Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
2144 0 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 11:59

Қазақстан Украинаға медициналық көмек жіберді

Қазақстан Украинаға 3 жедел жәрдем көлігін және 20 тонна дәрі-дәрмек жөнелтті. Медициналық көмек қазір соғыс қимылдары жүріп жатқан елдің шығысы мен оңтүстігіндегі азаматтарға жеткізілмек. Бұл туралы Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.  

"Қазақ халқы мен біздің халқымыздың тарихы ұқсас",-дейді Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Петр Врублевскийдің жұбайы Оксана Врублевская.

– Қазақтар да ресейліктердің империялық үстемдігін басынан өткізген халық. Иә, қазіргі Орынбор қазақ қаласы болған. Сонымен қатар, 1930 жылдары қазақтар да украиндар сияқты ашаршылық қасіретін басынан өткерді. Сол кезде халықтың тең жартысы – бір жарым миллионнан астам адам опат болды. Олар да Украинадағыдай ауылдық жердің тұрғындары еді. Сондықтан олар біздің қайғы-қасіретіміз мен күресімізді түсінеді.

Қазақстандық бизнеспен ынтымақтастықтықтың нәтижесінде украиналық дәрігерлерге жедел жәрдем көліктері жеткізілді. Біз украиндардың өмірін құтқаруда бірге іс-қимыл жасай алатынымыз үшін серіктестерімізге үлкен алғыс айтамыз",- деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Украина министрлігі Қазақстаннан келген көмек бірінші ханым Елена Зеленскаяның және Қазақстандағы Украина Елшілігінің қазақстандық бизнеспен кооперациясының арқасында мүмкін болғанын айтады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 491
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1814
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 462
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 434