Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 07:39

Кененің кесапаты

Әйел ерге ер жерге қараған бүгінгі заманда аты жаман ауру, дерт, тұмау деген пәлекеттер шығып тұрмысы жұпыны  жұрттың үрейін ұшырып тұр. Медицина тілінде A-H1N1 деп аталатын тұмауға шалдыққандардың саны 14-ке жетті. Ал, еліміздің оңтүстік аймағында тараған Қырымның қанды безгегінен үш бірдей дәрігер қайтыс болып кетті.

- Дәрігерлер қарапайым медициналық ережелерді сақтамаған, - деді бүгін Астанада журналистермен кездескен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

Минстрдің сөзіне қарағанда Түркістанда бір уақытта Қырым қанды безгегі ауруына шалдығып, соның салдарынан көз жұмған дәрігерлердің ажал құшуына алдымен абайсыздық себеп болыпты.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жүргізілген медициналық тексерістің нәтижесі көрсеткендей, Қырым қанды безгегінің негізгі таратушысы - Ш.Исмаилова есімді азаматша босанғанға дейін сау болған. Себебі оның босануына қатысқан екі дәрігер маманда безгек ауруының нышандары байқалған жоқ. Емханадан кейін үйге оралған Ш.Исмаилова Қырым қанды безгегі ауруына шалдығып, сырқатты сүт арқылы  баласына жұқтырған. «Аурудың нышандары көріне бастаған кезде, сырқат болған Ш.Исмаилова және оның нәрестесі дереу емханаға жеткізілді. Ал сырқатты емдеу кезінде қарапайым техника қауіпсіздігін сақтамай, медициналық қолғапсыз ем-дом  жасаған үш дәрігерге қан арқылы Қырым қанды безгегі жұққан. Соның салдарынан дәрігердің үшеуі де қайтыс болды», - дейді Ж.Досқалиев.

Айта кетейік, Ж.Досқалиев ұсынған мәліметке сәйкес осы уақытқа дейін республика бойынша қырым қанды безгегі ауруына шалдығудың 17 оқиғасы тіркелген. Дерттің негізгі таратушысы - кене.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347