Омарташылардың ісі оңға баспақ
Шығыс Қазақстанда осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Франциядағы «Апимондия» ара өсірушілер қауымдастығы халықаралық федерациясының президенті Жиль Ратия бастаған әлемнің 16 елінің 60-тан астам омарташылары мен ара шаруашылығы саласының ғалымдары, мамандары жиналды.
Фестивальдің алғашқы күні Израиль, Украина, Қытай, Италия, Корея, Греция, Польша, Ресей, Румыния, өзге де алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар мен облыстың ара өсірушілері, ауыл шаруашылығының мамандары «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де ұйымдастырылған омарташылықтың шеберлік класына қатысып, Алтайдың балы, оның түрі, емдік қасиеті, өндірілу жолдарымен жақынырақ танысты. Одан соң Ұлан ауданының Донское ауылындағы «Назаренко» шаруа қожалығындағы омарта шаруашылығы иесінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Халықаралық фестиваль келесі күні Өскемендегі «Алтай» технологиялық паркінде өткен «Ара шаруашылығына инновациялық технологияны енгізу, аралардың генофондын сақтау» деген тақырыптағы дөңгелек үстел отырысымен, осы ғимараттың залында ұйымдастырылған «Шығыс Қазақстандағы омарта шаруашылығы: тарихы, қазіргі жағдайы, болашағы» атты көрмемен жалғасты.
Алқалы жиынды ашқан облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ:

- Шығыс Қазақстан ежелден бері Орталық Азия мен Сібірдегі омарта шаруашылығының отаны болып келеді. Ал балдың қадірі мен қасиеті бәрімізге де белгілі. Сондықтан біз алдымызға облыста бал өндіруді бұрынғы деңгейіне дейін жеткізуді мақсат етіп қойып отырмыз. Ол үшін өңірде мүмкіндік мол. «Шығыс Қазақстанда омарташылықты өркендету» атты арнайы бағдарлама қабылданған. Үш жылдан бері жыл сайын ара өсірушілерге облыстық бюджеттен субсидия бөліп, қаржылай қолдау көрсетіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын аймақта 40 мың ара ұясы болса, қазір ол 55 мыңнан асты. Бұрын 700 тонна бал жиналып жүрсе, қазір жыл сайын төрт мың тонна бал алынып келеді. Сондай-ақ, бал жәрмеңкелері өткізіліп, омарташыларға ақпараттық, жарнамалық қолдау да көрсетіліп жатыр. Балды аса көп пайдаланып, жаппай тұтынып келе жатқан Жапония елінің тәжірибесін білеміз. Біздің облыста мектеп оқушыларына күн сайын 10-20 грамм бал беру туралы тапсырма беріліп, ол жүзеге асырылып жатыр. Жергілікті жердегі шаруа қожалықтары, шаруашылық басшыларымен келісе отырып, мектеп оқушыларына балмен қоса бір стақан сүт беру шаралары да қолға алынды. Облыстағы кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында омарташы мамандықтары ашылды. Шығыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты ішінен омарта шаруашылығы бөлімін аштық. 2010 жылы осында өткен І халықаралық фестивальға 4 ел қатысса, өткен жылы - 8, биыл 16 елді қамтып отыр. Бүгінгі ІІІ халықаралық бал фестивалін тектен-текке өткізіп отырған жоқпыз, облыстың, еліміздің ара өсірушілері омарта шаруашылығы саласындағы әлемдік бай тәжірибеге, зерттеулерге сүйене отырып, аймақта, Қазақстанда мүмкіндік бола тұра, кенже қалған қажетті шаруашылықтың алға басып, дамуына септігін тигізіп, жағдай жасайды деген ойдамын. Омарта шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізіп, оның өркендеуіне серпін беретініне сенім артамын, - деп фестивальға қатысушылардың жұмыстарына сәттілік пен жетістік тіледі.
