)

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 45 (173) от 06 декабря 2012 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570