Сенбі, 23 Қараша 2024
1539 1 пікір 16 Тамыз, 2022 сағат 13:19

Тәліптер Ресейден мұнай сатып алуды көздеп отыр

Ауғанстан үкіметін басқарып отырған "Талибан" террористік ұйымы Ресейден бір миллион баррель мұнай сатып алғысы келеді. Бұл туралы тәліптер үкіметінің сауда және өндіріс министрі Нуриддин Азизи РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында айтқан.

Азизи "Талибан" мұнайды қандай да бір ауған өнімдерімен алмастыруды қарастырып жатқанын айтады.

Маусым айында Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Ауғанстанның сауда-өндіріс палатасының төрағасы Ресейден бес мың тонна мұнай мен екі миллион тонна бидай сатып алғысы келетінін жеткізген еді.

Ал, былтыр қазан айында Ресей президенті Владимир Путин "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастау бағытында жұмыс істейтінін жариялады. Мемлекеттік БАҚ-тарға "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп жазуды алып тастау талап етілді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490