Франциядағы «Апимондия» ара өсірушілер қауымдастығы халықаралық федерациясының президенті Жиль Ратия құрылғанына 120 жыл болған федерация бүкіл әлемдегі омарта шаруашылығының проблемаларын зерттеп, жетістіктерін бағалау бағытында әр елдің ара өсірушілер қауымдастықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқандығын жеткізіп, омарта шаруашылығында орын алып отырған аралардың гендік модификацияланған өсімдіктерден нәр жинауы, олардың кездейсоқ ауруларға ұшырап жатуының жиілеп кетуі, ара балы сапасының төмендеп бара жатуы, ара тұқымдарының азаюы себептері жайында қадау-қадау мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолында бірлесе қимылдаудың маңыздылығына тоқталды. Федерацияда жеті ғылыми-сараптамалық комиссия әлемдік, өңірлік деңгейдегі проблемаларды қаузап, көтеретін 10 арнайы жұмыс тобы бар көрінеді. Халықаралық федерацияның конгресі келер жылы Украинада өтпек. Қазақстан омарташыларының да бұл жиында ортаға салуға әзірлеп отырған ұсыныс, жобалары бар.
Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан осы «Апимондия» ара өсірушілер қауымдастығы халықаралық федерациясының құрамына енген болатын. Бұл біздің ел үшін тағы бір ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуға жол ашып, омарташылықты өркендетуге ықпал ететін игі қадам болды. Федерацияға енуіміз проблемаларды шешуге ғана емес, балды шетелге экспорттауға да үлкен жол ашпақ. Әлемдік нарықтағы бұл өнімді шығаруға қойылып отырған талаптарды біліп, бағдарлауға септігі болмақ.
- Қазақстанда омарта шаруашылығын дамытуда, бал өнімдерін молайтуда Шығыс Қазақстанның үлесі ғана емес, атқарып отырған шаруасы да көп. Шығыс Қазақстаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы, енді Астана қалалары да мектеп оқушыларына бал беруді қолға алып жатыр. Облыстағы тірек ауылдарында омарта шаруашылықтарын құру да құптарлық шара. Бұл саланы өркендету жұмыссыздықты жою, ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуын қысқарту, кедейшілікпен күрес, тұрғындар денсаулығын сақтау сияқты бірнеше мәселені шешу деген сөз, - деді жиында еліміздегі омарта шаруашылығы саласының дамуына талдау жасап, болашағын бағамдаған Қазақстандағы «Бал Ара» омарташылардың ұлттық қауымдастығы президентінің орынбасары Ғабит Нұраділ.
Украина елінің омарта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бөлім бастығы В.Гайдар, Түркиядағы омарта шаруашылығы институтының директоры Ф.Конак,Ресей омарташылар одағының президенті А. Манафов, тағы да басқалар ара тұқымын көбейту, омарта шаруашылығы саласына инновациялық технологияларды енгізу, ара ауруларымен күрес, өзге де тақырыптарда баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын соңында фестивальға қатысушылар мемлекет басшыларына, бүкіләлемдік қауымдастықтағы омарташыларға арнап бал арасының тұқымдарын сақтауға, араның азығын қамтамасыз ететін өсімдік, ,гүлдерді еге отырып, олардың сапалы өнім беруін қамтамасыз етуге, омарташы мамандарын даярлап, шаруашылықты дамытуға, кедейшілікпен күрестің басты буыны ретінде омарта шаруашылығын қолдауға шақырған үндеу қабылдады.
Одан соң Қазақстандағы « Бал Ара» омарташылардың ұлттық қауымдастығы, «Апимондия» ара өсірушілер қауымдастығы халықаралық федерациясы және облыс әкімдігі өзара серіктестік жөніндегі меморандумдарға қол қойды.
ІІІ халықарылық бал фестивалі бүгін Өскемендегі Республика алаңында бал жәрмеңкесімен жалғаспақ.
Өз тілшіміз
"Абай-ақпарат"