Сенбі, 23 Қараша 2024
2184 4 пікір 12 Тамыз, 2022 сағат 14:02

Бақытжан Сағынтаев қызметке тағайындалды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының (ФБА ЕАК) кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Үшарал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.

1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.

1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары.

2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.

2007 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі.

2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.

2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2013-2016); ҚР Премьер-Министрі (2016-2019); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (2019-24.03.2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы (03.2019-06.2019).

2019-2022 жылдары Алматы қаласының әкімі.

Айта кетейік, осы жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435