Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
2272 0 пікір 15 Тамыз, 2022 сағат 14:05

Қазақ-қырғыз шекарасында тағы кезек

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кең-Булуң автожол" өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі көбейді. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі 50-ге жақын көлік тұрғанын хабарлады.

Жүк көліктерінің тоқтап тұруының басты себебі, туристік маусымға байланысты жолаушылардың және маусымдық азық-түлік тасушылардың көбеюі дейді аталған мекеме таратқан мәліметте.

Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы өзге өткізу бекеттерінде кезек жоқтығын, жағдай тұрақты екенін жеткізді.

Қырғыз-қазақ шекарасында "Ақ жол", "Кең-Булуң" және "Токмок" өткізу бекеттері бар. Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін де бірнеше рет тіркеліп, тек үкіметаралық келіссөздерден кейін азайған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 484
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1772
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 449
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 425