Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2999 0 пікір 4 Желтоқсан, 2012 сағат 18:04

Ауылдар сән түзеу үшін ауылға сәулетші мамандар керек

2017 жылға дейін облыстағы барлық елді мекендер мен қалалардың бас жоспары  жасалып бітетін болады.
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Аманбай Нұркенов аймақтағы сәулет құрылысының бүгінгі беталысы жайында өткізген баспасөз мәслихатында биыл Зайсан, Аягөз қалалары мен Қалбатау  ауылдарының, келер жылы Зырян қаласының бас жоспары жасалатынын айтты. Кеншілер мен металлургтер қаласының бас жоспарына 56 миллион теңге жұмсалмақ көрінеді. Сонымен алдағы жылы барлық аудан орталықтары мен облыстық маңыздағы қалалардың бас жоспарлары жасалып бітпек. Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының бас жоспарлары екі-үш жыл бұрын  қайтадан жасалып, жаңадан бекітілген болатын. Қазіргі күні аймақтағы тұрғындар саны 500 адамнан асатын 304 елді мекеннің 203-інің бас жоспары бар болғанымен, 178-ін қайтадан жасап, бекіту керек болып отыр.
Аудандардағы сәулет бөлімдерінің қысқарып қалғандығы, сәулетші мамандардың  аздығы аймақтардағы сәулеттендіру жұмыстарына кедергісін тигізбей отырған жоқ. Аудандардағы сәулет бөлімдері қаржының жоқтығынан қысқартуға ұшырап кетіпті. Құрылыс бөлімінде бір сәулет маманы бірлігі бар болғанымен, онда өзге мамандық иелері жұмыс істеп жатыр екен. Соңғы жылдары Зайсан, Ұлан, Тарбағатай, Зырян аудандарында ғана сәулет бөлімдері қайтадан ашылыпты. Қалған он бір аудан мен қалада жоқ.

- Өйткені қазіргі күні ауылға баратын сәулетші мамандар табылмай отыр.  Облыста сәулетшілер даярлайтын арнайы жоғары оқу орны, факультет бар болса да жас мамандар ауылға барғысы келмейді. Қалада қалуды ойлайды. Сондықтан оларды да «Дипломмен - ауылға» бағдарламасындағы дәрігер, педагог мамандықтары иелерінің қатарына қосып, ауылға барып жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек, - дейді Аманбай Нұркенов.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566